Киелі кітапты зерттеу сабағын нәтижелі өткіземіз. 12-бөлім
Жаңа жариялаушыға Киелі кітап зерттеу сабағын бастап, оны жүргізуге көмектесу
1 Біз дайындаған шәкірттер уағыздау қызметіне қатыса бастағанда, өз беттерінше Киелі кітап зерттеу сабағын бастап, оны жүргізуге жүрексінулері мүмкін. Қызметіміздің осы ажырамас бөлігіне қатысты олардың дұрыс көзқарас дамытуына қалай көмектесуге болады? (Мат. 24:14; 28:19, 20).
2 Шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болған адам Теократиялық қызмет мектебіне жазылып, біраз уақыт бойы оның пайдасын көріп жүрген болуы мүмкін. Ол тапсырмаларға дайындалып, сол тапсырмалармен шығу арқылы ‘ұятқа қалмайтын қызметкер — Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретушіге’ қажетті тәлім беру шеберлігін арттырады (Тім. 2-х. 2:15, сілтемені қараңдар).
3 Өзің үлгі көрсет. Иса шәкірттерін нақты басшылық беру арқылы әрі жақсы үлгі көрсету арқылы үйреткен. Ол: “Білімін жетілдірген әркім өз ұстазындай болады”,— деп айтқан (Лұқа 6:40). Исаға еліктеп, қызметте дұрыс үлгі көрсеткенің өте маңызды. Шәкірт қызметте көрсеткен үлгіңе қарай отырып, қайта барудың мақсаты Киелі кітап зерттеу сабағын бастау екенін түсінеді.
4 Киелі кітап зерттеуді ұсынғанда, әдетте оның не нәрсе екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп жатудың қажеті жоқ екенін түсіндір. Жиі ең дұрысы — зерттеуге арналған әдебиеттен бір не екі абзацты талқылау арқылы сабақтың қалай өтетінін көрсету. Осыған қатысты пайдалы кеңестерді “Біздің патшалық қызметіміздің” осы санының 8-бетінен және 2002 жылғы қаңтар айындағы (ор.) санының 6-бетінен табуға болады.
5 Орынды болса, Киелі кітап зерттеушіні басқа зерттеу сабағына алып бар немесе басқа тәжірибелі жариялаушымен баруды ұсын. Ол абзацқа немесе негізгі жазба орнына қатысты түсініктеме беруіне болады. Осылайша бақылау арқылы жаңа жариялаушы Киелі кітап зерттеу сабағын қалай нәтижелі өткізуге болатынын үйрене береді (Нақ. с. 27:17; Тім. 2-х. 2:2). Оны мақтап отыр және қалай жақсаруға болатынын талқыла.
6 Жаңа жариялаушыларды Құдай Сөзінің мұғалімі болуға үйрету арқылы “игі іске”, яғни өз беттерінше зерттеу сабағын бастап, оны жүргізу ісіне дайындаймыз (Тім. 2-х. 3:17). “Жаны сусаған әркім сыйлық ретінде шынайы өмірдің суын қабылдасын!”— деген сүйіспеншілікпен айтылған сөздерді олармен бірге жариялау қанағат сезіміне бөлейді (Аян 22:17).