Медицинадағы маңызды бағытты түсіндіретін фильм
Заңгерлер мен медицина мамандары емделушінің көзқарасы мен құқына көбірек көңіл қоюда. Бұл Ехоба Куәгерлері үшін де пайдалы болған жаңа емдеу шаралары мен әдістерінің дамуына түрткі болды (Ел. іс. 15:28, 29). Осыған “Қан құймай емдеу шаралары. Науқастың құқын бұзбай көмек беру” (ор.) деген бейнефильмде баса назар аударылады. Оны көріп шығып, не нәрсе білгеніңді қарастыр. Ескерту: ата-аналар балаларымен бейнетаспаны көрген кезде абай болулары керек, өйткені онда бірнеше хирургиялық ота (операция) кадрлары бар.
(1) Неліктен медицина қызметкерлері қан құйдыруға қатысты мәселені қайта қарастыруда? (2) Қан құймай жасалған күрделі ота жасаудың үш мысалын айтып беріңдер. (3) Дүние жүзі бойынша қанша дәрігер мен хирургтар қан құймай емдеп жүр және неліктен? (4) Қан құйдыруға байланысты соңғы клиникалық зерттеулер нені көрсетті? (5) Қан құйдыру қай жағынан қауіпті? (6) Қан құйдырмай емдеудің жолдары туралы көптеген мамандар қандай қорытындыға келді? (7) Қаны аздық (анемия) неден болады? Адам ағзасы гемоглобиннің қандай деңгейіне дейін шыдай алады? Оның деңгейін қалай көтеруге болады? (8) Емделушінің ағзасында қан өндіруді қалай ретке келтіруге болады? (9) Ота жасау барысында қансырауды қалай азайтуға болады? (10) Қан құйдырмай емдеудің шараларын балаларды емдеуде немесе төтенше жағдайларда қолдануға бола ма? (11) Сапалы емдеуде маңызды әдептілік принциптерінің бірі не? (12) Неліктен мәсіхшілерге қан құйдырмай емдеу тәсілдерінің қайсысын қолданатынын алдын ала анықтап алу маңызды? Мұны қалай істей аламыз?
Бейнефильмдегі көрсетілген емдеу әдістерін қолдау-қолдамауға, Киелі кітапқа тәрбиеленген ар-ұжданына сәйкес, әркім жеке өзі шешім қабылдайды. Өзің үшін және балаларың үшін қандай қан құйдырмай емдеу шараларын қолданатыныңды шештің бе? Сондай-ақ неліктен және қандай шешім қабылдағанымызды Ехоба Куәгері емес туыстарымыз да толықтай білулері керек. (“Күзет мұнарасының” 2000 жылғы 15 маусымдағы нөмірінің (ор.) және 2001 жылғы 1 ақпандағы нөмірінің “Оқырмандардың сауалдарын” қара).