Медицинадағы маңызды бағытты түсіндіретін фильм
Заңгерлер мен медицина мамандары емделушінің көзқарасы мен құқына көбірек көңіл қоюда. Бұл Ехоба Куәгерлері үшін де пайдалы болған жаңа емдеу шаралары мен әдістерінің дамуына түрткі болды (Ел. іс. 15:28, 29). Осыған “Қан құймай емдеу шаралары. Науқастың құқын бұзбай көмек беру” (ор.) деген бейнефильмде баса назар аударылады. Оны көріп шығып, білген нәрсеңді қайтала. Ескерту: ата-аналар балаларымен бейнетаспаны көрген кезде, абай болулары керек, өйткені онда бірнеше хирургиялық ота (операция) кадрлары бар.
1) Неліктен медицина қызметкерлері қан құюға қатысты мәселені қайта қарастыруда? 2) Қан құймай жасалған күрделі ота жасаудың үш мысалын айтып беріңдер. 3) Дүние жүзі бойынша қанша дәрігер мен хирург қан құймай емдеп жүр және неліктен? 4) Қан құюға байланысты соңғы клиникалық зерттеулер нені көрсетті? 5) Қан құю қай жағынан қауіпті? 6) Қан құймай емдеудің жолдары туралы көптеген мамандар қандай қорытындыға келді? 7) Анемия неден болады? Адам ағзасы гемоглобиннің қандай деңгейіне дейін шыдай алады? Оның деңгейін қалай көтеруге болады? 8) Емделушінің ағзасында қан өндіруді қалай ретке келтіруге болады? 9) Ота жасау барысында қансырауды қалай азайтуға болады? 10) Қан құймай емдеудің шараларын балаларды емдеу кезінде немесе төтенше жағдайларда қолдануға бола ма? 11) Сапалы емдеу барысындағы маңызды әдептілік принциптерінің бірі не? 12) Неліктен мәсіхшілерге қан құймай емдеу тәсілдерінің қайсысын қолданатынын алдын ала анықтап алу маңызды? Мұны қалай істей аламыз?
Бейнефильмдегі көрсетілген емдеу әдістерін қолдау-қолдамауға, Киелі кітап бойынша тәрбиеленген ар-ұжданына сәйкес әркім өзі шешім қабылдайды. Өзің үшін және балаларың үшін қандай қан құймай емдеу шараларын қолданатыныңды шештің бе? Сондай-ақ неліктен және қандай шешім қабылдағанымызды Ехоба Куәгері емес туыстарымыз да толықтай білулері керек. (2000 жылғы “Күзет мұнарасының” 15 маусымдағы санында (ор.) және 2001 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 ақпандағы санында жарияланған “Оқырмандардың сауалдарын”, сондай-ақ 2004 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 шілдедегі санының “Сыйға алған өміріңді дұрыс бағала” және “Тірі Құдайдың басшылығымен жүріңдер” деген мақалаларын қара.)