Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w21 қазан 14—17 бет.
  • Ехобамен қайта достасыңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобамен қайта достасыңыз
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ТУЫНДАЙТЫН ҚИЫНДЫҚТАР
  • МАҚСАТТАР ҚОЙЫП, ІСКЕ КӨШІҢІЗ
  • ЕШ БЕРІЛМЕҢІЗ!
  • Ақсақалдардың көмегіне жүгінуден тартынбаңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Сіз Ехоба үшін аса бағалы жансыз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
  • Ақсақалдар, Пауылдың үлгісіне еліктей беріңіздер
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Сіз жалғыз емессіз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
w21 қазан 14—17 бет.
Ер бауырлас қираған үйін қайта тұрғызуға қанша күш кететінін ойлап түңіліп тұр.

Ехобамен қайта достасыңыз

ЖЫЛ сайын көптеген бауырластар қауымға қайта қабылданады. Сонда көкте неткен қуаныш болады десеңізші! (Лұқа 15:7, 10). Сіз қайтадан шындықтың жағына шыққанда, Ехобаның, Иса мен періштелердің қуанғанында сөз жоқ. Бірақ адам қауымға қайта қабылданғанда, қиындықтарға кезігуі мүмкін. Солардың кейбірі қандай? Оларды жеңуге не көмектеседі?

ТУЫНДАЙТЫН ҚИЫНДЫҚТАР

Қауымға қайта қабылданған көптеген бауырластар өздерін Дәуіт сияқты сезінеді. Ехоба оны кешірсе де, ол: “Жасаған көп күнәларым мені анталады”,— деген (Зәб. 40:12; 65:3). Кейбір бауырластар Ехобаға қайта оралса да, жылдар бойы ар-ұяттары мазалап, өздерін кінәлі сезінуі мүмкін. 20 жылдан кейін қауымға қабылданған Изабел бауырлас: “Ехобаның мені кешіргеніне сене алмадым”,— дейдіa. Бірақ бұндай ойға берілсеңіз, қайтадан рухани әлсіреп кетуіңіз мүмкін (Нақ. с. 24:10). Сондықтан бұған жол бермеңіз.

Кейбіреулер рухани істерді бұрынғыдай атқара аламын ба екен деп уайымдайды. “Мен Куәгер кезімде атқарған істерімді мүлдем ұмытып қалыппын”,— дейді Антуан. Осындай күй кешкендіктен, қауымға оралғандардың көбісі рухани істерге толығымен атсалысудан тартынады.

Мынадай мысал келтірейік. Әлдебіреудің үйін сел шайып кетсе, ол сол үйді қайта тұрғызуға қанша уақыт пен күш кететінін ойлап түңілуі мүмкін. Ауыр күнә жасап, Ехобамен қарым-қатынасын бұзып алған адамды да үйі қираған адамға теңеуге болады. Ол да Ехобамен қарым-қатынасын қалпына келтіруге қанша күш кететінін ойлап уайымдауы мүмкін. Бірақ мұндай адам көмексіз қалмайды.

Ехоба сізге: “Кел, мәселені ортаға салып, шешейік”,— дейді (Ишая 1:18). Сіз оған оралу үшін расында да көп күш салдыңыз. Осылай еткеніңіз үшін Ехоба сізді жақсы көреді. Сіз осы әрекетіңізбен Шайтанның жапқан жаласы қып-қызыл өтірік екенін дәлелдедіңіз! (Нақ. с. 27:11).

Осылай сіз Ехобаға жақындадыңыз. Ол да сізге жақындауды уәде етеді (Жақ. 4:8). Сіз қауымға, бауырластарыңыздың арасына қайта оралу үшін үлкен қадам жасадыңыз. Бірақ бұнымен ғана шектелмей, Әкеңіз және Досыңыз Ехобаға деген сүйіспеншілігіңізді нығайта беруіңіз керек. Мұны қалай істеуге болады?

МАҚСАТТАР ҚОЙЫП, ІСКЕ КӨШІҢІЗ

Жете алатын мақсаттар қойыңыз. Сіз Ехоба жайлы, оның уәделері жайлы негізгі шындықтарды ұмытпаған шығарсыз. Бірақ сізге мәсіхшілерге тән өмір салтына қайта оралу керек болады. Мысалы, жүйелі түрде уағызға шығу, қауым кездесулерінен қалмау және бауырластармен жақын араласу сияқты істерге. Келесідей мақсаттарды қойсаңыз болады.

Ехобамен жиі сөйлесіңіз. Өзіңізді кінәлі сезінгеннен дұға айтуға қиналатыныңызды Ехоба Әкеңіз түсінеді (Рим. 8:26). Бірақ сонда да “ұдайы дұға етіп”, Ехобамен қайта достасуды қатты қалайтыныңызды оған айта беріңіз (Рим. 12:12). Андрей бауырлас былай дейді: “Маған ар-ұятым маза бермей, өзімді жаман кінәлі сезінетінмін. Бірақ дұға айтқан сайын бұл сезімдерім басылатын”. Егер Ехобаға дұғада не айтарыңызды білмесеңіз, күнәсіна өкінген Дәуіт патшаның 51 мен 65-інші зәбүр жырларын оқып көрсеңіз болады.

Киелі кітапты жүйелі түрде зерттеңіз. Сонда сеніміңіз қатайып, Ехобаға деген сүйіспеншілігіңіз артады (Зәб. 19:7—11). “Мен рухани істерді өмірімде басты орынға қоймағанымның кесірінен рухани әлсіреп, Ехобаны ренжітіп алдым. Мен бұл қателікті қайтадан қайталамаймын деп шештім. Сөйтіп, жүйелі түрде жеке зерттейтін болдым”,— дейді Филипе. Сіз де солай етіңіз. Қандай да бір тақырыпты зерттеу жағынан көмек қажет болса, рухани толысқан бауырластан сұрасаңыз болады.

Достарыңызбен қайта араласыңыз. Қауымға қайта оралған бауырластардың көбісі “басқалар мені жақтырмайтын шығар” деп ойлайды. Лариса деген бауырлас былай дейді: “Мен ұяттан бауырластардың бетіне қарай алмайтынмын. Себебі қауымды сатып кеткендей сезінетінмін. Біраз уақыт бойы осы ойлар маған маза бермей қойды”. Бірақ ақсақалдар мен толысқан бауырластар рухани күйіңізді қалпына келтіруге көмектесуге дайын. Осыған сенімді болыңыз (“Ақсақалдардың көмегі” деген қоршауды қараңыз). Олар сіздің қауымға қайтқаныңызға қатты қуанады және сіздің бақытты болғаныңызды қалайды! (Нақ. с. 17:17).

Қауымға жақындай түсуге сізге не көмектеседі? Бауырластарыңызбен бірге рухани істерге барынша атсалысыңыз. Қауым кездесулерінен қалмаңыз. Жүйелі түрде уағыз ісіне қатысыңыз. Бұның қандай пайдасы бар? Феликс былай дейді: “Бауырластар мені қайта оралады деп күткен екен. Соны білгенде, өзімнің қауымға керек екенімді сезіндім. Бауырластарымның арқасында қайтадан рухани отбасымның бір бөлігі болдым. Ехобаның мені кешіргенін түсініп, алға қарай ұмтыла бердім” (“Іске көшіңіз” деген қоршауды қараңыз).

Іске көшіңіз

Мақсаттарыңызды айқындап алыңыз

Ақсақал Ехобаға қайта оралған бауырласпен бірге дұға айтып жатыр.

ЕХОБАМЕН ЖИІ СӨЙЛЕСІҢІЗ

Ехобамен дос болуды қаншалықты қалайтыныңызды оған айтыңыз. Ақсақалдар сіз үшін әрі сізбен бірге дұға етеді.

Ақсақал ер бауырласпен “Ехобаға жақында” кітабын зерттеп жатыр.

КИЕЛІ КІТАПТЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЗЕРТТЕҢІЗ

Рухани күш жинаңыз, сонда Ехобаға деген сүйіспеншілігіңіз тереңдей түседі.

Ер бауырлас қауымдағы бауырластармен уақыт өткізіп жатыр.

ДОСТАРЫҢЫЗБЕН ҚАЙТА АРАЛАСЫҢЫЗ

Кездесулер мен қызметтен қалмай, бауырластармен көбірек араласыңыз.

ЕШ БЕРІЛМЕҢІЗ!

Шайтан Ехобамен қарым-қатынасыңызды қалпына келтіруге кедергі жасау үшін неше түрлі сел жіберуі мүмкін (Лұқа 4:13). Сондықтан қазірден бастап рухани үйіңізді мықтап соға беріңіз.

Ехоба қойларына қатысты мынадай уәде береді: “Жоғалғанын іздеймін, адасқанын қайтарамын, мертіккендерінің жарасын таңып, әлсіздерін нығайтамын” (Езек. 34:16). Ехоба көптеген қызметшілеріне рухани күйлерін түзеуге көмектескен. Ол сізге де рухани күйіңізді нығайтуға қуана көмектеседі!

Ақсақалдардың көмегі

Ақсақал ер бауырласқа қираған үйін тұрғызуға көмектесіп жатыр.

Ақсақалдар қауымға қайта қабылданған бауырласқа Ехобамен қарым-қатынасын түзеуге көп көмектесе алады. Олар қандай көмек бере алатындарын қарастырайық.

Жүрегін орнықтырыңыз. Елші Пауыл күнәсіна өкінген адамның “шектен тыс қайғыға батуы” мүмкін екенін айтқан (Қор. 2-х. 2:7). Мұндай адам өзін кінәлі сезініп, жігері жаситын болар. Пауыл қауымға қайта оралғандарды “мейіріммен кешіріп, жұбату” керектігін айтқан. Оларға Ехобаның және бауырластардың оларды жақсы көретінін айтып отыру керек. Ақсақалдар қауымға оралғандарды жиі мақтап, көмек көрсететін болса, олар рухты күйрететін ойларға берілмейді.

Бірге дұға етіңіз. “Әділ адамның жалбарына айтқан дұғасының әсері орасан зор” (Жақ. 5:16). Лариса былай дейді: “Мен күмәндарым мен уайымымды ақсақалдарға айттым. Олар мен үшін дұға етті. Сонда олардың маған ашулы емес екенін, қайта, Ехобамен қарым-қатынасымды түзеуге көмектескілері келетінін түсіндім”. Ал Тео бауырлас былай дейді: “Ақсақалдардың дұғасы маған сенімділік берді. Ехоба мені шынымен жақсы көреді екен. Ол менің бойымнан жамандықты ғана емес, жақсылықты да көреді екен”.

Дос болыңыз. Қауымға қайта оралғандар достарға аса мұқтаж. Джастин деген ақсақал былай дейді: “Кез келген мүмкіндікті пайдаланып, қауымға қайта қабылданғандарды уағызға шақырып тұру керек. Одан да маңыздысы, үйлеріне барып тұру керек. Олармен дос болу өте маңызды!” Ал Хенри деген ақсақал: “Ақсақалдардың қауымға қабылданған бауырласпен дос болып жатқанын көргенде, қауымдағылар да солай етуге тырысады”,— дейді.

Зерттеуге көмектесіңіз. Рухани толысқан бауырлас қауымға қайта оралғандарға жүйелі түрде жақсы зерттеу жүргізуге көмектесе алады. Дарко деген ақсақал былай дейді: “Мен қауымға оралған бауырласпен жеке зерттеуде тапқан асыл тастарымды бөліскенді ұнатамын және оған жеке зерттегенді қаншалықты жақсы көретінімді айтамын. Кейде зерттеуді бірге жүргізуге шақырамын”. Ал Клейтон деген ақсақал былай дейді: “Мен оларды Киелі кітаптан өздерінікіне ұқсас жағдайды бастан өткерген кейіпкерлер жайлы оқуға талпындырамын”.

Жақсы бағушы болыңыз. Қауымнан шығарылғанда бауырластар ақсақалдарды төреші рөлінде көрді. Ал енді қауымға қабылданғанда олар сізді бағушы ретінде танысын (Ерм. 23:4). Бұл үшін оларды тыңдауға және мақтауға асық болыңыз. Жиі-жиі хабарласып тұрыңыз. Маркус есімді ақсақал былай дейді: “Біз қауымға қайта оралған бауырласқа бақташылық сапар жасағанда Жазбалардағы ойлармен бөлісеміз, мақтаймыз. Көп күш салып, Ехобаға қайта оралғандары үшін оларды мақтан тұтатынымызды айтамыз. Ехобаның да оларды мақтан тұтатынына сендіреміз. Сосын, келесі жолы қай кезде кездесетінімізді бірден жоспарлап қоямыз”.

a Бұл мақаладағы есімдер өзгертілген.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу