Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Мамырда “Күзет мұнарасы” журналы. Қайта барғанда қызығушылық білдіргендерге, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын ұсынуға баса көңіл аударыңдар. Әсіресе бұрын “Білім” кітабын немесе “Құдай талап етеді” кітапшасын зерттегендермен Киелі кітапты зерттеу сабағын қайта бастауға тырысыңдар. Маусымда “Отбасы бақыты” кітабы немесе “Құдай талап етеді” кітапшасын ұсынып, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға күш салу керек. Шілде айында “Құдайдың басшылығы” кітапшасы мен қауымда бар кез келген 32 беттік кітапшалар. Тамызда “Өлген соң адаммен не болады?” кітапшасы және қауымда бар кез келген 32 беттік кітапшалар.
◼ Шілде айында бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.
◼ Төрағалық етуші бақылаушы не ол тағайындаған бауырлас 1 шілдеде немесе осы уақыттан көп ұзамай, қауымның қаржысын тексеру керек. Егер Патшалық Сарайын күтіп ұстауға немесе соғуға қатысты қосымша шот ашылған болса, оны да тексеру керек. Тексерудің нәтижесін қаржы жөнінде кезекті есеп берілгеннен кейін хабарлау керек.
◼ Жалпы ізашарларға арналған өтініш бланктері офиске ізашарлық қызмет басталатын датадан, кем дегенде, 30 күн бұрын жіберілу керек. Қауым хатшысы осы бланктердің толық толтырылғанына көз жеткізуі керек. Бланк толтырған адамның шомылдыру рәсімінен өткен күні есінде болмаса, ол күнді шамалап жазып қойғаны дұрыс. Одан соң қауым хатшысы бұл датаны “Жариялаушылардың есептерін тіркеу қағазына” (S-21) жазып қою керек.
◼ 2006 жылғы облыстық конгрестер.
Төменде биыл өтетін облыстық конгрестердің жоспарланған күндері көрсетілген:
24, 25 маусым, Қарағанды, Қостанай, Семей; 1, 2 шілде, Қарағанды, Қостанай, Өскемен; 8, 9 шілде, Астана, Рудный, Өскемен; 14—16 шілде, Ақтөбе; 15, 16 шілде, Жезқазған; 25—27 тамыз, Алматы, Шымкент; 1—3 қыркүйек, Тараз; 2, 3 қыркүйек, Алматы (қазақ тілінде); 8—10 қыркүйек, Тараз; 9, 10 қыркүйек, Алматы (ым тілінде), Шымкент (қазақ тілінде); 30 қыркүйек, 1 қазан, Душанбе.
Облыстық конгрестің уақыты мен болатын жері өзгеретін болса, бұл жайында қауымдарға алдын ала хабарланады.