Кесте: 28 маусымнан басталатын апта
28 МАУСЫМНАН БАСТАЛАТЫН АПТА
□ Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
□ Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Лұқа 22—24
□ Қызмет кездесуі:
5 мин. Хабарландырулар.
15 мин. Журналды ұсынуға дайындалу. Тыңдаушылармен талқылау. Журналға бір-екі минут шолу жаса. Кейін екі-үш мақаланы таңдап, соған байланысты қандай сұрақ қойып, қай жазба орнын оқитынын айтуға шақыр. Журнал ұсынудың бір жолы көрсетілсін. Содан кейін адамға қайта барғанда зерттеу сабағын қалай бастауға болатыны көрсетілсін (km 8.07. 3-б. қара).
15 мин. Баланы жастайынан үйретіңдер. Тыңдаушылармен талқылау. Тімоте ізгі хабардың құлшынысты әрі шебер уағыздаушысы болған (Філіп. 2:20—22). Бұл қандай да бір шамада жас кезінде анасы мен әжесі қалаған рухани іргетастың арқасында еді (Тім. 2-х. 1:5; 3:15). Жазбаларға негізделген келесі кеңестер ата-аналарға балаларын ізгі хабардың жақсы уағыздаушысы болуды үйретуге көмектеседі. 1) Балаларыңды уағызға мүмкіндігінше ерте жастан алып шығуға тырысыңдар; жасы мен қабілетіне қарап үлес қосуына көмектесіңдер (Нақ. с. 22:6). 2) Қызметті басты орынға қоюда үлгі көрсетіңдер (Філіп. 1:9, 10). 3) Отбасылық ғибадат кезінде және басқа уақыттары да балаларыңды уағыздау ісін жақсы көруге әрі бағалауға баулыңдар (Заң. қ. 6:6, 7). 4) Қызметке қатысты көзқарастарың мен сөздерің жағымды болсын (Філіп. 3:8; 4:8; Тім. 1-х. 1:12). 5) Отбасы мүшелерімен жүйелі түрде уағыздауды әдетке айналдырыңдар (Ел. іс. 5:41, 42). 6) Құлшынысы зор жариялаушылармен араласыңдар (Нақ. с. 13:20). Тыңдаушыларды кезінде ата-аналары оларға уағыздауды және содан қуаныш алуды үйреткенде есте қалған ерекше жайттармен бөлісуге шақыр.