Кесте: 22 желтоқсаннан басталатын апта
22 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАЛАТЫН АПТА
33-ән және дұға
Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Ешуа 9—11 (10 мин.)
№ 1: Ешуа 9:16—27 (4 мин. не одан кем)
№ 2: Неге аңдап сөйлеуіміз керек? (lv 12-тар., 4—8 абз.). (5 мин.)
№ 3: Иса Мәсіх — Құдай Ұлы әрі тағайындалған Патша (td 16А). (5 мин.)
Қызмет кездесуі:
Осы айдың тақырыбы: Сеніп тапсырылған жақсы қазынадан “жақсы нәрсе” алып шығайық (Мат. 12:35а).
5 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
25 мин. “2015 жылғы Теократиялық қызмет мектебі тәлім беру шеберлігімізді шыңдайды.” Теократиялық қызмет мектебінің бақылаушысы жүргізетін талқылау. Мектеп бақылаушысы кейбір абзацтарды қарастырмас бұрын, оларды оқып шығуды жөн көруі мүмкін. 1-тапсырмаға, Киелі кітаптағы көңіл бұрарлық ойларға бөлінген уақытқа және мектеп бақылаушысының айтатын кеңестеріне қатысты өзгерістерге ерекше назар аудар. 7-абзацты оқып, талқылаған соң, бір ақсақалдың отбасылық ғибадатта әйелімен және баласымен “Жаңа дүние аудармасының” 18-бетіндегі мәліметті талқылап жатқаны үлгі ретінде көрсетілсін. Барлық бауырластарды осы мектептің толық пайдасын көруге және “Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз” кітабын жақсылап қолдануға талпындыр.
20-ән және дұға