Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.13. 3—6 бет.
  • Құдайды даңқтайтын жүріс-тұрыс

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдайды даңқтайтын жүріс-тұрыс
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Ұқсас мәлімет
  • “Осы дүниедегі адамдар арасында жүріс-тұрыстарың бұдан былай да үлгілі болсын”
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Аймақтық конгреске қатысты ескертулер
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Облыстық конгрестер — шындық туралы куәлік берудің керемет мүмкіндігі
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • Рухани сергітетін той
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
km 4.13. 3—6 бет.

Құдайды даңқтайтын жүріс-тұрыс

1. Неліктен Ехоба куәгерлері облыстық конгреске жиналғанда, өзгелердің назарынан тыс қалмайды?

1 Облыстық конгреске жиналғанда, біз жұрттың назарынан тыс қалмаймыз. Конгресс өтетін көп қалада жаңалықтардан біздің жиналып жатқанымыз туралы хабарлайды. Қонақүйлер мен дәмханалар жиі делегаттарға толы болады және сол аймақтағы адамдар бауырластардың плакеткаларын байқайды. Төменде берілген кейбір ескертулерге ден қойғанымыз конгресс өтетін қалада әдепті жүріс-тұрысымызбен Құдайды даңқтауға көмектеседі (Пет. 1-х. 2:12).

2. Конгресс өтіп жатқан қалада қарапайым киінгеніміз Құдайды қалайша мадақтайды?

2 Қарапайым киіну. Конгреске барғанда қарапайым киінгеніміз жиі өзгелерге жақсы әсер қалдырады. Алайда қонақүйге тіркелгенде, дәмханаларда тамақтанғанда, дүкен аралағанда және басқа да жерлерге барғанда, киген киіміміз айналамыздағы адамдарға одан бетер қатты әсер етуі мүмкін. Осындай жағдайларда конгреске барғандай киініп бару қажет болмаса да, киіміміз олпы-солпы емес, әрдайым қарапайым да ұқыпты болуы керек. Адамдар біздің Құдайға қызмет етпейтіндерден ерекшеленетінімізді көре алуы қажет (Рим. 12:2). Сондай-ақ плакетка таққанымыз өзгелерге конгресс болып жатқанын хабардар етеді, куәлік етуге және басқа бауырластардың бізді тануына мүмкіндік береді.

3. Біз шыдамдылық пен ілтипаттылықты қалай таныта аламыз?

3 Шыдамдылық пен ілтипаттылық таныту. Өзімшіл және алғысты білмейтін адамдарға толы бұл дүниеде біздің шыдамдылық пен ілтипаттылық танытқанымыз айналамыздағы адамдарды, соның ішінде қонақүй мен дәмханадағы жұмысшыларды қаншалықты сергітеді десеңші! (Тім. 2-х. 3:1—5). Сондай-ақ конгресте отыратын орын алғанда не жаңа әдебиеттерді алу үшін кезекте тұрғанда, өзіміздің емес, өзгелердің қамын ойлауымыз керек (Қор. 1-х. 10:23, 24). Конгреске бірінші рет қатысқан бір кісі: “Сол күні айтылған баяндамалардың ешқайсысы да есімде жоқ, бірақ Куәгерлердің жүріс-тұрысы маған ұмытылмастай әсер қалдырды”,— деді.

4. Мүмкіндігіміз болса, неліктен конгресте ерікті қызметші болуды жоспарлағанымыз дұрыс?

4 Ерікті қызметші болу. Дайындық рухын таныту — шынайы мәсіхшілерді ерекшелендіретін белгі (Заб. 109:3). Сен конгрестің өтуіне ерікті қызметші ретінде өз үлесіңді қоса аласың ба? Бір конгресс өтетін орында 600-ге жуық бауырласымыз конгресс алдындағы тазалық жұмыстарына ерікті қызметші ретінде қатысқан. Бұны көрген стадион қызметкерлері: “Біз мұндайды бұрын-соңды көрмеген едік. Бұл адамдардың ерікті түрде қызмет етіп жатқандарына сену қиын”,— деп таңғалды. Біз 2013 жылы өтетін облыстық конгресті Құдайдан білім алуды қалағандықтан ғана емес, оны мадақтағымыз келгендіктен де асыға күтудеміз.

[3—6-беттердегі қоршау]

2013 жылғы облыстық конгреске қатысты ескертулер

◼ Конгресс кестесі. Конгрестің үш күнінде де бағдарлама 9:20-да басталады. Есіктер 8:00-де ашылады. Бағдарлама өз уақытында әрі лайықты түрде басталу үшін, Патшалық әуені ойналғанда, барлығымыз орнымызға жайғасуымыз керек. Бағдарлама жұма және сенбі күндері 16:50-де, ал жексенбі күні 15:35-те аяқталады.

◼ Көлік қою. Мүмкін болса, конгресс өтетін жердің бәрінде көлік қоятын орындар дайындалады. Көлік қоятын орын әдетте шектеулі, сондықтан бір көлікпен көбірек адам келгені жөн.

◼ Орын алу. Отыратын орынды тек бір көлікте келгендерге, бір үйде тұрып жатқандарға не өздеріңмен Киелі кітап зерттеп жүрген адамдарға ғана алуға болады. Қарт және сырқат бауырластарға арналған орындар шектеулі болғандықтан, сол орындарда олардың бүкіл отбасы мүшелерінің отыруына мүмкіндік болмайды. Қарт не сырқат бауырластар мен оларға көмек көрсететіндер отыра алуы үшін сол орындарды алмауыңды өтінеміз (Қор. 1-х. 13:5).

◼ Түскі ас. Үзіліс кезінде басқа жерге барып түстенгеннен гөрі, тамақты өздеріңмен бірге әкелгендерің жөн. Тамақ салынған сөмке орындықтың астына сыятындай шағын болу керек. Демалуға шыққанда қолданылатын үлкен сөмке-тоңазытқыштарды, шыны ыдыстарды конгреске әкелуге болмайды.

◼ Садақа. Конгреске деген ризашылығымызды сол жердегі жәшіктерге ерікті садақа салу арқылы білдіре аламыз.

◼ Дәрі-дәрмек. Қабылдап жүрген дәрілерің болса, жеткілікті мөлшерде ала келген жөн. Өйткені конгресс өтетін жерде ондай дәрі-дәрмек табылмауы мүмкін. Дәрі егетін инелер мен диабетпен ауыратындардың шприцтерін конгресс өтетін жердегі және қонақүйдегі кәдімгі қоқысқа тастауға болмайды. Олар зиянды қоқыс ретінде аса ұқыптылықпен тасталу керек.

◼ Аяқкиім. Жыл сайын көп бауырлас аяқкиімдері ыңғайсыз болғандықтан жарақаттанып жатады. Сондықтан еңіс жермен түсуге, баспалдақпен және темір торлардың үстімен жүруге ыңғайлы әрі қарапайым аяқкиім киген дұрыс.

◼ Бесікарба мен бүктемелі орындықтар. Балалардың бесікарбасы мен бүктемелі орындықтарды конгреске әкелуге болмайды. Бірақ ата-ананың жанындағы орындыққа бекітіп қоюға болатын балаларға арналған қауіпсіз отырғышты әкелуге болады.

◼ Иіссулар. Конгрестердің көбісі жабық ғимараттарда өтетіндіктен, тыныс алу жолдарының сырқаты бар адамдарды ескеріп, иіссуды көп сеппегеніміз дұрыс (Қор. 1-х. 10:24).

◼ “Мына кісіге баруды өтінеміз” (S-43) бланкі. Конгресс кезінде бейресми куәлік бергенде, адам қызығушылық танытса, “Мына кісіге баруды өтінеміз” бланкін толтыру керек. Сондықтан жариялаушылар осы бланктің бір-екі данасын конгреске ала келгендері дұрыс. Толтырылған бланкті әдебиет бөліміне немесе конгрестен қайтқан соң, қауым хатшысына беруге болады (2011 жылғы мамыр айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 3-бетін қара.).

◼ Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс. Жариялаушыға тұратын қымбат емес орын керек болып, көмек сұраса, қауымның қызмет комитеті “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” (СО-5а) бланкін толтыру үшін жариялаушының талаптарға сай келетін-келмейтінін анықтайды. Мұндай делегаттар қымбат емес қонақүйлерге не пәтерлерге жайғастырылады.

• Пәтерге үй иесі рұқсат еткен адам саны ғана келе алады.

• Конгреске келе алмайтын болсаң, мұны бірден пәтер бөліміне және үй иесіне хабарла.

• Пәтер иесі сені ас-сумен қамтамасыз етіп, конгресс өтетін жерге апарып жүреді деп күтпе. Бұған өзің қам жасауың керек.

• Конгресс күндері біткен соң, үй иесі рұқсат еткен уақыттан артық қалма.

• Көп жағдайда конгресс делегаттары конгресс комитеті ұсынған тұратын жайлар тізімін қолданады және жайғасудың қамын өздері жасайды. Қонақүйлерде бөлмелерге қалай тапсырыс беру керектігін “Қонақүйлер” деген тақырыпшадан қараңыз.

◼ Қонақүйлер.

1) Қонақүйде қажетінен артық бөлмеге тапсырыс бермеңдер және бөлмеде рұқсат етілгеннен көп адам тұрмасын.

2) Тапсырыс берген бөлмелеріңнен бас тартпаңдар, ал егер күтпеген жерден бас тартуға тура келсе, қонақүйге бірден хабарлаңдар (Мат. 5:37).

3) Қонақүйдің қоларбасын пайдаланған соң, бірден қайтарып беріңдер.

4) Рұқсат етілмесе, бөлмеде тамақ пісірмеңдер.

5) Қонақүй қызметшілеріне атқарған қызметтері үшін шай-пұл берген жақсы.

6) Қонақүйде тегін таңғы ас, кофе не басқа заттар берілетін болса, оларды алғанда әдептілік сақтаңдар.

7) Қонақүй қызметкерлерімен қарым-қатынастарыңда киелі рух жемісін танытыңдар. Олар көп қонаққа қызмет көрсетеді, сондықтан біздің ізеттілік, шыдамдылық пен парасаттылық танытқанымызға дән риза болады.

8) Ата-аналар бассейн, қабылдау бөлмесі мен спортзалды қоса алғанда, қонақүйдің қай жерінде жүрмесін, балаларын әрдайым қадағалап жүрулері керек.

9) Қонақүйдегі бөлмеңе қатысты қандай да бір қиындықтар туындаса, конгресс кезінде пәтер бөлімімен хабарлас.

◼ Ерікті қызмет. Ерікті қызмет атқарғысы келетіндер бұл жайлы ерікті қызмет көрсету бөліміне айту керек. Он алтыға толмаған балалар да ата-анасының я болмаса ата-анасы не қамқоршысы сеніп тапсырған ересек адамның бақылауымен ерікті қызмет атқара алады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу