Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.12. 30—31 бет.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ол “Құдай жолымен жүрді”
    Сенімін серік еткендер
  • Нұх Құдайдың рақымына ие болған. Мұның бізге қандай қатысы бар?
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ол “Құдаймен тығыз байланыста жүрген”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Онымен бірге жеті адам аман қалды”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.12. 30—31 бет.

Оқырман сауалдары

Жаратылыс 6:3-те былай делінген: “Бұдан былай Менің Рухым адам үшін арпалысқа түспейді, себебі адам әбден бүлінген. Сондықтан ол жүз жиырма жылдан артық өмір сүрмесін”. Сонда Ехоба сол кезде адамдардың ғұмырын 120 жылға дейін қысқартты ма? Нұх Топан су туралы осыншама көп жыл уағыздады ма?

Екі сұрақтың да жауабы: жоқ.

Топан судың алдында көп адамның ғұмыры бірнеше ғасырға дейін созылған. Нұх Топан су келгенде 600 жаста еді, ал жалпы 950 жыл жасады (Жар. 7:6; 9:29). Топан судан кейін туылған кейбір адамдар да 120 жылдан аса уақыт өмір сүрді. Арпақшад 438, ал Шела 433 жасында қайтыс болды (Жар. 11:10—15). Алайда Мұсаның кезінде адамның орташа жасы 70—80-ге дейін қысқарды (Заб. 89:10). Демек, Жаратылыс 6:3-тегі сөздер адамдардың бұдан былай 120 жылдан артық өмір сүрмейтінін немесе олардың орташа жасы сондай болатынын білдірмейді.

Ендеше бұл тармақта Құдайдың Нұхқа 120 жылдан кейін адамзат жойылатынын жариялауды тапсырғаны туралы айтыла ма? Жоқ. Киелі кітапта Құдайдың Нұхқа сөйлегені туралы бірнеше рет жазылған. Мысалы, осы тараудың 13-тармағында былай делінген: “[Құдай] Нұхқа үн қатып, былай деді: “Мен күллі тіршілік иелерінің өмір сүруін тоқтатамын. Жер беті солардың кесірінен зұлымдыққа толды”. Кейінгі жылдарда Нұх Құдайдың тапсырған ауқымды жұмысына кірісіп, кемені соғып бітірді. Бұдан соң “Жаратқан Ие Нұхқа былай деді: “Үй ішіңмен бірге кемеге кір!” (Жар. 6:13; 7:1). Сол сияқты басқа тармақтардан да Ехобаның Нұхқа белгілі бір нұсқаулар бергенін көруге болады (Жар. 8:15; 9:1, 8, 17).

Алайда Жаратылыс 6:3-те Нұхтың есімі аталмаған әрі Құдайдың оған сөйлеп жатқаны жайлы жазылмаған. Бұл сөздерімен Құдай жай ғана өз ниетін білдірген болса керек (Жаратылыс 8:21 салыстыр). Тағы бір ескерерлік жайт, Киелі кітапта Адам ата жаратылмас бұрын орын алған оқиғалар сипатталғанда, “Құдай... деп бұйырды” деген тіркес қолданылады (Жар. 1:6, 9, 14, 20, 24). Ол кезде адам баласы әлі жаратылмағандықтан, Ехобаның жердегі адамға сөйлемегені анық.

Сол себепті Жаратылыс 6:3-те Құдайдың жердегі зұлым адамзатты жоюды шешкені туралы жазылған деп тұжырымдау қисынды. Ехоба бұл үкімін 120 жылдан кейін жүзеге асырмақ еді, бірақ Нұх бұдан бейхабар болған. Алайда уақыт мерзімін орнату әрі оны күту не үшін қажет еді?

Елші Петір бұның себебін келесідей түсіндіреді: “Құдай Нұхтың заманында оларды кеме соғылғанша шыдамдылықпен күткен еді. Сол кезде кемеге кірген азғана адам, сегіз жан, топан судан аман қалды” (Пет. 1-х. 3:20 ЖД). Ехоба 120 жылға қатысты үкімін шығарғанда, жүзеге аспаған кейбір жайттар орын алу керек-тін. Шамамен 20 жылдан кейін Нұх әйелімен балалы болды (Жар. 5:32; 7:6). Үш ұлы есейіп, үйленді де, отбасы мүшелерінің саны “сегіз жанға” дейін жетті. Сонан соң олар кеме соғуға кірісті. Алайда бұл тез арада істей салатын жұмыс емес-тін, өйткені жұмыстың көлемі ауқымды, ал Нұхтың отбасы мүшелерінің саны аз еді. Құдайдың 120 жыл бойы шыдамдылық танытқаны осы жайттардың жүзеге асуына және сегіз адал адамға “топан судан аман қалып” әрі жердегі тіршіліктің сақталуына жол ашты.

Ехобаның Нұхқа Топан судың болатынын нақты қашан хабарлағаны жайлы Киелі кітапта ештеңе жазылмаған. Оның ұлдарының туылып, ер жетіп, үйленген кезден Топан суға дейін 40—50 жыл қалған болуы мүмкін. Сонан соң Ехоба Нұхқа: “Мен күллі тіршілік иелерінің өмір сүруін тоқтатамын”,— деп хабарлады. Сондай-ақ өте үлкен кемені соғуды және отбасымен бірге оның ішіне кіруді бұйырды (Жар. 6:13—18). Кейінгі бірнеше онжылдықта Нұх өз өмірімен әділдіктің үлгісін қалдыруымен қатар, “әділдікті уағыздаушы” болып қызмет етті. Ол Құдай заңдарын бұзатындардың жойылатынын баршаға жариялауға тиіс еді. Нұх бұл жайттың нақты қашан болатынын ұзақ уақыт бойы білмесе де, мұның міндетті түрде орын алатынын жақсы білген. Ал оның орын алғанына ешқайсысымыздың да күмәніміз жоқ (Пет. 2-х. 2:5).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу