Шамалы болса да қызығушылық танытқан адамдардың бәріне қайтып бар
1 Кезінде біреудің Патшалық туралы хабарға қызығушылық танытқанымызды байқап, оны әрі қарай дамыту үшін шыдамдылықпен, мүмкін бірнеше рет, келгенінің арқасында көбіміз бүгінде шындық жолында жүрміз. Біз де енді шамалы болса да қызығушылық танытқан адамдарға қайта баруымыз керек және бұл істі адал атқаруымыз керек. Иә, қайта бару — бізге жүктелген шәкірт дайындау ісінің бір бөлігі (Мат. 28:19, 20).
2 Байқампаз бол. Тіпті адам әдебиет алмаса да, оның жүзінен, даусынан немесе сөздерінен Патшалық туралы хабарға шамалы болса да қызығушылық танытып тұрғаны байқалуы мүмкін. Онда ол адамға қайта баруға болады. Бір бауырлас әдебиет алмаса да, бір адамға бес апта бойы барып тұрған. Алтыншы рет барғанда ғана ол әдебиет алып, кейін зерттеу сабағын бастаған.
3 Егер адамның қызығушылығын байқасаң, бір-екі күн өте қайта бар. Оның жүрегіне себілген тұқымды әзәзілдің алып кетуіне мүмкіндік берме (Мат. 13:19). Егер нақты бір уақытқа келіскен болсаңдар, сөзіңде тұрып, дәл сол уақытта кел (Мат. 5:37).
4 Көшеде. Көшеде немесе бейресми куәлік еткенде, адамдардың қызығушылығын әрі қарай да дамытуға тырысасың ба? Әңгімеңді аяқтамас бұрын оған: “Маған сізбен сөйлескен өте ұнады. Әңгімемізді жалғастыру үшін сізбен тағы қалай кездесуге болады?”— деп сұрауыңа болады. Кейбір жариялаушылар орынды деп тапса, адамға өзінің телефон нөмірін береді, немесе өзінікін берген соң, оның да телефон нөмірін сұрайды. Өзіңмен көшеде үнемі кездесіп тұратын адам телефон нөмірін не мекен-жайын айтудан тартынбас. Тіпті айтқылары келмегеннің өзінде, көшеде келесі кездескенде, олардың қызығушылығын арттыруға әрекет жасауыңа болады.
5 Бақтағы өзіміз баптап күткен өсімдіктің жайнап өсіп тұрғанын көргенде қуанатынымыз сияқты, рухани өсулері үшін адамдарға қайта барып, көмек көрсету бізді зор қуанышқа бөлейді (Қор. 1-х. 3:6). Шамалы болса да қызығушылық танытқан адамдардың бәріне баруды мақсат етіп қой.