Қонақжай болу арқылы “жақсы нәрсемен” бөліс (Мат. 12:35а)
Барлығымыз да “қонақжай болу” арқылы “жақсы нәрсені” өзгелермен бөліскіміз келеді (Рим. 12:13). Бұл мәселеде ақсақалдар басшылықты өз мойындарына алып, баяндама айтуға келетін бауырластарға қонақжайлылық танытуды, олардың жол шығынын өтеуді ұйымдастырады. Алайда тұрмыс жағдайымыз нашар немесе үйіміз жұпыны деген оймен қонақжай болудан тартыншақтап қалуымыз мүмкін. Кезінде Исаның Мартаға айтқан кеңесін есте ұстасақ, аталмыш сезімдерді жеңе аламыз (Лұқа 10:39—42). Оның айтқысы келгені қонақжайлылықта “дұрыс нәрсе” — ерекше бір ас немесе әсем үй емес, бауырмалдық көрсету, өзара жігер алу. Осы кеңеске құлақ ассақ, Құдай Сөзінде жазылғанды іске асырып, “жақсы нәрсені” бауырластарымызбен бөлісе аламыз (Жох. 3-х. 5—8).