Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w21 қазан 8—13 бет.
  • Біз “аса мейірімді Құдайға” қызмет етеміз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Біз “аса мейірімді Құдайға” қызмет етеміз
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЕХОБА НЕЛІКТЕН МЕЙІРІМДІЛІК ТАНЫТАДЫ?
  • ҚАУЫМНАН ШЫҒАРУ МЕЙІРІМДІЛІККЕ ЖАТА МА?
  • МЕЙІРІМДІ БОЛУДЫ ҚАЛАЙ ҮЙРЕНЕ АЛАМЫЗ?
  • “Көктегі Әкелерің қайырымды”
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қалай мейірімділік таныта аламыз?
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Мейірімділер бақытты!
    Ехобаға ән шырқайық
  • “Мейірімділер бақытты!”
    Ехобаға қуана ән шырқайық!
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
w21 қазан 8—13 бет.

41-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ

Біз “аса мейірімді Құдайға” қызмет етеміз

“Ехоба бәріне шапағатын түсіреді, Барлық істерінен мейірімі көрінеді” (ЗӘБ. 145:9).

44-ӘН Жаны күйзелгеннің дұғасы

АҢДАТПАa

1. Мейірімді адам дегенде ойымызға кім келеді?

СІЗ мейірімді адам дегенде кімді елестетесіз? Бәлкім, Исаның мысалындағы самариялық кісіні шығар. Ол қайырымды, жанашыр әрі жомарт болды. Өзі өзге ұлттың адамы болса да, қарақшылардан жапа шеккен яһудиге “қайырымдылық жасады”. Оны “аяп кеткендіктен” барынша қамқорлық көрсетті (Лұқа 10:29—37). Бұл мысал Құдайымыз Ехобаның мейірімділігін жақсы сипаттайды. Мейірімділік — оның сүйіспеншілігінің бір қыры. Ол осы қасиетті бізге күн сайын танытады.

2. Ехобаның мейірімділігі тағы неден көрінеді?

2 Ехоба мейірімділікті тағы бір жолмен көрсетеді. Адам жазаға лайық болса да, Ехоба оны жазаламауды шешуі мүмкін. Зәбүр жыршысы Ехобаны “бізді күнәларымызға қарап жазаламайды” деп сипаттаған (Зәб. 103:10). Десе де ол күнә жасаған адамды кейде жөнге салады.

3. Біз қандай сұрақтарға жауап аламыз?

3 Бұл мақалада біз мына сұрақтарға Құдай Сөзінен жауап аламыз: Ехоба неліктен мейірімділік танытады? Жөнге салу шарасы мен мейірімділіктің қандай байланысы бар? Мейірімді болуды біз қалай үйрене аламыз?

ЕХОБА НЕЛІКТЕН МЕЙІРІМДІЛІК ТАНЫТАДЫ?

4. Ехоба неліктен мейірімділік танытады?

4 Ехобаға мейірімділік танытқан ұнайды. Ехоба кемелсіз майланған қызметшілеріне көкте өмір сүру үмітін сыйлағандықтан, елші Пауыл оны “аса мейірімді Құдай” деп атаған (Ефес. 2:4—7). Бірақ Ехобаның мейірімділігі тек майланған мәсіхшілермен шектелмейді. “Ехоба бәріне шапағатын түсіреді, Барлық істерінен мейірімі көрінеді” (Зәб. 145:9). Ол адамдардың барлығын сүйгендіктен, оларға мейірімділік танытуға себеп болған кездің бәрінде солай етеді.

5. Ехобаның мейірімді екенін неге Исадан артық ешкім білмейді?

5 Ехоба мейірімділік танытуды қаншалықты жақсы көретінін Исадан артық ешкім білмейді. Ол көкте Әкесінің қасында ғасырлар бойы жүріп, күнәкар адамдарға мейірімділік танытқанын талай рет көрген (Нақ. с. 8:30, 31; Зәб. 78:37—42). Иса тәлім берген кезінде Ехобаның осы қасиетіне көп рет назар аударған.

Әкесі адасқан ұлын сөкпеді, қайта оны қуана қарсы алды (6-абзацты қараңыз)c

6. Иса Әкесінің мейірімділігін қандай мысалмен сипаттады?

6 Мейірімділік таныту Ехобаға қаншалықты ұнайтынын Исаның адасқан ұл жайында айтқан мысалынан білеміз. Мысалдағы ұл үйінен кетеді де, “бейбастақ өмір кешіп, бүкіл дүниесін шашып-төгеді” (Лұқа 15:13). Кейін ол азғын жолға түсіп кеткеніне өкініп, кішірейіп, үйіне қайтады. Сонда әкесі не істейді? “Ұлы алыста келе жатқанда-ақ, әкесі оны көріп, аяп кетеді. Сөйтіп, алдынан жүгіріп шығып, бауырына басып, елжірей сүйеді”. Әкесі оның күнәсін бетіне басып айыптамайды. Қайта, мейіріммен кешіріп, қайтадан отбасына қабылдайды. Өйткені ұлы қандай ауыр күнә жасамасын, шын өкінді. Бұл мысалдағы әке Ехобаны бейнелейді. Күнә жасаған адам шын өкінсе, Ехоба оны кешіруге асық (Лұқа 15:17—24).

7. Ехобаның мейірімділігінен даналығы қалай көрінеді?

7 Ехоба өте дана болғандықтан мейірім танытады. Ехоба әрдайым жаратылыстарына жақсы болатындай шешім қабылдайды. Киелі кітапта айтылғандай, “көктен келген даналық... мейірім мен игі істерге бай” (Жақ. 3:17). Сүюші Әке ретінде Ехоба балаларына мейірім танытудың жақсы әсер ететінін біледі (Зәб. 103:13; Ишая 49:15). Оның мейірімділігінің арқасында біз кемелсіз болсақ та, мәңгі өмірге үміттене аламыз. Ехоба мейірімділік танытуға себеп болған кездің бәрінде солай етеді. Бұған оның даналығы қозғау салады. Бірақ Ехобаның мейірімді екені адамның күнәсін құптайтынын, оған көз жұматынын білдірмейді. Бұны келесі мысалдан білеміз.

8. Кейде қауымда қандай шара қолданылады және неге?

8 Мысалы, Құдайдың бір қызметшісі күнә жасауын қоймай жүр делік. Киелі кітапта ондай адаммен “араласуды доғаруымыз” керектігі айтылған (Қор. 1-х. 5:11). Демек, күнәсіна өкінбейтін адам қауымнан шығарылады. Бұл шара — Ехобаның мейірімділігінің көрінісі. Өйткені бұл қауымдағы адал бауырластарды қорғайды және осылайша Ехобаның нормалары бұзылмайды. Бірақ кейбіреулерге бұл шара мейірімділікке жатпайтындай көрінуі мүмкін. Бұл шынымен де солай ма?

ҚАУЫМНАН ШЫҒАРУ МЕЙІРІМДІЛІККЕ ЖАТА МА?

Отардан бөлек қамалған қойға қойшы қарайласып жатыр.

Қойшы ауырып қалған қойын бөлек ұстағанмен, оны әрі қарай да қамқорлайды (9—11 абзацтарды қараңыз)

9, 10. Еврейлерге 12:5, 6-ны ескерсек, адамды қауымнан шығару неге мейірімділікке жатады? Мысал келтіріңіз.

9 Жақын адамымыздың қауымда бұдан былай Ехоба куәгері емес екені хабарланғанда, қатты көңіліміз түседі. Біз “оны шынымен қауымнан шығару керек пе еді, бұл мейірімділікке жата ма өзі?” деп ойлауымыз мүмкін. Бірақ, керісінше, түзетілу керек адамды қауымда қалдыру мейірімділікке жатпайды. Бұл даналыққа да, сүйіспеншілікке де жатпайды (Нақ. с. 13:24). Бұл шара қауымнан шығарылған адамды өкінуге талпындырады. Кезінде ауыр күнә жасаған бауырластардың көбісі ақсақалдардың берік шешімінің арқасында естерін жинап, күнәларын тастап, Ехобаның құшағына қайта оралған (Еврейлерге 12:5, 6 оқыңыз).

10 Мысалы, қойшы бір қойының жұқпалы аурумен ауырып қалғанын байқаса, не істейді? Ауру бүкіл отарға тарап кетпеу үшін, ол әлгі қойды бөлек қамап қояды. Алайда қой — жалғыз емес, отар болып өмір сүретін жануар. Сондықтан жалғыз қалып қойғанда ол қатты мазасыздануы мүмкін. Осыған қарап, қойшыны тасжүрек адам деп айтуға бола ма? Әрине, жоқ. Өйткені ауру қойды отардан бөлектемесе, қойларының бәрі жапа шегуі мүмкін (Мұсаның 3-жазбасы 13:3, 4 салыстырыңыз).

11. а) Қауымнан шығарылған адам қай жағынан ауырып қалған қойға ұқсайды? ә) Қауымнан шығарылғандар үшін қандай көмек бар?

11 Рухани ауырып қалған мәсіхші де қауымнан оқшауланады (Жақ. 5:14). Өйткені рухани ауру да кәдімгі ауру сияқты өте жұқпалы. Ехоба отардағы адал қызметшілерін жақсы көргендіктен және күнә жасаған адамды ес жиып, өкінуге талпындыру үшін осылай етеді. Адам қауымнан шығарылса да, кездесулерге келіп, рухани тамақтана алады. Сондай-ақ әдебиеттерді оқып, JW Broadcasting® бағдарламасын көре алады. Ақсақалдар олардың қадамдар жасап жатқанын байқағанда, қажетті кеңестер беріп тұрады. Рухани денсаулықтарын жақсартуға және қайтадан Ехоба куәгері болуға көмектеседіb.

12. Ақсақалдар күнәсіна өкінбеген адамға сүйіспеншілік пен мейірімділікті қалай танытады?

12 Күнәсіна өкінбейтін адам ғана қауымнан шығарылатынын ұмытпайық. Ақсақалдар әлдебіреуді қауымнан шығармас бұрын, істі үлкен жауапкершілікпен қарастырады. Олар Ехобаның “тиісінше жөнге салғысы” келетінін жақсы біледі (Ерм. 30:11). Ақсақалдар бауырластарын жақсы көргендіктен, олардың рухани күйлеріне зияны тиетін шешім шығарғылары келмейді. Бірақ кейде сүйіспеншілік пен мейірімділік танытудың ең жақсы жолы — адамды біршама уақытқа қауымнан шығару болуы мүмкін.

13. Қорынт қаласындағы бір мәсіхші неліктен қауымнан шығарылуы керек еді?

13 Қазір күнәсіна өкінбеген бауырласқа қатысты елші Пауыл қандай кеңес айтқанын қарастырайық. Қорынт қаласындағы бұл мәсіхші әкесінің әйелімен тұрып жатады. Не деген жеркенішті! Бұндай күнәға қатысты Ехоба кезінде: “Егер біреу әкесінің әйелімен жақындасса, өз әкесінің абыройын төгеді. Екеуі де тірі қалмасын”,— деген еді (Мұс. 3-ж. 20:11). Әрине, Пауыл ол бауырласты өлтіруді бұйырған жоқ, бірақ қауымнан шығаруға кеңес берді. Өйткені ол адамның азғын жүріс-тұрысы қауымға жаман әсер етіп жатты. Кейбіреулер тіпті бұл ұятсыз істі кәдімгі нәрсе деп санап кетті (Қор. 1-х. 5:1, 2, 13).

14. Қауымнан шығарылған адамға Пауыл қалай мейірімділік танытты және неге? (Қорынттықтарға 2-хат 2:5—8, 11).

14 Біраз уақыттан кейін қауым әлгі бауырластың шын өкінгенін естиді. Ол қауымның атына кір келтірсе де, Пауыл ақсақалдарды тым қатал болмауға шақырды. Ол: “Шектен тыс қайғыға батпау үшін, енді оны мейіріммен кешіріп, жұбатқандарың дұрыс”,— деп айтты. Пауыл күнәсіна өкінген адамға жаны ашыды. Оның шектен тыс қайғыға батып, рухы күйрегенін, кешірімге лайықсызбын деп үміті үзілгенін қаламады (Қорынттықтарға 2-хат 2:5—8, 11 оқыңыз).

15. Ақсақалдар беріктік пен мейірімділікті қалай танытады?

15 Ақсақалдар Ехобаға еліктеп, мейірімділік танытуды жақсы көреді. Олар себеп болғанда мүмкіндігінше адамға мейірімділік танытады. Бірақ қажет кезінде берік шешім қабылдап, адамды жөнге салады. Бұлай етпесе, мейірімділік емес, адамның күнәсін құптау болар еді. Ақсақалдардан басқа тағы кімдер мейірімділік таныта алады?

МЕЙІРІМДІ БОЛУДЫ ҚАЛАЙ ҮЙРЕНЕ АЛАМЫЗ?

16. Нақыл сөздер 21:13-ті ескерсек, Ехоба мейірім танытпайтындарға қалай қарайды?

16 Әрбір мәсіхші Ехоба сияқты мейірімді болуы қажет. Өйткені Ехоба мейірімсіздердің дұғаларын тыңдамайды (Нақыл сөздер 21:13 оқыңыз). Сондықтан мейірімсіз, тасжүрек болудан сақ болайық. Қайта, жаны жаралы бауырласымыздың “зарына құлақ” түріп, көңіл бөлейік. Киелі кітапта: “Мейірімділік танытпайтын адам мейірімсіз сотталады”,— делінген (Жақ. 2:13). Өзіміздің мейірімге қаншалықты мұқтаж екенімізді мойындасақ, өзгелерге де мейіріммен қараймыз. Біз әсіресе күнәсіна өкініп, қауымға қайта оралған бауырласқа солай еткіміз келеді.

17. Дәуіт патша қалай мейірімділік танытты?

17 Киелі кітапта қаталдықтан аулақ болып, мейірімді болуға үйрететін мысалдар көп. Солардың бірі — Дәуіт патша. Саул оны қанша рет өлтіруге тырысса да, Дәуіт Құдайдың майланған патшасына мейірімділік танытты. Одан кек алуды көздемеді (Сам. 1-ж. 24:9—12, 18, 19).

18, 19. Дәуіт қандай екі жағдайда мейірімді болмады?

18 Дәуіттің мейірім танытпаған кездері де болған. Бірде қатігез де дөрекі Набал Дәуітке тіл тигізіп, сарбаздарына азық-түлік бермей қояды. Сонда Дәуіт қатты ызаланып, оны үй ішіндегі еркек атаулымен бірге қырып тастауға бекінеді. Бірақ Набалдың ақылды әйелі Әбигел дереу әрекет етіп, Дәуітті қан төгуден сақтап қалады (Сам. 1-ж. 25:9—22, 32—35).

19 Басқа бір жолы Натан пайғамбар Дәуітке бір кедей кісінің жалғыз сүйікті қозысын тартып алған бай кісі жайлы айтып береді. Сол кезде Дәуіт қатты ашуланып: “Ехобаның тірі екеніндей хақ сөзім, осылай еткен адам өлімге лайық!”— дейді (Сам. 2-ж. 12:1—6). Дәуіт Мұса Заңы бойынша, адам мал ұрласа, оны төрт есе қылып қайтару керектігін білген (Мұс. 2-ж. 22:1). Бірақ ол әлгі кісіні өлімге кесу керек деп өте қатал шешім шығарды. Сөйтсе, Натан бұдан да ауыр күнә жасаған Дәуіттің өзі жайлы айтып жатқан екен. Алайда Ехоба мысалдағы бай кісіге үкім шығарған Дәуіт сияқты қатал болмады. Ол Дәуітке зор мейірімділік танытты (Сам. 2-ж. 12:7—13).

Адасқан ұл тізерлей кеткенде, әкесі құшақтай алды.

Дәуіт Натанның мысалындағы кісіге мейірімсіздік танытты (19, 20-абзацтарды қараңыз)d

20. Дәуіттен қандай сабақ аламыз?

20 Байқасақ, екі жағдайда да Дәуіт адамдарды өлімге лайық деп айыптады. Біріншісінде, Набал мен оның адамдарын. Екіншісінде, Натанның мысалындағы бай кісіні. Біз әсіресе екінші жағдайға қарап, “жүрегі жұмсақ Дәуіт қалай ғана тасжүректік танытқан” деп таңғалатын шығармыз. Бірақ сол кезде Дәуіт қандай күйде еді? Оның ар-ұжданы таза емес еді. Байқағанымыздай, біреуді қатал соттау рухани денсаулығымыздың нашарлағанын білдіреді. Ал мейірімділік таныту рухани денсаулығымыздың жақсы екенін көрсетеді. Иса ізбасарларын: “Өздерің айыпталмас үшін, өзгелерді айыптауды доғарыңдар. Өйткені өзгелерді қалай айыптасаңдар, өздерің де солай айыпталасыңдар”,— деп қатаң ескертті (Мат. 7:1, 2). Ендеше, ешқашан тасжүрек болмай, Құдайымыз сияқты “аса мейрімді” болайық!

21, 22. Мейірімділік танытудың қандай жолдары бар?

21 Мейірімділік біреуді іштей аяп қана қоюды емес, оған көмектесуді де білдіреді. Сондықтан отбасымыздағы, қауымымыздағы және айналамыздағы адамдарға қалай мейірімділік танытсақ болатыны жайлы ойланайық. Мысалы, біреу жұбанышқа мұқтаж шығар. Оған азық-түлігін әкеп беріп, я басқалай көңіл бөліп, қол ұшын береміз бе? Немесе қауымға қайта оралған бауырластың араласатын досы жоқ шығар. Оған көңіл бөліп, жігерлендіре аламыз ба? Сондай-ақ айналамыздағы жұбанышқа мұқтаж адамдарға ізгі хабарды айтамыз ба? Бұл — әрбір адамға мейірімділік танытудың ең керемет жолы (Әйүп 29:12, 13; Рим. 10:14, 15; Жақ. 1:27).

22 Байқампаз болсақ, адамдарға мейірімділік танытудың мүмкіндігі көп екенін көреміз. Ал мейірімділік танытсақ, “аса мейірімді” көктегі Әкемізді қуантамыз!

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢІЗ?

  • Ехоба не үшін мейірімділік танытады?

  • Адамды жөнге салу неге мейірімділікке жатады?

  • Мейірімді болуды қалай үйрене аламыз?

43-ӘН Ризашылық дұғасы

a Ехобаның тартымды қасиеттерінің бірі — мейірімділік. Бұл қасиетті барлығымыз танытқымыз келеді. Ехоба не үшін мейірімділік танытады? Оның бізді жөнге салғаны неге мейрімділікке жатады? Оның мейірімділігін біз қалай үлгі етсек болады?

b Қауымнан шығарылғандар Құдаймен қарым-қатынастарын қалай қалпына келтіре алатыны және оларға ақсақалдар қалай көмектесе алатыны жайлы көбірек білу үшін, “Ехобамен қайта достасыңыз” деген қоршауды қараңыз.

c СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Шатырда тұрған әкесі үйден кетіп қалған ұлының оралғанын көріп, оны құшағына алуға асығып бара жатыр.

d СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Ар-ұжданы кінәлап, мазасыз күйде отырған Дәуіт Натанның мысалындағы кісіге қатты ызаланып, оны өлімге лайық деп соттады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу