Сен оны барынша қолданып жүрсің бе?
1 “Күзет мұнарасының” ұсынуға арналған санының алғашқы басылымын оқыған бір әйел бауырлас: “Мен оны уағызда тезірек қолданғанша асығудамын!”— деп жазған. Ұсынуға арналған журналдың айдарларын қарап, оларды қызметте қалай қолдануға болатынын ойластырып көрдің бе?
2 “Исадан тәлім аламыз”. Мүмкін, бұл айдардың зерттеу сабағын бастауға жақсы көмектесетінін байқаған боларсың. Бұл үшін үй иесіне мақаланың тақырыбын көрсет те, бірінші абзацтан Исаның бұл мәселеге қатысты не айтқанын оқып бер. Егер адам қызығушылық білдірсе, ой жүгіртуге талпындыратын сұрақтар ретінде жазылған тақырыпшаларды пайдаланып, талқылауды жалғастыра бер. Алдымен сұраққа қатысты адамның ойын біл. Одан соң осы сұрақпен байланысы бар суреттерді қысқаша түсіндір де, келесі абзацқа көш. Мүмкін, адаммен алғаш сөйлескенде, мақаланың бірінші жартысын талқылап, келесі жолы оны аяқтай алатын шығарсың. Зерттеу сабағын әрі қарай “Киелі кітап үйретеді” басылымы бойынша жалғастыруға дайын бол.
3 “Отбасы бақытының сыры”. Бұл айдар күйеулер мен әйелдерге және ата-аналарға Киелі кітап принциптерін қолдана отырып, отбасының берекесін кетіретін мәселелерді қалай шешуге болатынын көрсетеді. Сондай-ақ бұл мақаланы пайдаланып, Куәгер емес адамдардың назарын Киелі кітаптың даналығына аударуға болады (Тім. 2-х. 3:16, 17).
4 Жастарға арналған айдарлар. “Жастарымызға арналған” деп аталатын жаттығулары бар айдарды Киелі кітаптағы қандай да бір оқиғаны зерттеу үшін қолдана аламыз. Ондағы мақалаларды пайдаланып уағызда кездескен жастарға Құдай Сөзін зерттеудің қандай пайдасы бар екенін көрсетуге болады (Заб. 118:9, 105). Ата-аналармен сөйлескенде “Балаларыңа тәлім беріңдер” деген айдарға назар аударуға болады. Бұл айдар кішкентай балаларға Киелі кітап кейіпкерлерінің өмірінен қандай маңызды сабақ алуға болатынын көрсетеді. Сендер балаларыңмен бірге ондағы мақалаларды оқуға тырысасыңдар ма?
5 Басқа айдарлар. “Оқырман сауалдары” айдарында Куәгер емес адамдар қояды-ау деген сұрақтар талқыланады. Үйме-үй жүріп, журналдар ұсынғанда осы мақалаға назар аударуыңа болады. Әртүрлі елдерден келген хаттарда миссионерлер мен басқа бауырластар қызметте кезіккен қиыншылықтары туралы әсерлі оқиғаларды айтып береді. Бұл мақалалар Мәсіхтің таққа отырғанын көрсететін пайғамбарлыққа, яғни ізгі хабардың дүниежүзі бойынша уағыздалып жатқанына, қызығушылардың назарын аударады (Мат. 24:3, 14).
6 Теократиялық қызмет мектебінің Киелі кітапты оқу кестесіне негізделген “Құдайға жақында” айдары ақжүректі адамдарды Ехоба туралы көбірек білуге талпындыруы мүмкін. “Олардың сенімдерін үлгі етіңдер” деген айдардағы мақалалар оқырмандарға Киелі кітаптағы оқиғалар мен ондағы кейіпкерлерді, олардың қабылдаған шешімдерін, көрген қиындықтарын, танытқан сенімдерін көз алдарына анық елестетуге көмектеседі.
7 Үш ай сайын “Күзет мұнарасының” таратуға арналған санын алып тұру неткен қуанышты! Оны толық оқып шығып, қызметімізде барынша қолданайық!