Қызмет кездесулерінің кестесі
11 желтоқсаннан басталатын апта
21-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. 2007 жылғы Теократиялық қызмет мектебі. Мектеп бақылаушысының баяндамасы және сұхбат. 2006 жылғы қазан айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасындағы қауымдарыңда қолдануға болатын мәліметке тоқталып өт. Мектеп бақылаушысы оқушы қандай сабақпен жұмыс істейтінін алдын ала хабарламайтынын айт. Келесі жариялаушылардың ішінен екі-үшеуімен сұхбаттас. Бұлар мектепке жаңадан жазылған оқушы, жетістіктер жасап жатқан жас оқушы және тәжірибелі оқушы болсын. Олар мектептің қызметтеріне және рухани күйлеріне қалай әсер етіп жатқанын айтып берсін. Бәрін де тапсырмаларын орындауға, Киелі кітаптағы көңіл бұрарлық ойларды талқылауға және апта сайын берілетін “Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз” кітабындағы кеңестерді орындауға бар күштерін салуға шақыр.
20 мин. ‘Алғашқы сенген кездегі сүйіспеншілігіңді жоғалтып алма’a. Уақыт болса, залдағыларды келтірілген Жазба орындарын түсіндіріп отыруға шақыр.
9-ән және соңғы дұға.
18 желтоқсаннан басталатын апта
18-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. Сауалдар жәшігін шолу. Қаңтардың басында уағыздау қызметіне қатысты қандай ерекше шаралар қарастырылғанын айт. 8-беттегі немесе аймақтарыңда қолдануға болатын басқа ұсынысты қолданып, 1 желтоқсандағы “Күзет мұнарасын” қалай ұсынуға болатынын көрсет. Адам “Мен бұндай нәрсеге қызықпаймын”,— деп сөзді бөліп жібергенде, әңгімені қалай жалғастыруға болатынын көрсет (hw-U, 8-бетін қара.).
15 мин. “Шамалы болса да қызығушылық танытқан адамдардың бәріне қайтып бар”b. Жариялаушылардан бейресми не көшеде куәлік еткенде, қызығушылық танытқан адамнан байланысуға болатын мәліметті қалай алатындарын сұра және осындай адамдарға қайта барғанда болған қызықты оқиғаларын айтып беруді өтін. Бір-екі жариялаушыны алдын ала дайындап қоюға болады.
20 мин. “Дайындық рухы бар адамды Құдай жарылқайды”c. Дайындық рухымен танымал бір-екі жариялаушымен сұхбаттас. Олар дайындық рухын қалай танытуда? Ол үшін не істеу керек болды және олар мұны қалай істеді? Нәтижесінде қандай батаға ие болды?
25-ән және соңғы дұға.
25 желтоқсаннан басталатын апта
4-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы.
15 мин. Қаңтарда “Ең ұлы адам” кітабын ұсынамыз. Залдағылармен талқылау. Олардан “Ең ұлы адам” кітабы несімен ұнайтынын және оны бұрын ұсынғанда, қандай қызықты оқиғаны бастарынан кешіргендерін сұра. 2005 жылғы қаңтар айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасындағы ұсыныстарды шолып шық. Олардың бірін не жергілікті аймақта тиімді болатын басқа бір ұсынысты қолданып, кітапты қалай ұсынуға болатынын көрсет.
20 мин. “Сенің учаскең бар ма?”d. Қызмет бақылаушысы қауымның аймағының көлемін, оны жариялаушылар қаншалықты жиі өтіп тұратынын және алуға болатын учаскелердің бар-жоғын қысқаша айтып өтеді.
3-ән және соңғы дұға.
1 қаңтардан басталатын апта
8-ән
5 мин. Жергілікті хабарландырулар. Желтоқсан айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.
15 мин. Қызмет жөніндегі есеп. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” кітабының (ор.) 83-бетіндегі тақырыпшаға негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау.
10 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
15 мин. “Ехоба Куәгерлерінің “Мәсіхтің соңынан ер” деп аталатын 2007 жылы өтетін облыстық конгресі”e. Бұл бөлімді қауым хатшысы дайындайды. Қосымшаны қарастырмай тұрып, 2006 жылғы 15 желтоқсанда жіберілген конгреске тағайындау хатын оқып бер. Барлығын конгреске қатысу үшін, мүмкіндігінше ерте бастан қамдану керек екенін айт.
28-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
e Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.