Қызмет кездесулерінің кестесі
14 қаңтардан басталатын апта
3-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. 8-беттегі немесе аймақтарыңда қолдануға болатын басқа ұсынысты пайдаланып, “Күзет мұнарасының” 1 қаңтардағы санын қалай ұсынуға болатынын көрсет.
15 мин. “Қызмет кезінде уақытыңды тиімді пайдалан”a. Уағыздауға арналған кездесуді жүргізуге және бауырластарды уағызға алып шығуға қатысты жақсы үлгі көрсететін бауырласпен сұхбаттас. Ол бұған қалай дайындалады және бауырластардың қызмет уақытын тиімді пайдалануларына қалай көмектеседі?
20 мин. “Ұдайы... сөздерің дәмді болсын”b. 2-абзацқа келгенде, Жохан 4:7—15, 39 тармақтарды оқы.
11-ән
21 қаңтардан басталатын апта
23-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Ақпан айында ұсынатын әдебиетті айтып өт және бір ұсыныс көрсетілсін. Бәрін де 4 қаңтардан басталатын аптадағы қызмет кездесуінде талқыланатын “Қан құймай емдеу шаралары. Науқастың құқын бұзбай көмек беру” (ор.) деп аталатын бейнефильмді қарап, талқылауға дайындалып келуге шақыр.
10 мин. “Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу” кітапшасын оқып жүрсің бе? 2008 жылғы “Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу” кітапшасының кіріспесіне негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Күндік тармақтарды және оларға берілген түсініктемелерді күн сайын қарастырудың маңыздылығын айт. Залдағылардан күнделікті тармақты қашан және қалай қарастыратындарын, сондай-ақ мұның қандай пайдасын көріп жүргендерін сұра. Бір-екі адамды алдын ала дайындап қоюға болады. 2008 жылғы жылдық тармақты қысқаша қарастырып өт.
25 мин. “Ізгі хабарды уағыздап жеткіз”c. (1—10 абз.) Бұл бөлімді қызмет бақылаушысы дайындайды. Өткен жылы уақыты тығыз немесе сырқат болғанына қарамастан, қосалқы ізашар болып қызмет еткен бір-екі жариялаушымен сұхбаттас. Қосалқы ізашар болып қызмет ете алу үшін олар не істеді? Олар қандай қуанышқа бөленді? 7-абзацқа келгенде наурыз, сәуір және мамыр айларында өтетін уағыздауға арналған кездесулердің кестесін айтып өт.
25-ән
28 қаңтардан басталатын апта
1-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаңтар айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы.
20 мин. “Ізгі хабарды уағыздап жеткіз”d. (11—17 абз.) Еске алу кешіне шақыру қағазы қауымда бар болса, 14 абзацқа келгенде, залдағыларға үлестірілсін. Қауым аумағын аралап шығу үшін қандай шаралар қарастырылғанын айтып өт.
15 мин. “Киелі кітап зерттеп жүрген адамдарға жариялаушы болуға көмектес”e. Уақыт болса, залдағыларды Жазба орындарын түсіндіріп отыруға шақыр.
16-ән
4 ақпаннан басталатын апта
6-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Сауалдар жәшігін шолып өт.
10 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
25 мин. “Сен мұны кейінге ысырып жүрген жоқсың ба?” Бұл бөлімді ақсақал дайындайды. Мақаладағы сұрақтарды пайдаланып, “Науқастың құқын бұзбай көмек беру” (ор.) деп аталатын фильмді талқылауға бірден кіріс. Соңғы абзацты оқып шық та, көрсетілген “Күзет мұнарасы” мен “Біздің патшалық қызметіміздегі” мәліметтерді қайтадан мұқият қарап шығуға талпындыр. Әлі ЕБС құжатын толтырмағандарға қан фракциялары мен емшараларға қатысты жеке шешім қабылдап, бұл шешімдерін ЕБС құжатына жазбас бұрын 2006 жылғы қараша айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасында жазылған пайдалы мәліметті қарауға болатынын түсіндір. Құжатты толтырған адамдар, мүмкін, өз шешімдерін қайта қарастырып, қажет болса, құжатты қайтадан толтырғылары келетін шығар.
2-ән
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
e Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.