Қызметте Құдай Сөзінің күшіне әсер етуіне жол берейік
Қызметте әлдебіреу бізге куәлік етуге мүмкіндік берсе, осы мүмкіндікті пайдаланып, тікелей Киелі кітаптан оқу арқылы оған Құдай Сөзінің әсер етуіне жол береміз. Бұл ой өткен қызмет жылындағы арнайы бір күндік конгресте айтылған болатын. Атап айтқанда, аудандық бақылаушы “Қызметте Құдай Сөзінің күшіне әсер етуіне жол берейік” атты баяндамамен шыққан еді. Сол баяндаманың негізгі ойлары есіңде ме?
Неліктен Ехобаның сөздері біздікінен әлдеқайда құдіретті? (Тім. 2-х. 3:16, 17)
Қалайша Киелі кітап адамның сезімдеріне әсер етеді, ой-санасын жақсартады, ниетін дұрыстайды және әдеттерін оңдайды? (“Күзет мұнарасы”, 2012 жыл, 15 маусым, 27-б., 7-абз.)
Қызметте әлдебіреуге жазба орнын оқығанда, қалайша Құдай Сөзіне құрмет оятатындай жолмен назар аударуға болады? (“Қызмет мектебі” кітабы, 148-б., 4, 5-абз.; “Біздің патшалық қызметіміз” 2013 жыл, наурыз, 6-б., 8-абз.)
Оқыған жазба орнының мәнін түсіндіргеніміз әрі оған негізделіп ой жүгірткеніміз неліктен маңызды және бұны қалай істей аламыз? (Ел. іс. 17:2, 3; “Қызмет мектебі” кітабы, 154-б., 4-абз.—156-б., 5-абз.)