Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.15. 5—7 бет.
  • Аймақтық конгреске қатысты ескертулер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Аймақтық конгреске қатысты ескертулер
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Ұқсас мәлімет
  • “Осы дүниедегі адамдар арасында жүріс-тұрыстарың бұдан былай да үлгілі болсын”
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Құдайды даңқтайтын жүріс-тұрыс
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Рухани сергітетін той
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Облыстық конгрестер — шындық туралы куәлік берудің керемет мүмкіндігі
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
km 4.15. 5—7 бет.

Аймақтық конгреске қатысты ескертулер

  • Конгресс кестесі. Конгресс өтетін жердің есіктері 8:00-де ашылады. Конгрестің үш күнінде де 9:20-да әуен ойнай бастайды. Сол кезде бағдарлама өз уақытында әрі лайықты түрде басталу үшін, барлығымыз орнымызға жайғасуымыз керек. Бағдарлама жұма әрі сенбі күндері шамамен түстен кейінгі бесте, ал жексенбі күні төрттерге таман әнмен және дұғамен аяқталады.

  • “Ехобаны мадақтап ән салайық”. Ежелде Құдай халқы Ехобаны әнмен мадақтаған, сондай-ақ бүгінде де әуен шынайы ғибадаттың маңызды бөлігі болып табылады (Зәб. 28:7). Аймақтық конгрестің әр бөлімі әуенмен басталады. Бұл — үзілісте қойылатын әншейін әуен емес, бұл әуен Ехобаны танып білуіміз үшін әрі оған ғибадат етуіміз үшін арнайы дайындалған. Сондықтан бағдарламаның төрағасы әуен басталатынын айтқанда, әңгімемімізді доғарып, орнымызға жайғасып, ризашылық сезімімен әуенді тыңдауымыз қажет. Осылайша “Күзет мұнарасы” қоғамының оркестріндегі бауырластардың еңбегін бағалайтынымызды көрсетеміз. Жылына екі рет осы бауырластар өз қаражаттарымен Паттерсонға (Нью-Йорк штаты) келіп, біз үшін керемет әуендер дайындайды. Әуенді мұқият тыңдағаннан кейін, әрқайсымыз Патшалық әндерімен Ехобаны мадақтауымыз керек.

  • Көлік тұрағы. Мүмкін болса, конгресс өтетін жердің бәрінде көлік қоятын тегін орындар дайындалады. Көлік қоятын орын, әдетте, шектеулі, сондықтан бір көлікпен көбірек адам келгені жөн. Мүгедек адамдардың көлігіне арналған орындарға тек арнайы құжаты мен белгісі барлардың көліктері ғана қойылады.

  • Орын алу. Таңертең конгресс өтетін жердің есіктері ашылғанда, конгреске келгендермен жақсы орын алуға жарысып жатқандай болмайық. Ілтипаттылық танытып, бауырластар үшін өз мүддемізді құрбан етуге дайын болайық. Танытқан жанқиярлық рухымыз шынайы мәсіхші екенімізді паш етеді, әрі өзгелерді Құдайды мадақтауға талпындырады (Жох. 13:34, 35; Қор. 1-х. 13:5; Пет. 1-х. 2:12). Отыратын орынды тек бір көлікпен келгендерге, бір үйде тұратын не сендермен Киелі кітап зерттейтін адамдарға ғана алуға болады. Қандай да бір орынды алмаған болсаңдар, орындықтың үстіне заттарыңды қоймауларыңды сұраймыз. Осының арқасында өзгелер қай орындар бос екенін көре алады. Қарт және мүгедек адамдар үшін арнайы орындар бөлінетін болады. Мұндай орындар шектеулі болғандықтан, қарт не мүгедек адамның жанында көмек көрсететін бір не екі адам ғана отыра алады.

  • Қарапайым киіну. Аймақтық конгресте киетін киіміміз осы дүниенің шектен шыққан киім үлгісіне сай емес, қайта, қарапайым да жарасымды болуға тиіс (Тім. 1-х. 2:9). Қонақүйден бөлме алғанда не оны тапсырғанда, сондай-ақ конгреске дейінгі не кейінгі бос уақыттарда қалай болса солай не олпы-солпы киінуден аулақ болғанымыз жөн. Сонда плакеткаларымызды мақтанышпен тағып жүре аламыз және мүмкіндік туғанда куәлік беруге қысылмайтын боламыз. Алдағы конгрестерде үлгілі сырт көрінісіміз бен жүріс-тұрысымыз ақжүректі адамдарға Киелі кітаптағы өмір сыйлайтын хабарды тыңдауға септігін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар Ехобаға қуаныш әкеледі (Соф. 3:17).

  • Электронды құрылғыларды қолданғанда ілтипаттылық сақтау. Конгресс бағдарламасының барысында ұялы телефондарымыз бен электронды құрылғыларымызды өзгелерге кедергі жасамайтын режимге қою арқылы ілтипаттылық танытамыз. Камера, планшет не осы сияқты басқа да құрылғыларды қолданғанда, өзгелерге тыңдауға немесе көруге кедергі жасамағанымыз абзал. Бұған қоса, бағдарлама барысында электронды құрылғылар арқылы, қажеттілік туындамаса да, хабарлама не хат жазбағанымыз дұрыс.

  • Түскі ас. Үзіліс кезінде басқа жерге барып тамақ сатып алғаннан гөрі, түскі асты өздеріңмен бірге әкелгендерің жөн. Тамақ салатын сөмке орындықтың астына сыятындай шағын болу қажет. Демалуға шыққанда қолданылатын үлкен тоңазытқыш сөмке не шыны ыдыстарды конгреске әкелуге болмайды.

  • Садақа. Конгреске деген ризашылығымызды арнайы жәшіктерге дүниежүзілік іске садақа салу арқылы білдіре аламыз.

  • Дәрі-дәрмек. Қабылдап жүрген дәрілерің болса, жеткілікті мөлшерде ала келген жөн, өйткені конгресс өтетін жерде ондай дәрі-дәрмек табылмауы мүмкін. Диабетпен ауыратын адамдардың шприцтері мен инелерін конгресс өтетін жердегі және қонақүйдегі кәдімгі қоқысқа тастауға болмайды. Олар зиянды қоқыс ретінде аса ұқыптылықпен тасталу керек.

  • Қауіпсіздік шаралары. Тайып не сүрініп жарақаттанып қалмау үшін алдын ала қам жасаған дұрыс. Жыл сайын бауырластар аяқкиімнің, әсіресе биік өкшелі аяқкиімнің, кесірінен жарақат алып жатады. Сондықтан еңіс жермен, баспалдақпен, темір торлардың үстімен және осы сияқты жерлермен жүруге ыңғайлы әрі қарапайым аяқ киім киген дұрыс.

  • Бесікарбалар мен бүктемелі орындықтар. Балалардың бесікарбасы мен бүктемелі орындықтарды конгресс өтетін жерге әкелуге болмайды. Бірақ ата-ананың жанындағы орындыққа бекітіп қоюға болатын балаларға арналған қауіпсіз отырғышты әкелуге болады.

  • Иіссулар. Конгрестердің көпшілігі жабық ғимараттарда өтетіндіктен, тыныс алу жолдарының сырқаты бар адамдарды ескеріп иіссуды көп сеппегеніміз сүйіспеншіліктің белгісі болып табылады (Қор. 1-х. 10:24).

  • “Мына кісіге баруды өтінеміз” бланкісі (S-43). Конгресс кезінде бейресми куәлік бергенде, адам қызығушылық танытса, “Мына кісіге баруды өтінеміз” бланкін толтыруларыңды сұраймыз. Толтырылған бланкіні әдебиет бөліміне, я болмаса конгрестен қайтқан соң, қауым хатшысына беруге болады.

  • Дәмханалар. Дәмханаларда үлгілі жүріс-тұрысымызбен Ехобаға мадақ әкелейік. Киген киіміміз Құдайдың қызметшілеріне тән болу керек. Сондай-ақ жергілікті әдепке сай болса, шайпұл қалдырып кеткеніміз дұрыс болады.

  • Қонақүйлер.

    1. Қонақүйде қажетінен артық бөлмеге тапсырыс беруге және бөлмеде рұқсат етілгеннен көп адам тұруға болмайды.

    2. Тапсырыс берген бөлмелеріңнен бас тартпаңдар, ал егер күтпеген жерден бас тартуға тура келсе, өзгелер осы бөлмені қолдана алу үшін, қонақүйге бірден хабарлаңдар (Мат. 5:37). Бөлмеден бас тартатын болсаңдар, бұның қонақүй құжаттарына тіркелгеніне көз жеткізіңдер. Егер бөлмеден 48 сағаттан кем уақыт бұрын бас тартсаңдар, алдын ала төленген ақша қайтарылмайды.

    3. Қонақүй бөлмесіне тапсырыс бергенде төлем карточкасын қолдансаң, әдетте, қонақүй карточканың есепшотынан бөлмені жалға алу құнын және қонақүйге қандай да бір зардап келтіруің мүмкін құнды ұстап қалады. Қонақүймен толық есептескенше, карточкадағы бұл ақшаны бірнеше күн бойы қолдана алмайсың.

    4. Қонақүйдің қоларбасын жүктерің тасымалдауға дайын болғанда ғана алыңдар. Сондай-ақ оны пайдаланған соң, өзгелер қолдана алу үшін бірден қайтарып беріңдер.

    5. Қонақүй қызметкерлері жүкті бөлмеге жеткізіп бергенде, я болмаса бөлмені жинағанда, жергілікті әдепке сай оларға шайпұл беру қажет болса, оны берген дұрыс.

    6. Тамақты тек рұқсат етілген жерлерде ғана дайындау керек.

    7. Қонақүйде тегін таңғы ас, кофе не басқа заттар берілетін болса, оларды қажеттісінен көп алмаңдар.

    8. Қонақүй қызметкерлерімен қарым-қатынастарыңда киелі рух жемісін танытыңдар. Олар көп қонаққа қызмет көрсетеді, сондықтан біздің ізеттілік, шыдамдылық пен парасаттылық танытқанымызға дән риза болады.

    9. Лифт, бассейн, қабылдау бөлмесі мен спортзалды қоса алғанда, қонақүйдің қай жерінде жүрмесін, ата-аналар балаларын әрдайым қадағалап жүрулері керек.

    10. “Ұсынылатын бөлмелер тізімінде” көрсетілген құн — жалға берілетін бөлменің бір күндік толық құны. Егер көрсетілген құннан қымбат ақы талап етілсе, конгрестің пәтер бөлімімен дереу хабарлас.

    11. Қонақүйдегі бөлмеңе қатысты қандай да бір қиындықтар туындаса, конгресс кезінде пәтер бөлімімен хабарлас.

  • Ерікті қызмет. Ерікті қызмет көрсеткісі келетіндер ерікті қызмет көрсету бөліміне жолығу керек. Он алтыға толмаған балалар да бұл іске атсалыса алады. Бірақ олар ата-анасының не қамқоршысының, я болмаса солардың сеніп тапсырған ересек адамның бақылауымен атқара алады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу