Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2010 жылғы 28 маусымнан басталатын аптада қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2010 жылғы 3 мамырдан басталатын апта мен 28 маусымнан басталатын апта аралығында қарастырылған мәліметтерге негізделген 20 минуттық қайталау жүргізеді.
1. Неге Иса өзін “Ізгі Ұстаз” деп атаған кісіні түзетті? (Мар. 10:17, 18). (w08 15.2. 30-б.)
2. Иса інжір ағашы туралы мысал келтіргенде, Исраил халқына қатысты не айтқысы келді? (Мар. 11:12—14, 20, 21). (w03-U 15.5. 26-б., 2, 3-абз.)
3. Исаның адал елшілеріне: “Мен Құдай Патшалығында жаңа түрде ішетін күніме дейін енді қайтып жүзім шырынынан ішпеймін”,— деп айтқан сөздерін қалай түсінуге болады? (Мар. 14:25) (w08 15.2. 30-б.)
4. Исаның “Құдайым, Құдайым! Неліктен Мені жалғыз қалдырдың?” деген сөздері оның сенімінің жоқ болғандығына нұсқай ма? (Мар. 15:34). (w08 15.2. 30-б.)
5. Жәбірейіл періштенің Мәриямның үстіне киелі рух келіп, Құдайдың құдіреті оған көлеңкесін түсіргеннің арқасында ‘құрсақ көтеретіні’ туралы сөздері нені білдіреді? (Лұқа 1:30, 31, 34, 35). (w08 15.3. 30-б.)
6. Не себепті Мәриямның ‘жаны жүрегін қылышпен тілгілегендей қатты’ ауырды? (Лұқа 2:35). (w08 15.3. 31-б.)
7. Исаның шәкірттері шынымен ‘демалыс күні істеуге тыйым салынған жұмысты істеді’ ме? (Лұқа 6:1, 2). (gt 31-тар.)
8. Исаның Мартаға берген кеңесінен не нәрсеге үйренуге болады? (Лұқа 10:40—42). (w99-U 1.9. 31-б.)
9. Исаның көрнекті мысалындағы періштелердің жоғалған теңгеге деген көзқарасы не себепті көңіл бұрарлық нәрсе? (Лұқа 15:10). (gt 85-тар.)
10. Иса неге сонша қатты қиналды? (Лұқа 22:44). (w08 15.3. 32-б.)