Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2015 жылдың 27 сәуірінен басталатын аптада қарастырылады. Әр сұрақтың қай күні талқыланатыны көрсетілген. Бұл жариялаушыларға әр аптадағы мектепке дайындалғанда зерттеу жүргізуге көмек болады.
Айнымас сүйіспеншілік деген не және оны өміріміздің әсіресе қай салаларында танытуымыз керек? (Рут 1:16, 17). [2 наур., w12-U 1.7. 26-б., 6-абз.]
Рут ненің арқасында “тамаша адам” ретінде танымал болды? (Рут 3:11). [2 наур., w12-U 1.10. 23-б., 1-абз.]
Басымызға қиындық туғанда, Ханнаға қалай еліктей аламыз? (Сам. 1-ж. 1:16—18). [9 наур., w07-U 15.3. 16-б., 4, 5-абз.]
Самуил “Ехобаның алдында өсіп, ер жете бергенде”, Ели ұлдарының жаман ықпалына берілмеуге не көмектесті? (Сам. 1-ж. 2:21). [9 наур., w10-U 1.10. 16-б., 3, 4-абз.]
“Кейбір оңбағандар” Саулды патша ретінде мойындамағанда, оның ойланбай әрекет етуден аулақ болғанынан не нәрсеге үйрене аламыз? (Сам. 1-ж. 10:22, 27). [23 наур., w05 1.4. 31-б., 1-абз.]
Саулдың Ехобаға мойынсұнуды құрбандықпен алмастыруға болады деген бұрыс көзқарасы біз үшін қандай ескерту болып табылады? (Сам. 1-ж. 15:22, 23). [30 наур., w07 1.7. 12-б., 3, 4-абз.]
Ехобаның адамның “жүрегіне қарайтыны” неліктен жігер береді? (Сам. 1-ж. 16:7). [6 сәу., w10 1.7. 19-б., 7-абз.]
Қиын жағдайға кезіккенде, Нақыл сөздер 1:4-ке сай, Ехоба бойымыздағы қандай қабілетті қолданғанымызды қалайды? (Сам. 1-ж. 21:12, 13). [13 сәу., 05 1.4. 32-б., 4-абз.]
Әбигелдің Дәуіт пен оның жігіттеріне азық-түлік бергені неге оның күйеуінің басшылығына қарсы шыққанын білдірмейді? (Сам. 1-ж. 25:10, 11, 18, 19). [20 сәу., w09-U 1.7. 20-б., 4-абз.]
Әбигел өзі жасамаған іс үшін кешірім сұрады. Біз оның үлгісінен не нәрсеге үйрене аламыз? (Сам. 1-ж. 25:24). [20 сәу., w03 1.2. 5-б., 1, 4-абз.]