Кесте: 15 желтоқсаннан басталатын апта
15 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАЛАТЫН АПТА
46-ән және дұға
Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
my 4-бөлімге кіріспе және 56-оқиға (30 мин.)
Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Ешуа 6—8 (10 мин.)
№ 1: Ешуа 8:18—29 (4 мин. не одан кем)
№ 2: Ехоба куәгерлері жаңа дін бе? (td 10А). (5 мин.)
№ 3: Некенің қадірін түсіретін нәрселерден аулақ болу (lv 11-тар., 10—15 абз.). (5 мин.)
Қызмет кездесуі:
Осы айдың тақырыбы: Сеніп тапсырылған жақсы қазынадан “жақсы нәрсе” алып шығайық (Мат. 12:35а).
15 мин. “Киелі кітап зерттеу сабағын нәтижелі өткізейік.” Сұрақ-жауап. 3-абзацты қарастырып болған соң, екі бөлімнен тұратын көрініс көрсетілсін. Онда жариялаушы мен Киелі кітапты зерттейтін адамның “Киелі кітап үйретеді” кітабынан 15-тараудың 8-абзацын талқылап жатқаны көрсетілсін. Бірінші көріністе жариялаушы көп сөйлейді. Ал екіншісінде жариялаушы зерттеп жатқан адамның ойын білуге көмектесетін сұрақтар қояды.
15 мин. Саған Киелі кітап зерттеу сабағын жүргізуге дайындалуға көмектесетін құрал. Талқылау. Тыңдаушылардың назарын jw.org/ru сайтындағы “Мои убеждения” деп аталатын бөлімге аудар (БИБЛЕЙСКИЕ УЧЕНИЯ > ПОДРОСТКИ деген жерді қара). Ондағы мәлімет кез келген жастағы адаммен Киелі кітап зерттеу сабағын нәтижелі өткізуге қалай көмектесе алатынын талқыла. Тапсырмадағы сұрақтар зерттейтін адамның жүрегіне жол табуға қалай жәрдемдеседі? Осы тапсырмалардың бірін қолданып, жариялаушының зерттеп жатқан адамның қажеттілігі жайлы ойланып, нәтижелі сұрақтар дайындап жатқаны монолог ретінде көрсетілсін. Соңында тыңдаушыларды зерттейтін адамдардың жүрегіне жол табуға көмектесетін қолымызда бар “жақсы нәрсені” қолдана отырып, жақсы тәлімгер болуға талпындыр (Нақ. с. 20:5).
30-ән және дұға