Кесте: 29 желтоқсаннан басталатын апта
29 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАЛАТЫН АПТА
38-ән және дұға
Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
my 59-оқиға (30 мин.)
Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Ешуа 12—15 (10 мин.)
Қайталау (20 мин.)
Қызмет кездесуі:
Осы айдың тақырыбы: Сеніп тапсырылған жақсы қазынадан “жақсы нәрсе” алып шығайық (Мат. 12:35а).
20 мин. Киелі кітап зерттейтін адамдар мен балаларды біртіндеп “жақсы нәрсеге” үйретіңдер (Мат. 12:35а). Талқылау. Киелі кітапты зерттейтін адамдар мен балалардан нені күтетінімізді көрсету үшін келесі жазба орындарын қолдан: Қорынттықтарға 1-хат 13:11; Петірдің 1-хаты 2:2, 3. “Құдай сөзінің таза сүтінен” “дәм тату” деген нені білдіретінін және мұны істеу үшін зерттеушілер мен балаларға қалай көмектесе алатынымызды түсіндір. Марқа 4:28-де жазылған принципті қарастыр (“Күзет мұнарасы”, 2014 жыл, 15 желтоқсан, 12-бет, 6—8 абзацтарды қара). Бір тәжірибелі жариялаушымен не ата-анамен сұхбаттасып, Киелі кітапты зерттеп жүрген адамға не баласына рухани қадамдар жасауға қалай көмектескенін сұра (Ефес. 4:13—15; 2014 жылғы “Біздің патшалық қызметіміздің” мамыр айындағы “Сауалдар жәшігін” қара).
10 мин. “Қонақжай болу арқылы “жақсы нәрсемен” бөліс.” (Мат. 12:35а). Талқылау. Кейбіреулер қонақжайлылық көрсетудің қандай пайдасын көрген? Тыңдаушылардан өзгелерге, әсіресе толық уақытты қызмет ететіндерге, қалай қонақжайлылық таныта алатынымызды сұра. Қауымға баяндамамен келетін бауырластарға қонақжайлылық көрсетуге байланысты қандай шаралар ұйымдастырылғанын атап өт.
50-ән және дұға