Үлкенге де, кішіге де жақсы үлгі
Ол Құдаймен ерекше жақын қарым-қатынаста болған. Ол өмірін Ехобаның еркін атқаруға арнаған. Ол “Құдаймен байланысып өмір сүрген”, сондықтан оның батасына ие болған. Әңгіме үлкенге де, кішіге де үлгі болуға лайық адам Нұх жайында болып отыр (Жар. 6:9). “Нұх. Ол Құдаймен бірге жүрген” деп аталатын бейнефильм Нұхтың өмірімен жақынырақ танысуға, Ехобаның оны неге жарылқағаны және оның қасиеттеріне қалай еліктей алатынымыз жайында көбірек білуімізге көмектеседі.
“Нұх” фильмі жазылған DVD дискіде бейневикторина бар. Фильмді көрген соң, келесі сұрақтар арқылы өз біліміңді тексеріп шық: 1) Кейбір періштелер қандай жаман нәрсе істеді және бұзақы алыптар деген кімдер еді? (Жар. 6:1, 2, 4) 2) Адамдар неге соншама бұзылып кетті және бұл Құдайға қалай әсер етті? (Жар. 6:4—6) 3) Нұхтың басқалардан ерекшелігі не еді? (Жар. 6:22) 4) Зұлым адамдар қалай жойылды? (Жар. 6:17) 5) Кеменің үлкендігі қандай еді? (Жар. 6:15) 6) Нұх тағы не істеді және адамдар бұған қалай қарады? (Мат. 24:38, 39; Пет. 2-х. 2:5) 7) Кемеге аңдар мен жануарлардың әрқайсысы қаншадан кіргізілді? (Жар. 7:2, 3, 8, 9) 8) Жаңбыр қанша күн жауды және жер бетін су қанша күн бойы басып тұрды (Жар. 7:11, 12; 8:3, 4) 9) Нұх пен оның отбасы ненің арқасында тірі қалды? (Жар. 6:18, 22; 7:5) 10) Кеме қай жерге тоқтады? (Жар. 8:4) 11) Нұх кемеден шығуға әлі де ерте екенін қалай білді? (Жар. 8:6—12) 12) Нұх кемеден шыққан соң не істеді? (Жар. 8:20—22) 13) Кемпірқосақ нені білдіреді? (Жар. 9:8—16) 14) Құдаймен байланысып өмір сүру деген нені білдіреді? (Жар. 6:9, 22; 7:5) 15) Нұхты жұмақта көргіміз келсе, не істеуіміз керек? (Мат. 28:19, 20; Пет. 1-х. 2:21)
Әділ әрі мойынсұнғыш адам Нұх туралы Киелі кітаптағы мәліметтен қалай ‘Құдаймен байланысып өмір сүруге’ болатынына қатысты не үйрендіңдер және бұл Ехобаның бүгінгі халқын құтқара алатынына деген сенімдеріңді қалай нығайтты? (Жар. 7:1; Нақ. с. 10:16; Евр. 11:7; Пет. 2-х. 2:9)