Қан құймай емдеу әдістерінен хабардарсың ба?
Дүниежүзінде қан құймай ота жасайтын дәрігерлердің саны өсуде. Қан құймай емдеудің барлық әдісін жақсы білесің бе? Мұны білгенің емделгенде не ота жасатпақ болғанда, жан-жақты ойластырылған шешім қабылдауыңа көмектеседі. “Қаннан бас тарту. Медицина көзқарасын өзгертуде” деген бейнефильмді қара. Содан кейін келесі сұрақтардың көмегімен білген жайттар жайлы дұға ете отырып ой жүгірт. Ескерту: фильмде хирургиялық ота көрсетілетіндіктен, ата-аналар оны балалармен көруді шешкенде парасатты болулары керек.
1) Ехоба куәгерлерінің қан құйдырмауларының басты себебі қандай? 2) Ехоба куәгерлері емнің қандай түрін қабылдағылары келеді? 3) Науқастың негізгі құқығы қандай? 4) Неліктен қан құймай емдеу жолын таңдау парасаттылыққа жатады? 5) Науқас қансыраған жағдайда дәрігерлер шұғыл түрде қандай екі нәрсені істеуі керек? 6) Қан құймай емдеу тәсілінің қандай төрт принципі бар? 7) Қалай дәрігерлер: а) қанның кетуін мүмкіндігінше азайта алады, ә) эритроциттерді сақтай алады, б) қанның жасалу процесін күшейте алады, в) жоғалған қанды қайтара алады? 8) а) Гемодилюция және ә) реинфузия деп аталатын емшараларды суреттеп бер. 9) Кез келген қан құймай емдеу жолы туралы нені жақсы білуің керек? 10) Үлкен әрі күрделі оталарды қан құймай жасауға бола ма? 11) Медицина саласында қандай жақсы өзгеріс болып жатыр?
Бейнефильмде көрсетілген емдеу тәсілдеріне қатысты әркім Киелі кітап бойынша тәрбиеленген ар-ұжданына сәйкес шешім қабылдайды. Өзің және балаларың үшін емдеу жолдарының қайсысын қолданатыныңды нақты шешіп, ЕБС (“Өз еркін білдіру және сенімхат”) құжатын толтырдың ба? Бұл мәселеге қатысты мәліметті “Күзет мұнарасының” 2004 жылғы 15 маусымдағы (ор.) және 2001 жылғы 1 ақпандағы сандарының “Оқырман сауалдары” айдарынан табуға болады. Сондай-ақ 2006 жылдың қараша айындағы “Біздің патшалық қызметімізде” жарияланған “Мен қан фракциялары мен өз қаным қолданылатын емшараларға қалай қараймын?” деген мақаланы қолданып, емшаралардың қайсысын қолданатыныңды және қайсысынан бас тартатыныңды шеш. Содан кейін ЕБС құжатына өз шешіміңді анық етіп жазып қой. Сенің қандай шешім қабылдағаныңды өкілдерің мен Куәгер емес туыстарың толықтай білулері керек.
[3-беттегі қоршау]
• Өзің және балаларың үшін емдеу әдістерінің қайсысын қолданатыныңды нақты шешіп алдың ба?
• Сен әрқашан ЕБС құжатын алып жүресің бе?