Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 1.07. 3-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2007
Біздің патшалық қызметіміз. 2007
km 1.07. 3-б.

Хабарландырулар

◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Қаңтарда “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабы. Ақпанда “Ехобаға жақында” кітабы. Наурызда қауымда бар 32 беттік кітапшалар. Сәуірде “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық білдірген, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға қайта барғанда, “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын ұсынуға тырысыңдар. Осы кітап бойынша Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар.

◼ Ақпан айынан бастап 4 наурыздан кешіктірмей, аудандық бақылаушы “Құдайдың жаңа дүниесі. Оған кім лайық?” деп аталатын жаңа баяндама айтады.

◼ Қытай тіліндегі әдебиеттер екі түрлі қаріппен басылып шығарылды. Гонконг пен Тайваньда тұратын адамдар көбінше “Қытайша” (CH) деп аталатын дәстүрлі қаріпте оқиды. Ал қытайлықтардың қалған басым бөлігі “Қарапайым қытайша” (CHS) деп аталатын қаріпте оқиды. Адам қандай қытай диалектінде сөйлесе де, осы екі қаріптің бірінде ғана оқиды. Сондықтан қайсысын қалайтынын біліп алу керек болады. Ол үшін “Барлық ұлт адамдарына арналған ізгі хабар” деп аталатын кітапшаның 37, 38-беттеріндегі қаріптерді салыстырып көруге болады. Осылайша қандай қаріпте жазылған әдебиетке тапсырыс беруге болатынын біле аламыз.

◼ Дүйсенбі, 2 сәуір күні, күн батқан соң Еске алу кешін атап өту үшін, қауымдар қажетті шаралар қолданулары керек. Баяндаманы ертерек бастауға болғанымен, рәміздерді қолдан қолға беруді күн батпай бастамау керек. Аймақтарыңда қай уақытта күн бататынын жергілікті мекемелерден анықтап алыңдар. Әрбір қауым Еске алу кешін бөлек өткізгендері жақсы, алайда бұл әрдайым мүмкін бола бермейді. Егерде бір Патшалық сарайында бірнеше қауым жиналатын болса, бір немесе бірнеше қауым сол кешке өзге бір ғимаратты жалдағаны жөн. Келгендердің барлығы осы мерекенің толық пайдасын көру үшін, мүмкін болса, бағдарламалардың арасындағы үзіліс, кем дегенде, 40 минут болуына кеңес береміз. Сондай-ақ көліктердің жүруіне және көлікжайға қойылуына кедергі жасалмау жағын да қарастырған жөн. Мұны әсіресе адамдарды әкеліп-әкеткенде ескеру керек. Ақсақалдар кеңесі жергілікті жағдайда қандай шараларды қолданған дұрыс болатынын шешулері керек.

◼ Қауым төрағалары мен оқшау топтарға жауапты бауырластар Ізашарлық қызметке тағайындау хатының (S-202) жеткілікті мөлшерде бар екеніне көз жеткізулері қажет. Егер ол қауымда болмаса, офиске хат жазулары керек.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу