27 шілдеден басталатын аптаның кестесі
27 ШІЛДЕДЕН БАСТАЛАТЫН АПТА
53-ән және дұға
Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
my 103-оқиға (30 мин.)
Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Патшалар 1-жазба 15—17 (8 мин.)
№ 1: Патшалар 1-жазба 15:16—24 (3 мин. не одан кем)
№ 2: Киелі кітап әйелдерге қалай көмектесе алады? (nwt 30-б., 3, 4-абз.). (5 мин.)
№ 3: Әділ жолдан таймай өмір сүру мүмкін бе? (lv 17-тар., 7, 8-абз.). (5 мин.)
Қызмет кездесуі:
Осы айдың тақырыбы: “Барыңдар да, шәкірттер дайындаңдар” (Мат. 28:19, 20).
10 мин. Уағыздау шеберлігін шыңдап жүрсің бе? Талқылау. 2014 жылғы “Біздің қасиетті қызметіміздегі” ақпан айындағы “Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік” айдарының 1-абзацын қарастыр. Соңғы айларда жарық көрген мақалаларға қысқаша шолу жаса. Осы айдардың қандай көмегі тигенін тыңдаушылардан сұра. “Осы айда былай етіп көр” деген тақырыпшада берілген кеңестерге ерекше көңіл бөлуге шақыр.
10 мин. “Құдай Сөзімен таныстыру” қосымшасын қолданып, Киелі кітап зерттеушіге көмектес. Талқылау. Зерттеушілерді Киелі кітапты жақсырақ қолдануға үйрету үшін, қосымшаны қалай пайдалана алатынымызды қарастыр: 1) “Жазба орындарын табудың жолы”. 2) 19-сұрақ: “Киелі кітаптың мазмұны қандай?” 3) 20-сұрақ: “Киелі кітапты қалай оқыған дұрыс?” Қысқаша көріністе зерттеу сабағының соңында жариялаушы өзімен зерттеп жүрген адаммен қосымшадағы сұрақтардың бірін талқылап жатқанын көрсетсін.
10 мин. “Тәлім беруге арналған құралдарымыз.” Сұрақ-жауап.
43-ән және дұға