Арнайы конгрестің бағдарламасын қайталау
Бұл мақала 2005 қызмет жылына арналған бір күндік арнайы конгресс бағдарламасына алдын ала шолу жасау мен оны қайталау үшін қолданылады. Қайталаудың қалай өткізілетіні 4-беттегі “Конгрестер бағдарламасын қайталаудың жаңа тәртібі” мақаласында түсіндіріледі. Қайталау кезінде уақытты барлық сұрақтар қойылатындай етіп бөлу керек. Сонымен қатар конгресте айтылған мәліметтерді қалай қолдануымызға болатынына басты назар аударылу керек.
ТАҢЕРТЕҢГІЛІК БАҒДАРЛАМА
1. Неге Ехобаны тыңдаудың маңыздылығы арта түсуде? Ехобаны тыңдау деген нені білдіреді? (“Неліктен Ехобаның даусына құлақ асу керек?”)
2. Отбасылары рухани істерге байланысты жақсы ойластырылған бағдарламаны қалай ұстана алады? (“Құдай Сөзін алаңдамай тыңдайтын отбасылары”)
3. Ауданымыздағы жариялаушылар бейресми куәлік етудің мүмкіндігін қалт жібермей қалай қолдануда? (“Бәрін де Құдайды дәріптеу үшін істейік”)
4. Еврейлерге арналған хаттың 3, 4-тарауларындағы ескерту ретіндегі мысалдан қандай сабақтар алуымызға болады? Ехоба бізге бүгінде қалай сөйлеуде? (“Ехоба сөйлегенде құлақ асқанымыз — біз үшін қорғаныш”)
5. Шомылдыру рәсімінен өтетіндерге арналған баяндаманың саған қандай пайдасы болды? (“Бағышталу мен шомылдыру рәсімі”)
ТҮСТЕН КЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМА
6. Исаның жас кезі туралы не білеміз және оның үлгісіне ауданымыздағы жастар қалай еліктей алады? (“Құдай Сөзін мұқият тыңдағандары жастарымызды нығайтады”)
7. Ата-аналар балаларын Ехобаның жолымен тәрбиелеуді қалай бастауларына болады? (“Құдайды тыңдап, үйреніп жүрген балдырғандар”)
8. Қандай салаларда Ехобаны, оның Ұлы мен ‘адал да ақылды құлды’ тыңдауымыз қажет? (Мат. 24:45, ЖД). Бұлай еткеніміз неге аса маңызды? (“Құдайдың нұсқауларына ұдайы назар аударыңдар”)