Ең жақсы емдеу тәсілі қандай?
“Қан құймай емдеу тәсілін қабыл алатын әрбір адам, негізінде, ота жасаудың ең жақсы тәсілін таңдайды”. Медицина ғылымының докторы, анестезиолог Майкл Роуз осылай деген. “Қан құймай емдеу” кезінде қандай емшаралар мен емдеу тәсілдері қолданылады? Емдеу мен ота жасау тәсілдерімен жақсы танысып барып шешім қабылдау үшін, осы сұрақтың жауабын білуің керек. Ол үшін “Қаннан бас тарту. Медицина көзқарасын өзгертуде” деп аталатын фильмді көріп шық. Одан кейін өзіңнің қалай түсінгеніңді келесі сұрақтарды қоя отырып, тексеріп шық (Ескерту: ата-аналар фильмді балаларымен бірге көрген кезде, абай болулары керек, себебі онда бірнеше рет дәрігерлердің ота жасап жатқан кезі көрсетіледі).
1) Ехоба Куәгерлерінің қан құйдырмауларының басты себебі қандай? 2) Ехоба Куәгерлері емнің қандай түрін қабылдағылары келеді? 3) Науқастың негізгі құқығы қандай? 4) Неліктен қан құймай емдеу жолын таңдау парасаттылыққа жатады, әрі жауапты шешім болып табылады? 5) Науқас қансыраған жағдайда дәрігерлер тез арада қандай екі тәсілді қолданады? 6) Қан құймай емдеу тәсілінің қандай төрт принципі бар? 7) Қалай дәрігерлер: а) қанның кетуін мүмкіндігінше азайта алады, ә) эритроциттерді сақтай алады, б) қанның жасалу процесін күшейте алады, в) жоғалған қанды қайтара алады? 8) а) Гемодилюция және ә) реинфузия деп аталатын емшараларды суреттеп бер. 9) Неге кез келген қан құймай емдеу жолы туралы жақсы біліп алуға тырысуың керек? 10) Үлкен әрі күрделі оталарды қан құймай жасауға бола ма? 11) Медицина саласында қандай ілгерілеуді байқауға болады?
Бейнефильмде көрсетілген емдеу тәсілдеріне қатысты әркім Киелі кітап бойынша тәрбиеленген ар-ұжданына сәйкес өз шешімін қабылдайды. Өзің және балаларың үшін қан құймай емдеу жолдарының қайсысын қолданатыныңды шештің бе? Сондай-ақ неліктен және қандай шешім қабылдағанымызды Куәгер емес туыстарымызға да жақсылап түсіндіру керек. (2000 жылғы “Күзет мұнарасының” 15 маусымдағы санында (ор.) және 2001 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 ақпандағы санында жарияланған “Оқырмандардың сауалдарын”, сондай-ақ 2004 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 шілдедегі санының “Сыйға алған өміріңді дұрыс бағала” және “Тірі Құдайдың басшылығымен жүріңдер” деген мақалаларын қара.)