Сен табиғи апатқа дайынсың ба?
1. Неге табиғи апаттарға дайындалу даналыққа жатады?
1 Жыл сайын, біздің бауырластарымызды қоса алғанда, дүние жүзі бойынша миллиондаған адам жер сілкінісінің, цунамидің, муссонның, дауылдың, торнадоның және су тасқынының құрбаны болып жатады. Табиғи апаттар күтпеген жерден кез келген адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан оған дайын болғанымыз даналыққа жатады (Нақ. с. 21:5).
2. Неге ақсақалдарға соңғы мекен-жайымыз бен телефон нөмірімізді беріп қойғанымыз дұрыс?
2 Апатқа дайын болу. Кейде билік иелері төніп келе жатқан апат туралы алдын ала ескерте алады. Ондай ескертуге құлақ асқанымыз маңызды (Нақ. с. 22:3). Мұндайда ақсақалдар дайындалуға көмектесу үшін, қауымдағылардың бәрімен байланысуға тырысады. Апат өткен соң, олардың аман-есен екеніне көз жеткізіп, қандай көмек керек екенін білу үшін, қауымға келетін адамдардың бәрінің хабарын алуға тырысады. Ақсақалдар бұған шұғыл түрде кіріспесе, құнды уақытты жоғалтулары мүмкін. Сондықтан жариялаушылардың қауым төрағасы мен кітап зерттеу тобының бақылаушысына соңғы мекен-жайлары мен телефон нөмірлерін беріп қойғандары дұрыс.
3. Қауіпті аймақта тұратын болсақ, ақсақалдармен қалай қызметтес болуымызға болады?
3 Қауіпті аймақтағы қауымдарда ақсақалдар жариялаушылардан апат болған жағдайда байланыса алу үшін қауіпсіз аймақта тұратын туыстарының не достарының есімдері мен телефон нөмірлерін беріп қоюын өтінулеріне болады. Осының арқасында олар қауіпті аймақтан шығарылған бауырластарды анықтай алады. Сондай-ақ ақсақалдар төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігіне байланысты жоспар құрғылары келетін шығар. Бұған апат болған жағдайда алатын ең қажетті заттардың тізімін жасау, адамдарды қауіпті аймақтан шығару шаралары және ерекше көмекке мұқтаж адамдарға жәрдем берудің жоспары сияқты нәрселер жатады. Сүйіспеншілікпен жасалатын осындай шараларға қолдау көрсеткеніміз маңызды (Евр. 13:17).
4. Егер апат болған аймақта қалып кетсек, не істегеніміз дұрыс?
4 Апаттан кейін. Егер апат болған аймақта қалып кетсең, не істегенің дұрыс? Отбасыңның ең басты қажеттілігінің қанағаттандырылуына мүмкіндік жаса. Қолыңнан келгенше, басқаларға да көмектес. Тіпті аман-есен болсаң да және көмекті қажет етпесең де, мүмкіндігінше тез арада кітап зерттеу тобыңның бақылаушысына не басқа бір ақсақалға хабарыңды беруге тырыс. Ал көмекке мұқтаж болсаң, бауырластарың саған көмектесу үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасап жатқанына сенімді бол (Қор. 1-х. 13:4, 7). Ехобаның жағдайды көріп отырғанын естен шығарма; оған сенім арт, ол сені қолдайды (Заб. 36:39; 61:9). Басқаларға рухани және эмоциялық жағынан қолдау көрсетудің мүмкіндігін жіберме (Қор. 2-х. 1:3, 4). Жағдай түзеле салысымен, теократиялық істерге қайта кірісуге тырыс (Мат. 6:33).
5. Табиғи апаттар төндіріп тұрған қауіп бізге, мәсіхшілерге қалай әсер етуі керек?
5 Табиғи апаттар төндіріп тұрған қауіп көп уайым әкеп жатқанымен, біз болашаққа сеніммен қарай аламыз. Жақында апат атаулының бәрі өткеннің құбылыстары болып қалады (Аян 21:4). Ал ол уақыт келгенше, басқаларға ізгі хабарды құлшына жариялай жүріп, қиын уақыттарға дайын болу үшін, парасаттылықпен қажетті қадамдар жасай берейік.