Қызмет кездесулерінің кестесі
12 қаңтардан басталатын апта
28-ән (224)
10 мин.: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізу үшін қолданыңдар. Тыңдаушылармен талқылау. Барлығын кітап оқу кездесуіне жақсылап дайындалу, сондай-ақ өзгелермен сабақ өту арқылы осы кітаптың пайдасын көруге шақыр.
15 мин.: “Құдай даналығының теңдесі жоқ”a Егер уақыт жеткілікті болса, тыңдаушыларды келтірілген Жазба орындарына түсініктеме айтуға шақыр.
20 мин.: “Ойланғанда да, іс-әрекеттеріңде де принциптерді басшылыққа алыңдар”. Берілген сұрақтарды қой. Абзацтарды талқылау барысында Киелі кітаптағы принциптерді өміріміздің барлық саласында және қызметімізде қолданудың қаншалықты маңызды екендігіне ерекше көңіл бөл. Тыңдаушылардан Киелі кітаптың принциптерін қолданудың маңыздылығын көрсететін бірнеше оқиғаларды қысқаша айтып берулеріне өтініш жаса (w02 7.1. 13—15 бет, 7—12 абз.).
22-ән (130) және соңғы дұға.
19 қаңтардан басталатын апта
20-ән (93)
5 мин.: Жергілікті хабарландырулар.
10 мин.: Сауалдар жәшігі. Ақсақалдың баяндамасы.
15 мин.: Жергілікті қажеттіліктер.
15 мин.: “Бауырластардың Куәгер емес жұбайларына қалай көмектесе аламыз?”b Шындықты жұбайынан кейін қабылдаған бір не екі бауырластың Ехобаның қызметшісі болуларына не көмектескенін айтып берулері үшін алдын ала қам жаса.
13-ән (124) және соңғы дұға.
26 қаңтардан басталатын апта
7-ән (51)
5 мин.: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру. Қаңтар айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. 4-беттегі кеңесті қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 қаңтарындағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Журналды көршілерге қалай ұсынуға болатынына көңіл аудар.
22 мин.: “Біреу түсіндірмесе, қайдан түсінейін?” қызмет бақылаушысының баяндамасы. Сұрақ-жауап ретінде өткізіледі. Абзацтар дауыстап оқылсын, сондай-ақ 3, 4 және 7-абзацтардағы Жазба орындарын да оқуға болады. 6-абзацты талқылағанда, шомылдыру рәсімінен өткендермен Киелі кітапты зерттеу сабағын қайта бастауға болатын-болмайтынына байланысты қызмет бақылаушысының беретін көмегін түсіндір. (1998 жылғы қараша айындағы “Біздің Патшалық қызметіміздегі” “Сауалдар жәшігін” ор. қара).
18 мин.: Бауырластармен достық қарым-қатынасыңды нығайт (Нақ. с. 18:24; 27:9). “Күзет мұнарасының” 2000 жылғы 1 желтоқсандағы нөмірінің (ор.) 22, 23-беттеріне негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Шынайы ғибадаттың беретін баталарының бірі нағыз достар табуға мүмкіндік береді. Қауымдағы, уағыздау қызметіндегі, сондай-ақ өзге де жағдайлардағы достық қарым-қатынасымыз бізге үлкен жігер береді. Қалай біз қауымдағылармен достық қарым-қатынас дамыта аламыз? “Берік достыққа жеткізетін алты қадам” деген қоршауға шолу жаса және тыңдаушыларды бауырластармен қатынасқанда әрбір қадамды қалай қолдануға болатынын айтып беруге шақыр.
21-ән (191) және соңғы дұға.
2 ақпаннан басталатын апта
25-ән (204)
10 мин.: Жергілікті хабарландырулар. Ақпан айында ұсынылатын әдебиеттерді еске сал.
20 мин.: “Уақытты қалай пайдаланатындарыңа ерекше ден қойыңдар”c Тыңдаушыларды маңызды емес істердің рухани істерге кедергі жасауына жол бермеу үшін не істейтіндерін айтып беруге шақыр.
15 мин.: Пауылдың Мәсіхтен үлгі алғанындай, сендер де Пауылдан үлгі алыңдар (1 Қор. 11:1). Тыңдаушылармен талқылау. Иса сияқты Пауыл да мүмкіндікті пайдаланып, “кездейсоқ жолыққандармен де сөйлесіп жүрді” (Ел. іс. 17:17). Біздің учаскемізде осылай уағыздаудың қандай мүмкіндіктері бар? Біз дүкен аралауға шыққанда, жұмыс орнында не мектепте, я болмаса қоғамдық көлікте “жолыққандармен” сөйлесіп жүрміз бе? Үйде кімдермен сөйлесуге болар еді? Тыңдаушыларды күнделікті тұрмыста кездестіретін адамдарға куәлік еткенде болған оқиғаларын айтып беруге шақыр.
3-ән (32) және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.