Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp22 № 1 6—7 бет.
  • 1 | Ешкімді бөліп-жармаңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 1 | Ешкімді бөліп-жармаңыз
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітаптың айтары:
  • Бұл сөздің мәні:
  • Сізге тиер көмегі:
  • 3 | Ой-санаңыздан алып тастаңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жеккөрушіліктің шеңберінен қалай шығуға болады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
  • Ехоба Құдай “ешкімді алаламайды”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
wp22 № 1 6—7 бет.
Қара нәсілді ер адам күлімсіреген ақ нәсілді адамның суретін ұстап тұр. Ал ақ нәсілді ер адам күлімсіреген қара нәсілді адамның суретін ұстап тұр. Артқы жақта ашуға булыққан адамдардың суреттері.

ЖЕККӨРУШІЛІКТІҢ ШЕҢБЕРІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?

1 | Ешкімді бөліп-жармаңыз

Киелі кітаптың айтары:

“Құдай ешкімді алаламайтынын енді шынымен біліп алдым. Ол өзінен қорқатын және әділ әрекет ететін әрбір адамды, қай ұлттан шықса да, қабыл алады” (ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 10:34, 35).

Бұл сөздің мәні:

Ехобаa Құдай бізді ұлтымызға, нәсілімізге я мәдениетімізге қарап бөліп-жармайды. Ол біздің жан-дүниемізге қарайды. Ол үшін осы маңызды. Құдай Сөзі мұны растайды: “Пенде адамның сырт келбетіне қарайды, ал Ехоба жүрегіне қарайды” (Самуилдің 1-жазбасы 16:7).

Сізге тиер көмегі:

Біз адамның жүрегін көре алмаймыз, бірақ Құдай сияқты басқаларды бөліп-жармауды үйрене аламыз. Ол үшін ұлтына, нәсіліне қарап, бәріне бірдей топырақ шашпаңыз. Қайта, әр адамды жеке дара деп көріңіз. Біреуге деген жаман сезім кетпей жатса, Құдайға дұға қылып, сол сезімнен арылуға көмек сұраңыз (Зәбүр 139:23, 24). Егер шын жүректен тілесеңіз, ол дұғаңызды қабыл алып, сізге бәрін тең көруге көмектеседі (Петірдің 1-хаты 3:12).

a Ехоба деген — Құдай Тағаланың төл есімі (Зәбүр 83:18).

“Мен ақ нәсілді адаммен... бейбіт сөйлесе алмайтынмын. Ал қазір мен нағыз халықаралық бауырластықтың мүшесімін”(ТАЙТУС).

Өмірден алынған​—ТАЙТУС

Жеккөрушілікті жеңді

Тайтус.

Тайтустың нәсілдікке қатысты шығарылған әділетсіз заңдарға ызасы келетін. Сөйтіп, ол өзі сияқты бұзақыларға қосылады. Сол кезді есіне алып, ол былай дейді: “Қара нәсілділерді жақтырмайтын жерлерге, қонақ үйлер мен мейрамханаларға, әдейі төбелес шығару үшін баратынбыз”. Оған мұндай әрекетке баруға бойын кернеп тұрған жеккөрушілік түрткі салған екен. Ол сөзін жалғап: “Егер біреумен сөзге келіп қалсам, еркек не әйел демей, тұра төбелесіп кететінмін”,— дейді.

Тайтус Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттегенде, жақсы жаққа өзгере бастайды. Құдай Сөзі оған терең әсер қалдырып, ойландырып тастайды. Әсіресе болашақта “енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” деген уәде оның көңіл қылын шертеді (Аян 21:3, 4).

Тайтус басында жеккөрушілік сезімінен құтыла алмай қиналады. “Ой қалпым мен жүріс-тұрысымды өзгерту маған оңай болған жоқ”,— дейді ол. Бірақ Елшілердің істері 10:34, 35-тен Құдайдың ешкімді алаламайтынын білгенде, оның ойы кәдімгідей өзгере бастайды.

Ол былай дейді: “Ехоба куәгерлерінің нәсілге қарамай, бір-біріне сүйіспеншілік танытатынын көргенде, бұл шынайы дін екеніне көзім жетті. Шомылдыру рәсімінен өтпес бұрын, қауымдағы бір ақ нәсілді Куәгер мені үйіне асқа шақырды. Мен бұған қатты таңғалдым, өйткені ақ нәсілді адаммен дастарқандас болмақ түгілі, бейбіт сөйлесе де алмайтынмын. Ал қазір мен нағыз халықаралық бауырластықтың мүшесімін”.

Тайтустың толық өмірбаяны jw.org сайтында бар (“Күзет мұнарасы” журналы, 1 қазан, 2009 жыл, 21-бет).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу