Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 7.15. 2-б.
  • Сауалдар жәшігі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сауалдар жәшігі
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Ұқсас мәлімет
  • Сауалдар жәшігі
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Ізгі хабарды уағыздаудың әдіс-тәсілдері
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
  • Шұғыл әрекет ет
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Интернетті даналықпен қолданыңдар
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
km 7.15. 2-б.

Сауалдар жәшігі

◼ Ғаламтор арқылы басқа елде тұратын бейтаныс адамға уағыздауға не зерттеу сабағын өткізуге бола ма?

Кейбір жариялаушылар Ғаламтордың көмегімен ісімізге шектеу қойылған не жариялаушылар жетіспейтін елдерде Киелі кітап зерттеу сабақтарын табуға тырысады. Олар кейде жақсы нәтижеге қол жеткізіп те жатады. Дегенмен, бейтаныс адаммен электронды түрде хат алысудың қауіпті тұстары бар (2007 жылғы “Біздің қасиетті қызметіміздің” шілде айының 3-бетін қара.). Ғаламтор арқылы Патшалық хабарын ақ жүректі адамдарға жеткізу мүмкін болғанымен, бауырластар өздері аңдамай жаман адамдармен, тіпті жолдан тайғандармен, араласып кетуі мүмкін (Қор. 1-х. 1:19—25; Қол. 2:8). Оның үстіне, Патшалық ісіне шектеу қойылған не тыйым салынған елдерге жіберілген мәліметтерді билік басындағылар бақылауға алуы мүмкін. Ал бұл сол елдегі бауырластарға үлкен қиындықтар тудыруы ықтимал. Сондықтан ізгі хабарды уағыздау үшін басқа елде тұратын адамдарды Ғаламтор арқылы іздеуге болмайды.

Басқа елден келген адамға бейресми куәлік берген болсақ, жергілікті филиалдың нақты басшылығынсыз ол адаммен еліне қайтқан соң әңгіме жалғастыруға тырыспауымыз керек. Қайта оған jw.org сайтын көрсетіп, қалай көбірек мәлімет алуға не жергілікті филиалмен байланысуға болатынын көрсеткен жөн. Сондай-ақ оны өзіне жақын маңдағы Патшалық сарайына баруға талпындыр. Рас, кейбір елдерде Патшалық сарайы болмауы мүмкін. Егер ол үйіне Куәгерлердің келгенін қаласа, “Мына кісіге баруды өтінеміз” (S-43) деген бланкіні толтырып, қауым хатшысына бер, ол оны jw.org сайты арқылы филиалға жібереді. Сол елдің филиалы жергілікті жағдайды ескеріп, қызығушылық білдірген адамға рухани көмектесудің қамын жасай алады. (2014 жылғы “Біздің қасиетті қызметіміздің” маусым айының 7-бетін және 2011 жылғы қараша айының 2-бетін қара.)

Егер басқа елде тұратын және тек Ғаламтор арқылы білетін адаммен хабарласып не зерттеу сабағын жүргізіп жүрсең, жоғарыда айтылған нұсқауға сай әрекет ету керек. Дегенмен, қызығушымен сол елдегі жариялаушы байланысқанша, хабарласып тұруға болады. Жағдай қандай болған күнде де, ісімізге шектеу қойған не тыйым салынған елде тұратын адамдармен Киелі кітап тақырыбына хат жазғанда не сөйлескенде өте сақ болу қажет (Мат. 10:16).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу