Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w26 ақпан 2—7 бет.
  • Туыстарыңызбен араңыз ажырамасын

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Туыстарыңызбен араңыз ажырамасын
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЖАНАШЫР БОЛЫҢЫЗ
  • ТУЫСТАРЫМЫЗ БІЗ ЖАЙЛЫ ТЕРІС ОЙДА БОЛСА НЕ ІСТЕУІМІЗ КЕРЕК?
  • КҮДЕР ҮЗБЕҢІЗ
  • ЖАҚСЫ КӨРЕТІНІҢІЗДІ ІСПЕН КӨРСЕТІҢІЗ
  • КҮТУДЕН ТАЛМАҢЫЗ
  • Шешімдеріңізден Ехобаға арқа сүйейтініңіз көрінсін
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
  • Киелі кітаптағы негізгі шындықтар қашанда пайдалы
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Беймәлім жайттарға келгенде, қарапайым болайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Туысқандарға қалай куәлік беру керек?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2004
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
w26 ақпан 2—7 бет.

6—12 СӘУІР, 2026

82-ӘН “Сендердегі жарық жарқырап тұрсын”

Туыстарыңызбен араңыз ажырамасын

“Жақсылық жасаудан еш талмайық” (ҒАЛ. 6:9).

НЕГІЗГІ ОЙ

Туған-туыстарымызбен арамыз жақсы болу үшін барымызды салуымыз керек, сонда олар біз жайлы ойларын өзгертуі мүмкін.

1, 2. Куәгер емес туыстарымызбен арамыз не себепті бұзылуы мүмкін?

БІРДЕ бір кісі Исаның соңынан еріп, оның шәкірті болғысы келеді. Бірақ Иса оған рұқсат етпей: “Үйіңе барып, туған-туысқандарыңа Ехобаның өзіңе не істегенін... айтып бер”,— дейді (Мар. 5:19). Иса неге олай деді? Өйткені ол адам болмысын жақсы түсінген. Адам бір жақсы хабар естісе, оны туған-туысына айтуға асық тұрады.

2 Сіз де ізгі хабарды алғаш естігенде, қуанышыңыз қойныңызға сыймай, бірден туыстарыңызға айтқан шығарсыз. Бірақ олар сіздің Киелі кітапты зерттеп жатқаныңызды мүлдем жақтырмаған шығар немесе ізгі хабарды жақсы ниетпен айтсаңыз да, артық сөйлеп, өзіңіз оларды ренжітіп алған шығарсыз. Олай болса, Ехобамен де, туыстармен де арамыз жақсы болу үшін не істей алатынымызды қарастырайық.

3. Бұл мақалада қандай сұрақтарды қарастырамыз?

3 Бұл мақалада келесі төрт сұрақты қарастырамыз: 1) Туыстарымыз ізгі хабарға құлақ аспаса да, неге оларға жанашырлық танытып, көмектесе беруіміз керек? 2) Туысқандарымыз біз жайлы теріс ойда болса, не істеуіміз керек? 3) Неге олардан күдер үзбеуіміз керек? 4) Туған-туысқандарымызды жақсы көретінімізді қалай көрсетсек болады?

ЖАНАШЫР БОЛЫҢЫЗ

4. Иса хабарына құлақ аспаған адамдарға қалай қараған?

4 Иса кезінде хабарына құлақ аспаған адамдардан күдер үзбеген. Ол бірде мысал келтіріп, өзін жүзімшіге теңеген. Жүзімші үш жыл бойы жеміс бермеген інжір ағашын тағы бір жылға қалдырып, оны күтіп-баптайды (Лұқа 13:6—9). Осы мысалды айтқанда, Исаның да яһудилерге уағыздап жүргеніне үш жылдан асқан еді. Иса оларға неге уағыздай берген? Өйткені адамдарға жаны ашыған.

5. Неге Исаның яһудилерге жаны ашыған?

5 Яһудилерге неге Исаның жаны ашыған? Өйткені дінбасылар оларға Ехоба жайлы тәлім бермеген. Сондықтан олар “бағушысы жоқ қойлардай” болған (Мар. 6:34). Өмірінің соңына таман Иса Иерусалимге келгенде, қалаға қарап, жылап жіберген. Себебі Құдайға сенбегендерінің кесірінен қаланың көп тұрғыны өлім құшпақ еді (Лұқа 19:41—44). Біз де туыстарымыздың қандай мүшкіл күйде екенін ойласақ, оларға жанымыз ашып, көмектесуге асық боламыз.

6. Неге туыстарымыздан күдер үзбеуіміз керек? (Ғалаттықтарға 6:9)

6 Ғалаттықтарға 6:9 оқыңыз. Туыстарымыз әлі де Ехоба жайлы білгісі келмесе, бұлардан түк шықпайды деп қолымызды бір сілтемейік. Қайта, туыс-туғанға “жақсылық жасаудан еш талмайық”. Өйткені адам қанына сіңіп кеткен наным-сенімдерінен бір күнде бас тартып, Ехобаға сеніп кетпейді. Өзіңіз де кезінде “осы дүниеде еш үмітсіз, Құдайды білмей” жүрдіңіз ғой (Ефес. 2:12). Сол кезде біреу сізден күдер үзбей, талмай көмектесті емес пе?! Олай болса, сіз де туған-туыстарыңызға көмектесе беруден еш талмаңыз.

ТУЫСТАРЫМЫЗ БІЗ ЖАЙЛЫ ТЕРІС ОЙДА БОЛСА НЕ ІСТЕУІМІЗ КЕРЕК?

7. Інілерінің Исаға сенбеуінің себебі неде болуы мүмкін?

7 Исаның інілері оның Ғалилеяда жасаған кереметтері жайлы естіп-білсе керек (Лұқа 4:14, 22—24). Бірақ сол кезде олар Исаның Мәсіх екеніне сене қойған жоқ (Жох. 7:5). Киелі кітапта інілері Исаға не үшін сенбегені нақты айтылмаған. Бәлкім, басқа яһудилер сияқты олар да елден қорыққан шығар (Жох. 9:18—22). Я болмаса Исамен бірге өскендіктен оның Құдай Ұлы екеніне сене алмаған болар (Мар. 6:1—4). Сіздің де жағдайыңыз Исанікіне ұқсай ма?

8. Туыстарымыз бізге неге дөрекілік танытуы мүмкін?

8 Туыстарыңыздың теріс сөздері мен әрекеттеріне не себеп екенін ойлап көріңіз. Бірде туыстары Иса туралы: “Ол ақылынан адасыпты”,— дейді. Олардың арасында Исаның інілері де болған сияқты (Мар. 3:21). Неге олар осындай ауыр сөздер айтқан? Мәнмәтіннен көретініміздей, Иса адамдарды сауықтырамын деп, оларға тәлім беремін деп тамақ ішуге де мұршасы болмай қалады (Мар. 3:20). Соны көрген інілері “бұның бар есіл-дерті — уағыздау” деп ойлаған шығар. Бәлкім біздің туысқандарымыз да біз туралы “дінге басымен кіріп кеткен” дейтін шығар. Бірақ біздің фанатик емес екеніміз сөзімізден де, ісімізден де көрініп тұруы керек.

9. Туыстарымыздың бізге қатысты ойы өзгеру үшін не істей аламыз? (Петірдің 1-хаты 3:1, 2) (Суреттерді де қараңыз.)

9 Іс-әрекеттеріңізден есті екеніңіз көрінсін. Туысқандарымыз біздің қалай сөйлейтінімізге, қалай әрекет ететінімізге қарап, Куәгерлер жайлы ойларын өзгертуі мүмкін (Петірдің 1-хаты 3:1, 2 оқыңыз). Мысалы, әйел бауырласымыздың күйеуі Куәгер емес делік. Әйелі қауымға, қызметке кеткен кезде ол өзін жалғыз сезініп, ренжуі мүмкін. Сондықтан күйеуіне көбірек көңіл бөлу үшін әйел бауырлас рухани кестесін өзгертсе болады. Бұл үшін ол қызметке күйеуі үйде жоқ кезде шығатын шығар. Сонда күйеуі әйелінің есті екенін көріп, Ехоба куәгерлері жайлы ойын өзгертуі мүмкін.

Коллаж: 1. Әйел бауырлас жұмысқа кетіп бара жатқан Куәгер емес күйеуіне түскі асы мен кофесін беріп жатыр. 2. Күйеуі жұмысқа кеткен соң ол бір әйел бауырласпен қызметке шығып, әйел кісіге уағыздап тұр.

Куәгер емес жұбайыңыз сөзіңіз бен ісіңізге қарап Куәгерлер жайлы ойын өзгертуі мүмкін (9-абзацты қараңыз)f


10. Исаға қалай еліктей аласыз?

10 Әрбір теріс сөзге мән бермеңіз. Кезінде адамдар Исаға “ол — маскүнем, мешкей” деп жала жапқан. Бірақ Иса шыр-пыр болып өзін ақтап жатпады, оларға ашуланған да жоқ. Ол жұртты алыпқашпа сөздерге емес, адамның істеріне назар аударуға шақырды (Мат. 11:19). Өзі де өмір салтымен есті екенін көрсетіп жүрді (Жох. 2:2, 6—10). Иса сияқты сіз де адамдардың айтқан әрбір теріс сөзіне мән бере бермеңіз. Қайта, өмір салтыңызбен есті екеніңізді көрсете беріңіз. Сонда туыстарыңыз біз жайлы естігендері өтірік екенін түсінуі мүмкін.

КҮДЕР ҮЗБЕҢІЗ

11. Исаның інілерімен қарым-қатынасы қандай болған?

11 Иса ешқашан інілерінен күдер үзбеген. Мысалы, Қана қаласындағы алғашқы кереметіне куә болса да інілері оған сенбеген еді (Жох. 2:11, 12). Бірақ Иса бауырларымен арасын суытпады. Қанадағы сол оқиғадан үш жылдай өткеннен кейін де Исаның інілерімен қарым-қатынасы жақсы болған (Жох. 7:5—8).

12. Туыстарымыздан неге күдер үзбеуіміз керек?

12 Біз Ехобаның мейірімі мол екенін білеміз. Сондықтан туыстарымыздан күдер үзбеуге себеп бар. Жалған діндер жойылғанда олар айтқанымыз дәл келгенін өз көздерімен көредіa (Аян 17:16). Сол кезде олар таза ғибадаттың жағына шығуы әбден мүмкін. Ал қазірдің өзінде жақындарымызға жақсылық жасап, қиын шақта көмектесіп жүрсек, олар Киелі кітаптағы хабарға құлақ асып қалуы мүмкін.

ЖАҚСЫ КӨРЕТІНІҢІЗДІ ІСПЕН КӨРСЕТІҢІЗ

13. Рухани істерден қолымыз босамаса да нені ұмытпауымыз керек?

13 Біз ғибадатымызбен байланысты істерге көп уақыт бөлетініміз рас. Бірақ бұл туысқандарды ұмыту керек деген сөз емес (Мат. 7:12). Біз олармен араласып, көңіл бөлуіміз керек. Қазір осыған қатысты бірнеше кеңеске тоқталайық.

14, 15. Туыстарымызды жақсы көретінімізді көрсетудің бір жолы қандай? Мысал келтіріңіз.

14 Туыстарыңызбен араласып тұрыңыз. Жақын-жуықпен араласып, қал-жағдай білісіп тұрсаңыз, оларды жақсы көретініңізді көрсетесіз. Мысалы, оларға хабарласып тұрыңыз, демалыста не достарыңызбен түскен суреттеріңізді жіберіп қойыңыз. Кішігірім сыйлық жасап, бір-екі ауыз жылы сөз жазып жіберіңіз. Осының өзі туыс-туғандармен араңызды әжептәуір жақсартады. Туыстарыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартуға өзіңіз бірінші болып қадам жасасаңыз, оларды ұмытпағаныңызды көрсетесіз.

15 Арменияда тұратын Анна бауырластың не істейтінін көрейік. Оның туыстары мейрамдарда, туған күндерде бас қосқанды жақсы көреді екен. Содан Анна Куәгер болған кезде олар “бұл бізбен араласпай кететін болды” деп қорқыпты. “Енді бұл қыздың өмірі не болады” деп уайымдаған да екен. Олардың уайымын сейілту үшін Анна не істейді? Ол былай дейді: “Туысқандарыма қонаққа барғанда оларға өмірімде не болып жатқанын, не істеп жүргенімді айтып беремін. Өзім де оларды қонаққа шақырып, достарыммен таныстырамын. Туыстарымның көбісі достарымды жақсы таниды. Туысқандарымның біразы маған аман-есен күліп-ойнап жүр екенсің, енді сені уайымдамайтын болдық деді”.

16. Иса інісін ұмытпағанын қалай көрсеткен? (Сілтемені де қараңыз.)

16 Жақындарыңыздың жанынан табылыңыз. Қайта тірілгеннен кейін Иса інісі Жақыпты ұмытпай, оған да көрінген (Қор. 1-х. 15:7). Сонда Жақып ағасы одан күдер үзбегеніне қатты қуанған шығар. Осы жағдайдан кейін Исаның Мәсіх екеніне Жақыптың көзі жетсе керек. Кейін ол Исамен сөйлескенін басқа туыстарына айтып берген болар. Бәлкім, оларға Исаның Мәсіх екенін түсінуге себепкер болған да Жақып шығарb (Ел. іс. 1:14).

17. Римдіктерге 12:15-тегі сөздерге сай әрекет ету үшін не істей аласыз? (Суретті де қараңыз.)

17 Римдіктерге 12:15 оқыңыз. Қуанышта да, қайғыда да туыстарыңыздың қасынан табылсаңыз, олардың сіз туралы ойы өзгеруі мүмкінc. Мысалы, біреу балалы болып жатса, қуаныштарына ортақ болып, құттықтап, сыйлық жасасаңыз болады. Ал егер жақыны өмірден өтсе, көңіл айтып, жұбатып, демеу болыңыз. Сондай-ақ туысқандарыңыздың басына күн туса, жиі хабар алысып, арнайы барып тұруды да ұмытпаңыз.

Алдыңғы суреттердегі әйел бауырлас Куәгер емес күйеуімен және енесімен суретке түсіп жатыр. Енесі мүгедектер арбасында отыр.

Қиын шақта туыстарыңыздың жанынан табылсаңыз, олар сіздің сеніміңізді құрметтей бастауы мүмкін (17-абзацты қараңыз)g


Үйлену тойына не жерлеу рәсіміне бару-бармауды шешкенде...

Әдетте туысқандар біреу үйленгенде не біреу қайтыс болғанда жиналып, бас қосып жатады. Сондай жиындарға бару-бармауды шешкенде келесі принциптер көмек болады:

  • Ол жерде діни әдет-ғұрыптар не Ехобаға ұнамайтын салт-дәстүрлер жасала ма? (Қор. 2-х. 6:14, 15).

  • Егер сол жиындарға барсаңыз және сізді Ехобаға ұнамайтын бір нәрсе істеуге қыштаса, қысымға қарсы тұра аласыз ба? (Нақ. с. 22:3).

  • Діни әдет-ғұрыптарды ұстанбайтыныңызды туыстарыңыз біле ме?

  • Діни ғимаратта өтетін үйлену тойына не жерлеу рәсіміне барсаңыз, бұл шешіміңіз бауырластарға қалай әсер етеді деп ойлайсыз? (Філіп. 1:10).

Қандай шешім қабылдасаңыз да, оның себебін туыстарыңызға құрметпен айтып түсіндіріңіз. Ал ең бастысы, Ехобаның алдында ар-ұжданыңыз таза болып қалсынe.

18. Әндірге қалай еліктей аласыз?

18 Туыстарыңызды бауырластармен таныстырыңыз. Кезінде Әндір Исаның Мәсіх екенін білгенде оны дереу бауыры Петірмен таныстырған (Жох. 1:40—42). Сол сияқты сіз де туыстарыңызды бауырластармен таныстырсаңыз болады. Мысалы, оларды достарыңызбен бірге қыдыруға, тамақ ішуге шақырыңыз. Сонда туысқандарыңыз “бұлар да өзіміз сияқты адамдар екен ғой” деуі әбден мүмкін.

19. Петірдің 1-хаты 3:15-ке сай қалай әрекет етсеңіз болады?

19 Петірдің 1-хаты 3:15 оқыңыз. Туыстарыңыз сіздің кей жиындарға не үшін бармайтыныңызды толық түсінбейтін шығар. Бірақ себебін жұмсақтықпен әрі құрметпен айтып түсіндірсеңіз, бұл байқаусыз қалмайды. Рас, сіз олармен мейрамдарда, кейбір отбасылық жиындарда бас қоса алмайсыз. Бірақ басқа кездері қонаққа барып, сыйлық жасап тұрсаңыз, туыстарыңыз мұны да байқап, қуанып қалары анық.

КҮТУДЕН ТАЛМАҢЫЗ

20. Жақыптың оқиғасы бізге қандай жігер береді?

20 Иса жерде болған кезде інісі Жақып оның соңынан ермеді. Бірақ түбінде ол Исаның шәкірті болды. Бастапқыда шәкірті болмаса да, Жақып Исаның айтқан тәлімдерін көңіліне түйіп жүрген көрінеді (Ғал. 1:18, 19; 2:9). Өйткені өзінің хатында ол Исаның таудағы уағызында айтқан ойларына ұқсас ойларды жазғанd.

21. Неге туыстарымыздан күдер үзбеуіміз керек?

21 Бірақ қанша жерден туысқан-туғандарымызға жақсы қарап, жақсы сөйлесек те, олар өзгермеуі мүмкін. Сонда да біз ешқашан үмітімізді үзбеуіміз керек. Өйткені мейірімі мол Әкеміз Ехоба да, оның Ұлы Иса да адамдардан күдер үзбейді (Лұқа 6:33, 36). Кім біледі, бір күні туысқандарымыз ойларын өзгертіп қалар. Бізге байқалмайтын шығар, бірақ біз айтқан Киелі кітаптың шындықтары оларға әсер етіп жатқан болуы мүмкін. Егер туыстарымыздан күдер үзбесек, күндердің күнінде олар қатарымызға қосылып, бізбен бірге Ехобаға ғибадат етуі әбден мүмкін. Сол кезде қуаныштан жүрегіміз жарылып кететін шығар!

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢІЗ?

  • Неліктен туыстарымызға жанашырлық танытуымыз керек?

  • Неге туыстарымыздан күдер үзбеуіміз керек?

  • Туысқандарымызды жақсы көретінімізді қалай көрсете аламыз?

60-ӘН Аман қалсын бәрі

a “Ехоба зор алапатта адамдарды қалай соттайды?” деген мақаланы қараңыз (“Күзет мұнарасы”, 2024 жыл, мамыр, 11-б., 11—13 абз.).

b Иса қайта тірілгеннен кейін оның кем дегенде екі інісі, яғни Жақып пен Яһуда оның шәкірті болған.

c “Үйлену тойына не жерлеу рәсіміне бару-бармауды шешкенде...” деген қоршауды қараңыз.

d Жақып 1:2 мен Матай 5:11, 12-ні, Жақып 1:19 бен Матай 5:22-ні, Жақып 1:22; 2:24 пен Матай 7:21-ді, Жақып 2:13 пен Матай 5:7; 6:14, 15-ті салыстырып көріңіз.

e Осыған қатысты қосымша мәліметтерді “Оқырман сауалдарынан” қараңыз (“Күзет мұнарасы”, 2002 жыл, 15 мамыр (ор.), “Күзет мұнарасы”, 2010 жыл, 15 қараша).

f СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Әйел бауырлас қызметке шықпас бұрын күйеуіне тамағын дайындап беріп жатыр.

g СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Ол Куәгер емес енесіне барып, оған көңіл бөліп жатыр.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу