Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. “Киелі кітап үйретеді” әдебиетін қолданып, зерттеу сабағымен таныстыр
Бұл неліктен маңызды? Көп адам біздің Киелі кітап зерттеу сабағын ұсынып жүрміз дегенімізді түсінбеуі мүмкін. Олар қандай да бір зерттеушілердің тобына қосылу керек немесе қандай да бір курсты оқу керек деп ойлап қалуы ықтимал. Сондықтан Киелі кітап зерттеу сабағын ұсынып қана қоймай, оның қалай өтетінін көрсеткеніміз абзал. Бірнеше минуттың ішінде, тіпті есік алдында тұрып, адамға Киелі кітап зерттеу сабағының қалай оңай өтетінін әрі қаншалықты пайдалы екенін көрсетуге болады.
Осы айда былай етіп көр:
Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға күш салып жатқаныңа батасын берсін деп, Ехобаға дұға ет (Філіп. 2:13).
“Киелі кітап үйретеді” басылымын қолданып, Киелі кітап зерттеу сабағы қалай өтетінін көрсет немесе қызметте кем дегенде бір рет “Киелі кітап зерттеу сабағы қалай өтеді?” деген бейнероликті көрсет.