Хабарландырулар
◼ Қаңтар айында қауымда бар кез келген 192 беттік кітаптарды ұсынуға болады. Ақпанда “Күзет мұнарасы” журналы ұсынылады. Наурыз айында “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” кітабы. Үй жағдайында Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыну керек. Сәуірде “Күзет мұнарасы” журналы ұсынылады. Қайта оралып барғанда қызығушылық білдірген адамдарға, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын ұсынуға баса көңіл аударыңдар. Әсіресе, бұрындары “Білім” кітабын немесе “Талап етеді” брошюрасын зерттегендермен Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар.
◼ Ақпан айынан бастап, 7 наурыздан кешіктірмей, аудандық бақылаушы “Сен кімнің кұндылықтарын бағалайсың?” деп аталатын жаңа баяндама айтады.
◼ Жексенбі, 4 сәуір күні, күн батқан соң Еске алу кешін атап өту үшін қауымдар қажетті шаралар қолдану керек. Баяндаманы ертерек бастауға болғанымен рәміздерді қолдан қолға беруді күн батпай бастамау керек. Аумақтарыңда қай уақытта күн бататынын жергілікті мекемелерден анықтап алыңдар. Сол күні уағыздауға арналған кездесуден басқа ешқандай кездесулер өтпейтін болғандықтан, “Күзет мұнарасын” талқылауды басқа уақытта өткізудің қамын жасау керек. Аудандық бақылаушылар жергілікті жағдайларға қарай сол аптадағы кездесулердің кестесін өзгертулері керек. Әрбір қауым Еске алу кешін бөлек өткізгендері жақсы, алайда бұл әрдайым мүмкін бола бермейді. Егерде бір Патшалық Сарайында бірнеше қауым жиналатын болса, бір немесе бірнеше қауым сол кешке өзге бір ғимаратты жалдай алатын болар. Келгендердің барлығы осы мерекенің толық пайдасын көру үшін мүмкін болған жағдайда бағдарламалардың арасындағы үзіліс кем дегенде 40 минут болуына кеңес береміз. Сондай-ақ көліктердің жүруіне және көлікжайға қойылуына кедергі жасамау жағын да қарастырған жөн. Мұны әсіресе келушілерді әкеліп, әкеткенде ескеру керек. Ақсақалдар кеңесі жергілікті жағдайда қандай шараларды қолданған дұрыс болатынын шешулері керек.
◼ 2004 жылдың 15 наурызынан басталатын аптадан бастап, 2005 жылдың 4 сәуірінен басталатын аптасына дейін қауымның кітап оқу кездесуінде “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабын талқылаймыз.