Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2008 жылғы 25 тамыздан басталатын аптада ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2008 жылғы 7 шілдеден басталатын апта мен 25 тамыздан басталатын апта аралығында теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту: егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетіңше зерттеу жүргізуің керек. ((“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерінқара.)
САБАҚ
1. Шындықты басқаларға айтқанда, қалай “парасаттылық” танытуға болады? (Філіп. 4:5, ЖД) (be 251-б., 3-абз.).
2. Киелі кітапты өмірлерінде бедел тұтпайтын адамдарға куәлік еткенде Ареопагта гректерге сөйлегендегі Пауылдың үлгісі бізге қалай көмектесуі мүмкін? (Ел. іс. 17:22, 23) (be 252-б., 1, 2-абз.).
3. Тіпті адамның қателесіп тұрғанына әбден көзіміз жетіп тұрса да, қалай парасаттылық танытуымызға болады? (be 252-б., 5-абз. — 253-б., 1-абз.).
4. Біз сенімді сөйлеуге тырыссақ та, не нәрсені ұмытпауымыз керек? (be 255-б., 3-абз., қоршау).
5. Адамның жүрегіне әсер ету үшін қырағылықты қалай қолдануымызға болады? (Нақ. с. 20:5) (be 258-б., 1-абз. — 259 -б., 1-абз.).
№1-ТАПСЫРМА
6. Шартты жағдаймен жұмыс істегенде, әйел бауырластар нені ескерулері керек? (be 44-б., 5, 6-абз.).
7. Киелі кітаптағы көңіл бұрарлық ойлармен шығатын бауырластар қандай мақсат көздеулері керек? (Нех. 8:8) (be 47-б., 2, 3-абз.).
8. Ер бауырлас қызмет кездесуіндегі тапсырмасында көрініс не сұхбат болса, оны қалай орындауы керек? (be 49-б., 5-абз.).
9. Баяндамасы Жазбаларға негізделген болу үшін баяндамашы не істеуі керек? (Ел. іс. 17:2, 3) (be 52-б., 6-абз. — 53-б., 2-абз.).
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
10. Неге киелі рух Пауыл мен оның серіктеріне Азия аймағы мен Бітүнияда уағыздауға тыйым салды? (Ел. іс. 16:6, 7).
11. Пауыл қандай ант берген еді? (Ел. іс. 18:18).
12. Арыстарқ пен Гай қуғын-сүргінге қалай қарады? (Ел. іс. 19:29; 20:4, 5) (w08 15.02 10-б., 16, 17-абз.).
13. Елші Пауылға тағылған қандай жалған айыптар бүгінде Ехоба куәгерлеріне қарсы айтылып жатқан сөздерді есімізге салады? (Ел. іс. 24:5, 6) (w01-U 15.12 22-б., 7-абз. — 23-б., 2-абз.).
14. Қай мағынада Саул “өкше темірге қарсы теуіп” жүрген еді? (Ел. іс. 26:14) (w03 1.10 32-б.).
15. Пауыл тұрған үйінде екі жыл бойы қамауда болғанына қарамастан, Патшалық жариялаушысы ретінде қандай үлгі қалдырды? (Ел. іс. 28:30, 31).