Қызмет кездесулерінің кестесі
ЕСКЕРТУ. Қауымдар “Құдайға мойынсұну” деп аталатын облыстық конгреске барып келген соң, бір не екі айдан кейін жариялаушылар қызметке пайдалы деп тапқан конгрестегі ойларды қайталауға (мүмкін жергілікті қажеттіліктің орнына) қызмет кездесуінде 15—20 минут уақыт бөлінуі керек. Қызмет кездесуінің бұл ерекше бөлігінде конгресте білген нәрселерімізді қалай қолданып жүргенімізді және осының арқасында қызметіміздің сапасы қалай жақсарғанын айтып беретін мүмкіндік туады (2005 жылдың сәуір айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 2-бетін қара).
8 тамыздан басталатын апта
7-ән (51)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. Егер белгілі болса, 2006 қызмет жылындағы аудандық және арнайы бір күндік конгрестердің болатын күндерін жариялаушылардың естеріне сал.
10 мин. “Мәлімет қағаздарын қолданасыңдар ма?” Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Тыңдаушыларды мәлімет қағазын қолданудың қандай пайдасын көргендерін айтып беруге шақыр. Жариялаушы мәлімет қағазын қолданып, қызығушыны кездесуге шақыруды қысқаша көрсетеді.
25 мин. “Қазір уағыздайтын уақыт!”a. Ізашар болу үшін қандай шаралар қолданғандарын және қандай батаға ие болғандарын айтып беруді бір не екі жалпы ізашарға алдын ала тапсыр.
11-ән (85) және соңғы дұға.
15 тамыздан басталатын апта
17-ән (187)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Естеріңде ме? 2005 жылдың 15 сәуірдегі “Күзет мұнарасының” (ор.) 30-бетіндегі мәліметті тыңдаушылармен талқылау. Тыңдаушыларды әр сұраққа жауап беруге шақыр. Мәліметтің қандай пайдасы бар екенін көрсет. Бәрін де журналдағы әрбір сұрақты мұқият оқып шығуға шақыр.
20 мин. “Киелі кітап зерттеу сабағын есіктің алдында немесе телефон арқылы бастау”b. Қысқаша көрініс дайында. Алғаш барғанда “Құдай талап етеді” кітапшасының бір не екі абзацын қолданып, Киелі кітап зерттеу сабағын қалай бастауға болатынын көрсет. Телефон арқылы басталған зерттеу сабағы туралы бір не екі жігерлендірерлік оқиға айтып бер.
20-ән (93) және соңғы дұға.
22 тамыздан басталатын апта
4-ән (43)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. “Патшалық туралы уағыздау — керемет мүмкіндік”c. 4-абзацты талқылағанда, жастарына немесе денсаулықтарына байланысты, мүмкіндіктері шектеулі болып қалған жариялаушылардың 15 минут болса да есеп берулеріне қатысты қарастырылған арнайы шара туралы айтып өт (2002 жылдың қазан айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 8-бетіндегі 6-абзацты қараңдар).
25-ән (204) және соңғы дұға.
29 тамыздан басталатын апта
6-ән (45)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Тамыз айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. Егер жергілікті аймақ үшін қолайлы болса, 8-беттегі ұсынысты пайдаланып, 1 тамыздағы “Күзет мұнарасын” қалай ұсынуға болатынын көрсет. Журналды әдебиеттерімізді үнемі алып тұратын адамға қалай ұсынуға болатынын көрсет.
15 мин. “Сөзсіз куәлік ету”d. Алдын ала таңдалған жариялаушылардан Құдай халқының жақсы жүріс-тұрысы оларды Ехобаның қызметшілері болуға қалай талпындырғанын айтып беруді сұран.
20 мин. Адаммен алғаш сөйлескенде, Киелі кітапқа назар аудар. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Адаммен алғаш сөйлескенде, оның назарын Құдай Сөзіне аударуға қатысты басшылық алу үшін 2004 жылдың қыркүйек айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 4-бетіндегі 2-абзацқа шолу жаса. Тамызда тарататын әдебиетке осы ұсыныстардың бір-екеуін қалай бейімдеуге болатынын көрсет. Уақыт болса, 2005 жылдың қаңтар айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасындағы ұсыныстарды да талқылап, оларды қалай қолдануға болатынын көрсетуге болады.
4-ән (43) және соңғы дұға.
5 қыркүйектен басталатын апта
21-ән (191)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. “Киелі кітапты зерттеу сабағын нәтижелі өткіземіз. (12-бөлім)”e. Бір не екі жариялаушының Киелі кітап зерттеу сабағын бастап, оны жүргізуге қандай көмек алғандарын айтып берулеріне алдын ала қам жаса.
20 мин. Қарттарға көмек беру шараларын ұйымдастыру. 1993 жылдың 15 тамызындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 28, 29-беттеріндегі “Ұйымдастырудың маңыздылығы” деп аталатын тақырыпшаға негізделген ақсақалдың баяндамасы және тыңдаушылармен талқылау. Қауымдағы денсаулығы нашар және қарт бауырластарға көмек көрсету үшін қандай шаралар ұйымдастырылғаны туралы айтып өт.
19-ән (164) және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
e Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.