Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp22 № 1 8—9 бет.
  • 2 | Кек алуды ойламаңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 2 | Кек алуды ойламаңыз
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітаптың айтары:
  • Бұл сөздің мәні:
  • Сізге тиер көмегі:
  • Сізді ренжіткенде, кек алған дұрыс па?
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мен әбден қатуланып кеткен едім
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Жеккөрушілікті жеңе аламыз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
  • Жеккөрушіліктің шеңберінен қалай шығуға болады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2022
wp22 № 1 8—9 бет.
Ағаштың екі бұтасында отырған екі ер адам бір-біріне ызалы: екеуі де өздері отырған бұтаны арамен кесіп жатыр.

ЖЕККӨРУШІЛІКТІҢ ШЕҢБЕРІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?

2 | Кек алуды ойламаңыз

Киелі кітаптың айтары:

“Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар... Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар... Өздерің үшін кек алмаңдар... Өйткені былай деп жазылған ғой: “Кек алу — менің ісім, есесін мен қайтарамын,— дейді Ехоба” (РИМДІКТЕРГЕ 12:17—19).

Бұл сөздің мәні:

Біреу бізге қиянат жасаса, бойымызды ашу-ыза кернейді. Мұндай сезім адам баласына тән. Бірақ Құдай Тағала біреуден кек алғанымызды құп көрмейді. Ол “сабыр сақта, бәрін менің еншіме тапсыр” деп отыр. Құдай жақында қиянат пен әділетсіздік дегенді атымен жояды (Зәбүр 37:7, 10).

Сізге тиер көмегі:

Күнәкар пенделер “бір-бірімізден өш аламыз” деп жеккөрушілікті одан бетер өршітіп жібереді. Біреу сізді ренжітсе я сізге қиянат жасаса, сол адамға кек қайтаруға асықпаңыз. Буырқанған ашуыңызды басып, бәрін бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз. Кейбір жағдайларда бәрін ұмыта салған да дұрыс шығар (Нақыл сөздер 19:11). Бірақ кейде көз жұмып қарамайтын жағдайлар да болады. Ондайда мәселені айту керек адамдарға айтқан жөн. Мысалы, сіз қылмыскерлерден жәбір шексеңіз, онда бұл жайлы полицияға я басқа да құзырлы органдарға мәлімдесеңіз болады.

Біреуге өшіксең, өзіңе ор қазасың

Сіз мәселені бейбіт жолмен шешу үшін қолыңыздан келгеннің бәрін істедіңіз, бірақ сонда да шешілмей жатса ше? Ондай кезде де кек алмаңыз, өйткені артық қыламын деп, тыртық қылып аласыз. Оның орнына, жеккөрушіліктің шеңберінен шығуға тырысыңыз. Бұл үшін бәрін Құдайдың қолына тапсыруды үйреніңіз. Киелі кітапта бұл туралы: “Соған арқа сүйе, сонда ол сенің игілігің үшін әрекет етеді”,— деп жазылған (Зәбүр 37:3—5).

Өмірден алынған​—АДРИАН

Кекшілдіктен алыстаған

Адриан.

Бозбала шағында Адриан қатыгез, тұла бойы өшпенділікке толы бала болды. Ол былай дейді: “Жиі атыстарға қатысып, кейде үсті-басым қан-жоса болатын. Байғұс анам мені көшеде өлімші күйде жатқан жерімнен тауып алатын”.

Адриан 16 жасында Киелі кітапты оқып-зерттей бастайды. “Киелі кітапты зерттей келе, болмысымды өзгертуім керектігін түсіндім”,— дейді ол. Оған өшпенділік сезімінен арылып, жұдырық ала жүгіруді қою керек еді. Римдіктерге 12:17—19 дейін кек алмау туралы сөздер оған қатты әсер етеді. Адриан былай дейді: “Мен бұдан Ехобаның әділетсіздікті өз уағында және өзі жөн көрген жолмен жоятынын түсіндім. Содан, бірте-бірте әлімжеттікке басуды қойдым”.

Бір күні кешке бұрынғы бұзақы достары Адрианға тап береді. Олардың жетекшісі: “Не қып тұрсың, қорғанбайсың ба?!”— деп айғайлайды. Адриан сол жайлы: “Оған есесін қайтарғым келіп, өз-өзімді әрең ұстадым”,— дейді. Ол ішінен Ехоба Құдайға қысқаша дұға айтып алады да, сол жерден кетіп қалады.

Әңгімесін әрі қарай жалғастырып Адриан былай дейді: “Келесі күні сол жігітті оңашада кездестірдім. Қаным қайнап тұрса да, Ехобаға іштей жалбарынып, ұстамды болуға көмектесуін сұрадым. Бір қызығы, сол жігіт қасыма келіп: “Кешегі ісім үшін кешір. Шынымды айтсам, мен сен сияқты болғым келеді, Киелі кітапты білгім келеді”,— деді. Сол кезде мен ашуымды жүгендей алғаныма қалай қуандым десеңіздерші! Осының арқасында әлгі жігітпен Киелі кітап сабақтарын өте бастадым”.

Адрианның толық өмірбаяны jw.org сайтында бар (“Күзет мұнарасы” журналы, № 5, 2016 жыл, 14, 15-бет).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу