Қызмет кезінде уақытыңды тиімді пайдалан
1 Бізді әлі де көп іс күтіп тұрғаны анық, ал осы заманның ақыры болса таяп қалды (Жох. 4:35; Қор. 1-х. 7:29). Алдын ала жоспар құрып және істерімізді жақсылап ұйымдастыра отырып, қызметке арнаған уақытымызды барынша тиімді пайдалана аламыз.
2 Дайын бол. Уағыздауға арналған кездесуге барарда өзіңе қажетті әдебиеттерді алғаныңа көз жеткіз және ұсынысыңды жақсылап дайындап ал. Кездесуден кейін дұға айтылған соң, кідірместен қызметке бар. Осылайша өзің де, сенімен шыққан адамдар да қызметке бөлген уақытты барынша ұтымды пайдаланып, көбірек іс атқара аласыңдар.
3 Егер уағыздауға арналған кездесуді жүргізуге тағайындалсаң, кездесуді уақтылы баста. Кездесу уақыты 10—15 минуттан аспасын. Жариялаушыларды жібермей тұрып, әрқайсысы өзінің қайда және кіммен баратынын білетініне көз жеткізіп ал.
4 Қызмет кезінде. Уағыздауға арналған кездесу аяқталғанда, аса маңызы жоқ істерге бола кідіріп қалмай, бірден учаскеге бар. Егер уағыздан ертерек қайтатын болсаң, басқалар да сенімен бірге ерте қайтуға мәжбүр болмау үшін, қалай қайтатыныңды өзің ойластырарсың. Бірнеше адам болып уағызға шыққанда, серіктестеріңе мұқият бол. Мүмкін, олар сені күтіп тұрған шығар. Сондықтан дауласуға бейім адамдармен ілтипаттылық таныта отырып әңгімеңді доғарғаның немесе қызығушылық танытқан адаммен әңгімеңді басқа жолы жалғастыруға келіскенің дұрыс болар (Мат. 10:11).
5 Адамдарға қайта барғанда, бір аймақта тұратын адамдармен сөйлесіп шыққан соң ғана екінші аймаққа баратын болсаңдар, қажетсіз жол жүре бермейтін боласыңдар. Сондай-ақ үйлерінде болатынына көз жеткізіп алу үшін кейбір адамдарға телефон шалуға болады (Нақ. с. 21:5). Адаммен ұзақ сөйлесіп қалатындай болсаң, өзіңмен бірге шыққан жариялаушылар жақын маңда уағыздай беру үшін немесе басқа адамдарға қайта барып сөйлесе беру үшін алдын ала келісіп қоюға болады.
6 Біз рухани мағынада ұлы орақ кезінде өмір сүрудеміз (Мат. 9:37, 38). Жақында бұл іс аяқталады. Сондықтан қызмет кезінде уақытымызды мейлінше тиімді пайдалануға талпына берейік.