Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.11. 4—7 бет.
  • Рухани сергітетін той

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Рухани сергітетін той
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Ұқсас мәлімет
  • Облыстық конгрестер — шындық туралы куәлік берудің керемет мүмкіндігі
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • Құдайды даңқтайтын жүріс-тұрыс
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • “Осы дүниедегі адамдар арасында жүріс-тұрыстарың бұдан былай да үлгілі болсын”
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Облыстық конгрестер — қуанышпен ғибадат ететін уақыт
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
km 4.11. 4—7 бет.

Рухани сергітетін той

1. Биылғы облыстық конгрестен не күтеміз?

1 Рухани жағынан шөл далаға айналған Шайтанның дүниесінде Ехоба өз қызметшілерін рухани сергітуде (Ишая 58:11). Мұның бір жолы — жыл сайын өтетін облыстық конгресс. Осы жылғы конгресс жақындап келе жатқандықтан, одан барынша рухани сергіп қайту үшін қандай дайындық жасай аламыз? (Нақ. с. 21:5).

2. Қандай дайындықтар жасап қоюымыз керек?

2 Әлі жеке жоспарыңды не жұмыс кестеңді конгрестің барлық күніне қатыса алатындай етіп бейімдемеген болсаң, мұны қазірден бастап қолға ал. Конгресс бағдарламасы басталмай тұрып ертерек орын алуың үшін, жолға қанша уақыт кететінін есептеп алдың ба? Ехоба әзірлеген рухани нәрлі астың ешқайсысынан құр қалғымыз келмейтіні хақ (Ишая 65:13, 14). Қайда тоқтайтыныңды, конгреске қалай жететініңді ойластырып қойдың ба?

3. Өзімізге және отбасымызға бағдарламаның барынша пайдасын көруге не көмектеседі?

3 Бағдарлама кезінде алаңдамай, мұқият тыңдауға не көмектеседі? Мүмкін болса, конгресс күндері кешкісін жақсылап тынығып ал. Баяндамашыға қарап отыр. Сондай-ақ Киелі кітабыңнан әрбір жазба орнын ашып қара. Ойларды қысқаша түртіп отыр. Отбасы мүшелерінің бірге отырғаны жақсы, сонда ата-аналар балаларының мұқият тыңдауын қадағалай алады (Нақ. с. 29:15). Күнде кешкісін бағдарламаның негізгі ойларын отбасымен бірге қайталау да пайдалы. Конгресс өтіп кеткеннен кейін де, жанұяларың рухани сергек болып қалу үшін не істей аласыңдар? Бұл үшін отбасында қолданғыларың келетін конгрестегі кейбір ойларды отбасылық ғибадат кешінде қарастыруға болады.

4. Қауымдағы бауырластардың рухани сергуіне қалай көмектесе аламыз?

4 Өзгелердің де рухани сергуіне көмектес. Біз басқалардың да рухани сергігенін қалаймыз. Қауымда конгреске бару үшін көмекке мұқтаж егде тартқан не басқа да бауырластар бар ма? Оларға қол ұшын бере аласың ба? (Жох. 1-х. 3:17, 18). Ақсақалдар, әсіресе топ бақылаушылары, осындай бауырластарға көмек көрсетілуіне қам жасау керек.

5. Конгреске шақыру қағазын қалай таратамыз? (Жоғарыдағы қоршауды да қараңдар.)

5 Биыл да конгрестен үш апта бұрын шақыру науқаны болады. Қауымдар өздерінде бар шақыру қағаздарын таратуды әрі мүмкіндігінше бүкіл аумағын жүріп шығуды мақсат етіп қоюы қажет. Ал науқан соңында жариялаушыларда шақыру қағаздары қалса, өздерімен бірге конгреске әкелулері керек. Олар конгресс күндері бейресми куәлік берілгенде қолданылады. Бұған қатысты қосымша нұсқаулар конгрестің жұма күнгі бағдарламасында беріледі. Егер шақыру қағазы бәрібір артылып қалады деп ойласаңдар, оларды конгреске келген күні-ақ қызмет көрсетушіге беру керек. Бірақ бір данасы өздеріңде қалғаны жөн, өйткені жексенбі күні соңғы баяндама барысында қажет болады.

6. Конгресте қалайша әдептілік таныта аламыз?

6 Әдептілік сақтау. Бүгінде адамдар “тек қара басын ойлайды” және өзгелердің сезімін ескермейді. Осындай заманда әдеппен жүріп-тұруға тырысатын бауырластар арасында болу жанымызды қалай сергітеді десеңші! (Тім. 2-х. 3:2). Конгресс өтетін ғимарат 8:00-де ашылғанда, у-шусыз, кезекпен кіруімізбен әдептілік танытамыз. Сондай-ақ тек отбасы мүшелеріне, көлікте бірге келгендерге не бізбен бірге Киелі кітап зерттеп жүргендерге ғана орын алуымызбен әдепті екенімізді көрсетеміз. Бағдарлама төрағасы әуен ойнайтынын хабарлап, орнымызға жайғасуды айтса, оған құлақ асқанымыз жөн. Ұялы телефон және басқа да электронды құрылғыларымызды үнсіз режимге қойғанымыз да әдептілікке жатады. Сондай-ақ бағдарлама барысында сөйлеспеу, СМС жазбау, тамақ жемеу не бостан-босқа әрі-бері жүре бермеуімізбен де әдептілік сақтаймыз.

7. Конгресте қалай өзімізді де, өзгелерді де сергіте аламыз?

7 Бауырластармен араласу. Конгрестер мәсіхшілер арасындағы бірлік пен бауырластықтың дәмін татуға тамаша мүмкіндік береді (Заб. 132:1—3). Олай болса, неге “жүрегімізді айқара ашып”, басқа қауымдағы бауырластармен өзіміз барып таныспасқа? (Қор. 2-х. 6:13). Күніне бір адаммен не бір отбасымен танысуды алдыңа мақсат етіп қоюыңа болады. Бұлай етуге түскі үзілісте керемет мүмкіндік бар. Сондықтан тамақ сатып алуға не түстенуге басқа жаққа барғаннан гөрі, өзіңмен шамалы тамақ әкеліп, сол жерде ішіп-жеп, әрі бауырластармен әңгіме-дүкен құр. Осылайша жаңа достар табуың мүмкін.

8. Неге конгресте ерікті қызмет көрсетуіміз керек және мұны қалай істей аламыз?

8 Бауырластармен иық тіресе қасиетті қызмет атқарғанға не жетсін! Конгрестегі бөлімдердің бірінде ерікті қызмет етіп, я болмаса қауымдарыңа тазалау ісі тапсырылса, соған атсалыса аласың ба? (Заб. 109:3). Егер ештеңе тапсырылмаған болса, конгрестегі Ерікті қызмет көрсету бөліміне жолығуға болады. Расында да, жұмыла көтерген жүк жеңіл!

9. Конгресс кезінде неге жүріс-тұрысымыз бен сырт көрінісімізге ерекше назар аударуымыз керек?

9 Үлгілі жүріс-тұрысымыз. Біз конгресс бағдарламасы кезінде ғана емес, бүкіл үш күн бойы да конгресс делегаттарымыз. Сондықтан конгресс өтетін қаладағы адамдар біздің осы дүниеліктерден айырмашылығымызды бірден көретіндей болу керек (Пет. 1-х. 2:12). Киіміміз бен сырт көрінісіміз барлық жерде — конгресте, тұратын жерімізде не кафеде болсын — Ехобаға мадақ әкелуі тиіс (Тім. 1-х. 2:9, 10). Плакеткамызды тағып жүрсек, адамдар біздің Ехоба куәгерлері екенімізді біледі, сондай-ақ конгресс туралы айтып, куәлік беруге мүмкіндік туады.

10. Қонақүй мен мейрамхана қызметшілерінің конгресіміз туралы жақсы ойда болуына қалай септігімізді тигізе аламыз?

10 Қонақүй мен мейрамхана қызметшілерімен қалай қызметтес бола аламыз? Қонақүйден өзімізге қажетінен артық бөлме жалдамауымыз керек, өйткені бұл өзге делегаттардың бөлме жалдауына кедергі жасайды, сондай-ақ қонақүйді шығынға ұшыратады. Тіркелу не тіркеуден шығу кезінде, адамдар көп болса, сабырлық сақтап, сөзіміз жағымды болу керек (Қол. 4:6). Мейрамхана қызметшілеріне яки қонақүй жұмысшыларына жүгімізді көтеру, бөлмемімізді жинау сияқты қызметтері үшін шай-пұл берген жөн.

11. Үлгілі жүріс-тұрысымыздың жақсы куәлік болатыны қандай мысалдардан көрінеді?

11 Біздің үлгілі жүріс-тұрысымыз өзгелерге қандай әсер қалдыруы мүмкін? Мысалы, Алматыдағы орталық стадионның директоры конгресс делегаттары жайлы былай деген: “Мені сендердің көзқарастарың таңғалдырады. Жастар да, қарттар да — бәрі бірдей сый-құрметке лайық екеніне көзім жетті. Мен Құдайға сенбеймін, бірақ сендердің рухани және материалдық құндылықтарға деген көзқарастарыңның дұрыс екеніне сенемін”. Осы қалада өткен конгресс жайлы бір полиция қызметкері былай дейді: “Мен сендермен екінші рет бетпе-бет келуім, екі жолы да конгресте кезіктім. Ехоба куәгерлерімен қызметтес болу маған өте ұнайды”.

12. Конгресс жақындап келе жатқандықтан, қандай мақсат қоюымыз керек және неліктен?

12 Биылғы конгресс те көзді ашып-жұмғанша келіп қалады. Конгресс бағдарламасы жан сергітерліктей, ал өтетін жері жайлы болу үшін көп уақыт пен күш жұмсалды. Ехоба мен оның ұйымы сен үшін дайындап отырған рухани ас-судың толық пайдасын көру үшін, конгрестің үш күніне де қатысуды мақсат етіп қой. Әдептілік сақтау, бауырластармен араласу және үлгілі жүріп-тұруыңмен өзгелерді сергітуге бел бу. Сонда сен де былтырғы конгресс делегатының: “Бұрын-соңды мұндай қанағат сезіміне бөленген емеспін!”— деп жазған сөзіне қосыла аласың.

[4-беттегі сөздер]

Конгрестен үш апта бұрын оған шақыру науқаны болады

[6-беттегі сөздер]

Киіміміз бен сырт көрінісіміз барлық жерде — конгресте, тұратын жерімізде не кафеде болсын — Ехобаға мадақ әкелуі тиіс

[7-беттегі сөздер]

Әдептілік сақтау, бауырластармен араласу және үлгілі жүріп-тұруыңмен өзгелерді сергітуге бел бу

[4—7 беттердегі қоршау]

2011 жылғы облыстық конгреске қатысты ескертулер

◼ Конгресс кестесі. Конгрестің үш күнінде де бағдарлама 9:20-да басталады. Есіктер 8:00-де ашылады. Бағдарлама өз уақытында басталып, лайықты түрде өту үшін, Патшалық әуені ойнай бастағанда, барлығымыз орнымызға жайғасуымыз керек. Бағдарлама жұма және сенбі күндері 16:55-те, ал жексенбі күні 15:40-та аяқталады.

◼ Көлік қою. Мүмкін болса, конгресс өтетін жердің бәрінде көлік қоятын орындар дайындалады. Көлік қоятын орын әдетте шектеулі, сондықтан бір көлікпен көбірек адам келгені жөн.

◼ Орын алу. Отыратын орынды тек бір көлікте келгендерге, бір үйде тұрып жатқандарға не өздеріңмен Киелі кітап зерттеп жүрген адамдарға ғана алуға болады (Қор. 1-х. 13:5).

◼ Түскі ас. Үзіліс кезінде басқа жерге барып түстенгеннен гөрі, тамақты өздеріңмен әкелген жөн. Тамақ салынған сөмке орындықтың астына сыятындай шағын болу керек. Демалуға шыққанда қолданатын үлкен сөмке-тоңазытқыштарды, шыны ыдыстарды конгреске әкелуге болмайды.

◼ Садақа. Конгресс үшін ризашылығымызды конгресс өтетін жердегі жәшікке дүниежүзілік іс үшін ерікті садақа салу арқылы білдіре аламыз.

◼ Төтенше жағдайлар. Шұғыл медициналық көмек қажет болып қалса, жақын жерде тұрған қызмет көрсетушілердің біріне айтыңдар. Ол мұны дереу Алғашқы көмек көрсету бөліміне хабарлайды да, ондағы бауырластар жәрдем береді. Қажет болса, олар 103-ке телефон соғып, жедел жәрдем шақырады. Осылайша жедел жәрдем қызметкерлерін орынсыз мазаламайтын боламыз.

◼ Дәрі-дәрмек. Қабылдап жүрген дәрілерің болса, жеткілікті мөлшерде ала келген жөн. Өйткені Алғашқы көмек көрсету бөлімінде ондай дәрі-дәрмек болмауы мүмкін.

◼ Аяқкиім. Жыл сайын көп бауырлас аяқкиімнің кесірінен жарақаттанып жатады. Сондықтан баспалдақпен не темір торлардың үстімен жүруге ыңғайлы және қарапайым аяқкиім киген дұрыс.

◼ Бесікарба мен бүктемелі орындықтар. Балалардың бесікарбасын және бүктемелі орындықтарды конгреске әкелуге болмайды. Бірақ ата-ананың жанындағы орындыққа бекітіп қоюға болатын балаларға арналған қауіпсіз отырғышты әкелуге болады.

◼ Иіссулар. Конгрестердің көбісі жабық ғимараттарда өтетіндіктен, тыныс алу жолдарының сырқаты бар адамдарды ескеріп, иіссуларды көп сеппегеніміз дұрыс (Қор. 1-х. 10:24).

◼ “Мына кісіге баруды өтінеміз” (S-43) бланкі. Конгресс кезінде бейресми куәлік бергенде адам қызығушылық танытса, “Мына кісіге баруды өтінеміз” бланкін толтыру керек. Сондықтан жариялаушылар осы бланктің бір-екі данасын конгреске ала келгендері дұрыс. Толтырылған бланкті Әдебиет бөліміне немесе конгрестен қайтқан соң, қауым хатшысына беруге болады (2009 жылғы қараша айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 4-бетін қара.).

◼ Қонақүйлер.

1) Қонақүйден қажетінен артық бөлмеге тапсырыс бермеңдер және бөлмеде рұқсат етілгеннен көп адам тұрмасын.

2) Тапсырыс берген бөлмелеріңнен бас тартпаңдар, ал егер күтпеген жерден бас тартуға тура келсе, қонақүйге бірден хабарлаңдар (Мат. 5:37).

3) Қонақүйдің қоларбасын пайдаланған соң, бірден қайтарып беріңдер.

4) Рұқсат етілмесе, бөлмеде тамақ пісірмеңдер.

5) Қонақүй қызметшілеріне атқарған қызметтері үшін шай-пұл беруге болады.

6) Қонақүйде шай, кофе немесе басқа заттар берілетін болса, әдептілік сақтаңдар.

7) Қонақүй қызметкерлерімен қарым-қатынастарыңда киелі рух жемісін танытыңдар. Олар көп қонаққа қызмет көрсететіндіктен, біздің мейірімділік, шыдамдылық пен парасаттылық танытқанымызға дән риза болады.

◼ Ерікті қызмет. Ерікті қызметке үлесімізді қосатын болсақ, конгрестен алатын қуанышымыз арта түседі (Ел. іс. 20:35). Көмегін ұсынғысы келген кез келген бауырлас Ерікті қызмет көрсету бөліміне жолықса болады. Он алтыға толмаған балалар да ата-анасының немесе ата-анасы сенім білдірген ересек адамның бақылауымен ерікті қызметке атсалыса алады.

[5-беттегі қоршау]

Шақыру қағазын қалай ұсынамыз?

Қауым аумағын түгел жүріп өту үшін, ұсынысымыздың қысқа болғаны жөн. Мысалы, былай деуге болады: “Сәлеметсіз бе! Дүниежүзі бойынша мынадай шақыру қағазы таратылуда. Мынау сізге. Көбірек мәліметті осы жерден табасыз”. Шақыру қағазының алдыңғы беті адамның қызығушылығын оятатындай етіп жасалған, сондықтан оны үй иесі көретіндей етіп ұсын. Шабыттанып сөйле. Шақыру қағазын демалыс күндері таратқанда, ыңғайы келсе, журналдарды да ұсын.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу