Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp21 № 3 6—8 бет.
  • Білім мен байлық кемел келешектің кепілі ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Білім мен байлық кемел келешектің кепілі ме?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КӨПТІҢ ТАҢДАУЫ
  • ҮМІТТЕРІ АҚТАЛДЫ МА?
  • Ата-аналар, балаларыңа қандай болашақ тілейсіңдер?
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Мектеп бітірген соң не істейсің?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Барша жан аңсаған келешек
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Кемел келешекке апарар жол
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
wp21 № 3 6—8 бет.
Екі жас қыз университетке жаяу бара жатыр.

Білім мен байлық кемел келешектің кепілі ме?

Көптің ойынша, жоғары білімің, мол байлығың болмаса, кемел келешекке жете алмайсың. Олар жоғары оқу орнын бітірген адам жақсы жұмысшы, қоғамға да, өз отбасына да пайдасы тиетін адам болады деп ойлайды. Сондай-ақ олар жақсы білімі бар адам жақсы ақша табады, ал жақсы ақша тапса, бақытты өмір кешеді деп ойлайды.

КӨПТІҢ ТАҢДАУЫ

Қытайлық Чжан Чэнь деген ер кісі былай дейді: “Мен кедейліктен құтылудың жалғыз жолы диплом алу деп ойладым. Сонда ғана табысты жұмыс тауып, қамсыз, бақытты өмір кешемін деп сендім”.

Көп адам жақсы өмір іздеп, атақты университеттерде оқуға ұмтылады, тіпті сол үшін шетел асып кетеді. Шетелде оқу үрдісі COVID-19 шегараларға шек қойғанша шарықтап тұрды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының 2012 жылғы есебіне сай, “шетелде оқып жатқан студенттердің 52% азиялықтар екен”.

Ата-аналар “балаларым шетелде оқысыншы” деп тынбай күндіз-түні жұмыс істейді. Тайвандық Цзян былай дейді: “Өздері шалқып өмір сүрмесе де, ата-анам үйдегі төртеумізді де Құрама Штаттардағы колледжіге түсірді”. Цзянның ата-анасы сияқты басқа ата-аналар да балаларының оқуын төлеу үшін әбден қарызға батқан.

ҮМІТТЕРІ АҚТАЛДЫ МА?

Бір әйел кешкісін компьютердің алдында стрестен қалжырап, шаршап отыр.

Білім мен байлық қуғандардың жиі көңілі қалады

Білімнің пайдасы бар екені рас. Бірақ білім алған студенттердің үміттері ақтала бермейді. Оқудың ақшасын төлеу үшін олар сонша жыл тер төгіп, қарызға батады, бірақ көбі өздері қалағандай жұмыс таппайды. Сингапурдағы “Бизнес Таймс” газетінің журналисі Рэйчел Муи былай деген: “Дипломы бар, бірақ жұмысы жоқ түлектер күн санап көбейіп жатыр”. Доктор дәрежесі бар тайвандық Цзян-Цзе былай дейді: “Көбісі мамандығына еш қатысы жоқ жұмысқа келісуге мәжбүр”.

Мамандықтары бойынша жұмыс тапқандардың да үміттері ақталып жатқан жоқ. Ұлыбританияда оқып, Тайландқа қайтып келген Ниран мамандығы бойынша жұмыс тапқан. Ол былай дейді: “Дипломның арқасында ақшасы көп жұмысқа тұрдым. Бірақ ақшасы жоғары жұмыстың талабы да жоғары. Оған көп күш пен уақыт кетеді. Бірде компанияда қысқарту болып, жұмыстан шығып қалдым. Сонда түсінгенім — болашағымды көркейтеді деп ешбір жұмысқа үміт артуға болмайды екен”.

Баршылықта өмір сүріп жатқан байлардың өзін қиындықтар айналып өтпейді. Олардың да отбасында қиындықтар туындайды, денсаулықтары сыр береді, тіпті ақшаны да уайымдайды. Жапондық Кацутоши былай дейді: “Ақшам болса да, бақытсыз едім. Өйткені басқалар мені көре алмайтын, қастандық ойлайтын”. Ал вьетнамдық Лам деген әйел: “Көп ақша табу үшін өліп-талып жұмыс істейтіндерді білемін. Олар уайым-қайғысыз өмір кешеміз деп ойлайды. Бірақ, керісінше, уайымға батып, денсаулықтары құрып, тозып жатады”,— дейді.

БІЛІМ МЕН БАЙЛЫҚ КЕПІЛДІК БЕРЕ АЛА МА?

Жоғары білім мен мол байлық — кемел келешектің кепілі емес. Рас, адамға өзін, отбасын асырау үшін ақша да, білім де керек. Бірақ бұлар кемел келешектің кепілі бола алмайды. Неге? Бұл жайлы бір қасиетті кітапта не айтылғанын көрейік.

ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІЗЕ БЕРМЕЙДІ

“Жарыста жүйрік... әрдайым жеңе бермейді екен... Ақылдыда — байлық, білімдіде — табыс әрдайым бола бермейді екен. Себебі барлығы да қолайсыз уақыт пен кездейсоқ жағдайларға тап болып жатады” (УАҒЫЗДАУШЫ 9:11).

Адам қанша жерден көзі ашық, сауатты болса да, табысқа жете алмай қалуы мүмкін, өйткені барлық жағдай оның құзырында емес. Экономикалық тұрақсыздық, қоғамдағы әділетсіздік, адамдардың бір-бірін бөліп-жаруы, тіпті білімді адамның аяғынан шалып, жетістікке жеткізбейді.

БАЙЛЫҚ БҮГІН БАР, ЕРТЕҢ ЖОҚ

“Байлық жинаймын деп зорықпа, Сәл кідіріп, ақылға сал. Байлыққа көз салсаң, лезде ғайып болар, Қанат бітіп, бүркіттей ұшып кетер” (НАҚЫЛ СӨЗДЕР 23:4, 5).

Байлықтың берер қорғанышы уақытша. Қаржы дағдарысының кесірінен адам бүкіл жиған-тергенінен бір-ақ күнде айырылуы мүмкін. Ал жерсілкінісі, өрт, дауыл сияқты тілсіз жаулар бір сәтте адамды үй-күйсіз қалдырып, тақыр кедей етуі мүмкін.

АҚШАНЫ ҚУҒАН АЗАДЫ

“Байдың мол дәулеті оған ұйқы бермейді” (УАҒЫЗДАУШЫ 5:12).

Осының растығына Гонконгта тұратын Франклин деген кісінің көзі жеткен. Ол жоғары оқу орнын бітіріп, жалақысы жоғары жұмысқа тұрған. Кейін біртіндеп оның қызметі жоғарылады. Бірақ ол былай дейді: “Стреске түсемін деп денсаулығымнан айырылдым. Қатты уайымдағаннан ұйқым қашты”. Ақыры, ол жұмысынан шығып кетті. Ол былай деп есіне алады: “Сол кезде мен “Мынаның бәрі кімге керек? Өмірім осылай өте бере ме? Өмірдің мәні неде өзі?” деп ойлана бастадым”.

“Байлық жинаймын деп зорықпа” (НАҚЫЛ СӨЗДЕР 23:4).

Өмірде білім мен байлық қуудан да артық нәрселер бар екенін Франклин ғана емес, көп адам түсінген. Олар жақсы адам болсаң, басқаларға жақсылық жасасаң, болашағың жақсы болады деп ойлайды. Бірақ бұл солай ма? Келесі мақала сол жайлы болмақ.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу