Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp22 № 1 10—11 бет.
  • 3 | Ой-санаңыздан алып тастаңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 3 | Ой-санаңыздан алып тастаңыз
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітаптың айтары:
  • Бұл сөздің мәні:
  • Сізге тиер көмегі:
  • Степан “Құдайдың ықыласы мен күшіне ие болған”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
  • Степанның таспен ұрып өлтірілуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Жеккөрушіліктің шеңберінен қалай шығуға болады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
  • Жеккөрушілікті жеңе аламыз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
wp22 № 1 10—11 бет.
Бір ер адам өзге нәсілдің адамымен қол алысып жатқанын елестетіп тұр. Олардың көлеңкесінде екеуі де транспарант ұстап, бір-бірімен ұрсып тұрғаны бейнеленген.

ЖЕККӨРУШІЛІКТІҢ ШЕҢБЕРІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?

3 | Ой-санаңыздан алып тастаңыз

Киелі кітаптың айтары:

“Ой-саналарыңды жаңартып, түбегейлі өзгеріңдер. Сонда Құдайдың ізгі де ұнамды әрі кемелді еркіне не жататынына көз жеткізе аласыңдар” (РИМДІКТЕРГЕ 12:2).

Бұл сөздің мәні:

Біздің не ойлап, не қоятынымыз Құдайдың назарынан тыс қалмайды (Еремия 17:10). Әлбетте, біреуді жек көргеннен айтатын сөздерден және істерден қашық болу керек, бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі жеккөрушіліктің тамыры ойымыз бен жүрегімізде жатыр, бәрі сол жерден басталады. Сондықтан оның басы қылтиып шыққан кезде-ақ жұлып тастауымыз қажет. Сонда ғана біз “түбегейлі өзгеріп”, жеккөрушіліктің шеңберінен шыға аламыз.

Сізге тиер көмегі:

Өзгелерге, әсіресе нәсілі, ұлты басқа адамдарға қалай қарайтыныңызды ойланып көріңіз. Жүрегіңіздің түкпірінде не жатқанын анықтау үшін өзіңізге келесі сұрақтарды қойсаңыз болады: “Олар туралы қандай ойдамын? Олардың сыртынан тон пішемін бе, әлде өзім жеке көріп-білгендіктен солай ойлаймын ба?” Интернеттен, әлеуметтік желілерден жеккөрушілікті оятатын, зорлық-зомбылыққа итермелейтін мәліметтерді қарамаңыз. Сондай фильмдерді де көрмеңіз.

Құдай Сөзінің көмегімен ойымыз бен жүрегімізден жеккөрушілікті алып тастай аламыз

Ой-сезімдерімізге әділ баға беру кейде оңай емес, бірақ Құдай Сөзі “жүректегі ой-ниетті аян етеді” (Еврейлерге 4:12). Сол себептен Киелі кітапты оқып біле беріңіз. Сіздің ойларыңыз, көзқарасыңыз онда жазылғандармен сәйкес келе ме, жоқ па — салыстырып көріңіз. Егер сай болмай жатса, оларды өзгертуге тырысыңыз. Өйткені Құдай Сөзінің ойымыз бен жүрегімізге терең енген жеккөрушілік сезімін жеңуге құдіреті жетеді (Қорынттықтарға 2-хат 10:4, 5).

Өмірден алынған​—СТИВЕН

Көзқарасын түзеткен

Стивен.

Стивен мен үй ішіндегілері бұрын ақ нәсілді адамдар тарапынан өшпенділік сезінген. Сондықтан ол қара нәсілділердің құқығын күш көрсетіп қорғайтын бір саяси топқа қосылады. Содан қатыгез істер жасай бастайды. Стивен былай дейді: “Бір жолы достарыммен бұрынғы кезде Құрама Штаттарда африкалық құлдарды қалай қанағаны туралы фильм көрдім. Ондағы әділетсіздіктерге қанымыз қайнағаны сонша, сол кинотеатрда отырған ақ нәсілді жастарға жабылып, жұдырықтың астына алдық. Сосын одан да көп адамды ұрып-соғу үшін ақтар тұратын аудандарға бардық”.

Киелі кітапты оқып-зерттей бастағанда, Стивеннің ойы түпкілікті өзгереді. Ол сол кезді есіне алып, былай дейді: “Нәсілге бөлу бойыма әбден сіңіп кеткендіктен, Ехоба куәгерлерінің бір-біріне қалай қарағаны мені қайран қалдырды. Мәселен, бір жолы ақ нәсілді Куәгер шетелге уақытша кетіп бара жатқанда, балаларын қара нәсілді отбасына қалдырып кетті. Ал басқа бір жолы ақ нәсілді отбасы баспанасыз қалған қара нәсілді жас баланы үйлеріне кіргізді”. Сонда Стивеннің Ехоба куәгерлері бір-бірін туған бауырдай жақсы көріп, Иса пайғамбардың өсиетін орындайтынына көзі жетеді (Жохан 13:35).

Стивенге қызба мінезін түзеуге не көмектесті? Римдіктерге 12:2-де жазылған сөздер. “Киелі кітапты тереңірек оқып-білген соң, мен ой-пікірімді түзетуім керектігін ұқтым. Өзгелермен тату болып қана қоймай, ой-санамды өзгертіп, мұны ең дұрыс өмір салты деп қабылдауым қажет еді”,— дейді ол. Стивеннің жеккөрушілік пен кекшілдік сезімінен арылғанына, міне, 40 жыл болды.

Стивеннің толық өмірбаяны jw.org сайтында бар (“Күзет мұнарасы” журналы, 1 шілде, 2015 жыл, 10, 11-бет).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу