Кесте: 27 сәуірден басталатын апта
27 СӘУІРДЕН БАСТАЛАТЫН АПТА
33-ән және дұға
Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Самуилдің 1-жазбасы 26—31 (8 мин.)
Қайталау (20 мин.)
Қызмет кездесуі:
Осы айдың тақырыбы: Даналық танытып, “уақыттарыңды барынша тиімді пайдаланыңдар” (Ефес. 5:15, 16).
7 мин. “Тікелей шақыру.” Сұрақ-жауап. 3-абзацты қарастырғанда, шақыруды көрініс жүзінде көрсет.
10 мин. “Аймақтық конгреске қатысты ескертулер.” Талқылауды хатшы жүргізеді. Мақалада келтірілген Киелі кітап принциптеріне және оларды 2015 жылғы аймақтық конгресс барысында қалай қолдануға болатынына назар аудар. 2013 жылдың 3 тамызында барлық қауымдарға жазылған хаттағы орынды болатын ойларды да талқыла. Бұл хатта рухани жиындарда қауіпсіздік шараларын ұстану жайлы сөз етілген болатын.
13 мин. “Қызметте Құдай Сөзінің күшіне әсер етуіне жол берейік.” Талқылау. Сосын екі қысқа көрініс көрсет. Біріншісінде жариялаушы үй иесін “Қуанышты хабар” кітапшасымен таныстырады да, Киелі кітапты ашпай, Тімөтеге 2-хат 3:16, 17-дегі кейбір сөздерді ауызша айтады. Екіншісінде жариялаушы қайтадан ұсыныс жасайды, бірақ бұл жолы тармақты тікелей Киелі кітаптан оқып береді. Соңынан, тыңдаушылардан екінші көріністегі ұсыныс неліктен анағұрлым тиімді болғанын сұра.
50-ән және дұға