Киелі кітап зерттеу сабағын жүргізуді мақсат ет
1 “Көздеріңді ашып, егіндіктерге қараңдар, олар жинауға дайын пісіп тұр” (Жох. 4:35). Иса Мәсіх айтқан осы сөздер оның бүгінгі ізбасарлары кезігіп жатқан жағдайды жақсы суреттейтіні анық.
2 Ехобаның жолдарын үйренгісі келетін ақ жүректі адамдар әлі де табылуда. Мұны жыл сайын конгрестерде шомылдыру рәсімінен өтіп жатқан адамдардың санынан байқауға болады. Егер сенде зерттеу сабағын жүргізуге деген шынайы ықылас болса, бұл үшін не істеуіңе болады?
3 Мақсат қой. Ең алдымен, зерттеу сабағын бастауды және оны жүйелі түрде өткізуді мақсат етіп қой. Уағызға шыққанда осыны есте ұста. Мәсіхшілер ретінде бізге уағыздаумен қатар тәлім беру ісі де тапсырылғандықтан, бәріміз де шәкірт дайындау ісіне неғұрлым көбірек атсалысуға талпынуымыз керек (Мат. 24:14; 28:19, 20).
4 Басқа да ескеретін жайттар. Шын жүректен айтылатын дұға — Патшалық жариялаушысының өміріндегі аса маңызды нәрсе. Кейде біз адамдарға Құдайдан рухани көмек сұрап отырған кездерінде келеміз. Ехобаның осындай адамдарды тауып, тәлім беру үшін бізді қолданғаны неткен мәртебе! (Нағ. 2:7; Ел. іс. 10:1, 2).
5 Бір әйел бауырлас зерттеу сабағы туралы дұға айтады да, “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” деп аталатын трактатты жұмысында көрінетін жерге қойып қояды. Артынша бір әйелдің оған көзі түседі де, сол жерде бастан-аяқ оқып шығып, трактаттың артындағы купонды толтыра бастайды. Сонда біздің бауырлас ол әйелмен сөйлесіп, онымен зерттеу сабағын бастайды.
6 Зерттеу сабақтарын бастап, оларды жүргізуде тәжірибесі бар жариялаушылар сенің де осы мақсатқа жетуіңе көмектесе алады. Дұға ете отырып, зерттеу сабағын ізде және мақсатыңа жетуге көмектесетін шаралардың бәрін пайдалан. Мүмкін, көп ұзамай сен де зерттеу сабағын қуанышпен жүргізіп жүретін шығарсың.