Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау.
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2011 жылғы 25 сәуірден басталатын аптада қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2011 жылғы 7 наурыздан басталатын апта мен 25 сәуірден басталатын апта аралығында қарастырылған мәліметтерге негізделген 20 минуттық қайталау жүргізеді.
1. Иса өзін күтіп тұрған қандай “зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді”? (Евр. 12:2). (w08 15.10. 32-б.)
2. Иса қашан “Дәуіттің кілтін” алды және оны қалай қолданып келеді? (Аян 3:7). (w09 15.1. 31-б.)
3. Неліктен көкте тыныштық орнады және бұдан кейін жерге не лақтырылды? (Аян 8:1—5). (w09 15.1. 32-б.)
4. Неге “жер патшалары” өздері көзін жойған нәрсеге қайғырады? (Аян 17:16; 18:9, 10). (w09 15.2. 5-б.)
5. “Мәңгілік өмір кітабына” кімдердің есімдері жазылған? (Аян 20:11—15). (w09 15.2. 5-б.)
6. Егер аспан шырақтары төртінші күні жаратылған болса, қалайша Құдай бірінші күні жарық берді? (Жар. 1:16). (w04 1.1. 29-б.)
7. Нұхтың заманындағы жер бетін алып кеткен су қайдан келген? (Жар. 7:11). (w04 1.1. 31-б.)
8. Ыбырайыммен жасалған келісім қашан күшіне енді және қанша уақытқа? (Жар. 12:1—3). (w04 1.3. 29-б.)
9. Сарайдың өз күңі Ажарды Ыбырамға әйелдікке ұсынғаны орынды болды ма? (Жар. 16:2). (w04 1.3. 29-б.)
10. Ехоба Луттың мас болып, екі қызымен жыныстық қатынас жасағанына көз жұмды ма? (Жар. 19:30—38). (w04 1.3. 29-б.)