Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.05. 7—8 бет.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2005
Біздің патшалық қызметіміз. 2005
km 4.05. 7—8 бет.

Хабарландырулар

◼ Ұсынылатын әдебиеттер: сәуір және мамыр айларында “Күзет мұнарасы” журналы. Қайта барғанда қызығушылық білдіргендерге, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын ұсынуға баса көңіл аударыңдар. Әсіресе бұрындары “Білім” кітабын немесе “Құдай талап етеді” кітапшасын зерттегендермен Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар. Маусымда “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымы. Егерде баламыз жоқ десе, “Құдай талап етеді” кітапшасын ұсынып, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға күш салу керек. Шілдеде “Жерде мәңгі шаттық өмір кеш!” кітапшасы мен қауымда бар 32-беттік кез келген кітапшалар.

◼ 2005 жылдың 4 қаңтарында Алматы қаласы, Қалқаман ықшам ауданында Бетел ғимаратының соғыла бастағанын қуана-қуана хабарлаймыз. Сол себепті жақын арада ерікті қызметшілердің көмегі қажет болады. Осы құрылысқа қатысқысы келетіндердің барлығы “Қазақстандағы филиалдың соғылуына өз еркімен қатысу туралы өтінішті” толтырып, қауымның қызмет комитетіне берулері керек. Қызмет комитеті өтінішті Діни орталыққа жібереді.

◼ Сәуір айынан бастап 2005 жылғы облыстық конгреске арналған плакеткалар тиісті мөлшерде, яғни “Біздің патшалық қызметіміздің” санынан 40 пайызға артық саны қауымдарға тапсырыссыз-ақ жіберіледі. Егер қосымша тағы қажет болса, “Әдебиетке тапсырыс беру бланкісі” (S-14) арқылы тапсырыс беру керек. Сонымен қатар алғысы келетіндер үшін плакетка тұтқышқа тапсырыс беру қажет.

◼ Барлық төрағалық етуші бақылаушылар мен хатшылардың ең соңғы мекен-жайлары мен телефон нөмірлері филиалда болу керек. Өзгерістер болған жағдайда қауымның қызмет комитеті “Төрағалық етуші бақылаушының/хатшының өзгерген мекен-жайы” (S-29) бланкісін толтырып, қол қойып, филиалға жіберу керек. Поштаның индексінің өзгергені туралы да осылай хабарлау керек.

◼ Қауым хатшысында “Жалпы ізашар болуға өтініш” (S-205) және “Қосалқы ізашар болуға өтініш” (S-205b) бланкілері жеткілікті мөлшерде болу керек. Оларға “Әдебиетке тапсырыс беру бланкісі” (S-14) арқылы тапсырыс беруге болады. Кемінде бір жылға жететін бланкілер болсын. Жалпы ізашарларға арналған өтініш бланкілерін филиалға жіберер алдында қауым хатшысы олардың толық толтырылуын қадағалау керек.

◼ 2004 жылдың 12 желтоқсанында Ресей филиалында Қызметті жетілдіру мектебінің 23 сыныбын бітірушілерді шығарып салу болып өткендігі жөнінде де қуана хабарлаймыз. Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан барған үш бауырлас керемет тәлім алып қайтты. Олар білгендерін тиімді қолданып, қауымдағы жариялаушыларға жәрдем көрсетеді деп сенеміз.

◼ 2005 жылғы 11 сәуірден басталатын апта мен 16 мамырдан басталатын апта аралығында қауымның кітап зерттеу кездесуінде “Талқылауға арналған мақалалар” (br1-AZ) кітапшасын зерттейміз. Ал 23 мамырдан басталатын апта мен 20 маусымнан басталатын апта аралығында “Сергек болыңдар!” кітапшасы. 27 маусымнан басталатын апта мен 4 шілдеден басталатын апта аралығында “Талқылауға арналған мақалалар” кітапшасының қалған 2 мақаласы. 11 шілдеден басталатын апта мен 25 шілдеден басталатын апта аралығында 2003 жылғы 1 тамыздағы “Күзет мұнарасының” соңғы 3 мақаласы. 1 тамыздан басталатын апта мен 3 қазаннан басталатын апта аралығында “Құдайдың басшылығы Жұмаққа жол көрсетеді” (gu-AZ) кітапшасын зерттейміз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу