Хабарландырулар
◼ Қаңтарда “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” кітабы. “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабын да ұсынуға болады. Ақпанда қауымда бар 32 беттік кітапшалар. Наурызда “Жалпыға арналған кітап” кітапшасы мен қауымда бар кез келген 32 беттік кітапшалар. Сәуірде “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” кітабы. Қызығушылық білдірген, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға қайта барғанда, “Білім” кітабын ұсынуға тырысыңдар. Осы кітап бойынша Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар.
◼ Сәуір айында бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.
◼ Ақпан айынан бастап 5 наурыздан кешіктірмей, аудандық бақылаушы “Сен қазір және мәңгілік бейбіт өмірдің рақатын көре аласың!” деп аталатын жаңа баяндама айтады.
◼ Сәрсенбі, 12 сәуір күні, күн батқан соң Еске алу кешін атап өту үшін, қауымдар қажетті шаралар қолданулары керек. Баяндаманы ертерек бастауға болғанымен рәміздерді қолдан қолға беруді күн батпай бастамау керек. Аймақтарыңда қай уақытта күн бататынын жергілікті мекемелерден анықтап алыңдар. Әрбір қауымның Еске алу кешін бөлек өткізгендері жақсы, алайда бұл әрдайым мүмкін бола бермейді. Егерде бір Патшалық Сарайында бірнеше қауым жиналатын болса, бір немесе бірнеше қауым сол кешке өзге бір ғимаратты жалдағаны жөн. Келгендердің барлығы осы мерекенің толық пайдасын көру үшін, мүмкін болса, бағдарламалардың арасындағы үзіліс, кем дегенде, 40 минут болуына кеңес береміз. Сондай-ақ көліктердің жүруіне және көлікжайға қойылуына кедергі жасалмау жағын да қарастырған жөн. Мұны әсіресе адамдарды әкеліп-әкеткенде ескеру керек. Ақсақалдар кеңесі жергілікті жағдайда қандай шараларды қолданған дұрыс болатынын шешулері керек
◼ Егер саяхаттап басқа елге барғанда, сол елдегі қауым кездесулеріне, аудандық не облыстық конгреске қатысуды жоспарлайтын болсаңдар, олардың өтетін күні, уақыты және жері жөніндегі мәліметке қатысты тапсырыстарыңды сол жердегі қызметті қадағалайтын филиалға жіберіңдер. Филиалдардың мекен-жайын осы жылғы “Жылнаманың” (ор.) соңғы бетінен табуға болады.
◼ Қауым хатшысы “Патшалық Сарайларын соғу бағдарламасына қатысуға өтініш” (А-25) бланкін толтырған шомылдыру рәсімінен өткен барлық жариялаушылардың соңғы статусы туралы мәліметтің Аймақтық құрылыс комитетіне жіберілгеніне көз жеткізіп отыру керек. Қазақстанда Патшалық Сарайларын соғуға атсалысқысы келетін денсаулықтары жақсы бойдақ (мүмкін болса қызмет көмекшілері мен ақсақалдар) және ерлі-зайыпты бауырластар бұл өтінішті жыл сайын жазып тұрулары керек. Ерікті қызметшінің статусы өзгергенде, мысалы, ол басқа жаққа көшсе, болмаса қызмет көмекшісі немесе ақсақал болып тағайындалса, бірден жаңа бланк толтырылып, қайта қарастырылу керек. Ерікті қызметшінің мекен-жайы не телефон нөмірі өзгерсе немесе енді талапқа сай келмейтін болса, ақсақалдар бұл жайында Патшалық Сарайларын соғу бөліміне хат жазып, бірден хабарлаулары керек. Аудандық бақылаушы келгенде, толтырылған А-25 бланктерінің қауымда сақталған даналарын қарастырып шығу үшін оған беру керек. Қауымда бұл бланк болмаса, тапсырыс беріп, офистен алуға болады.