“Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізу үшін қолданыңдар
“Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер” кітабы шындыққа жаңа келген адамдардың рухани жетілуі үшін және Ехоба мен оның ұйымына деген ризашылықтарын тереңдетуге көмектесу үшін арналған. Оны Киелі кітапты зерттеуге арналған екінші кітап ретінде қолдануға болады. “Біздің Патшалық Қызметіміздің” осы санының 4-бетінде былай түсіндіріледі: “Егер адамның баяу болса да рухани өсіп жатқаны, сондай-ақ үйренген нәрселерін бағалайтыны көрініп тұрса, онда “Құдай талап етеді” брошюрасы мен “Білім” кітабын аяқтаған соң, онымен өзге кітаппен сабақ өтіңдер... Қалай болған күнде де, алдымен “Құдай талап етеді” брошюрасы мен “Білім” кітабын өту керек. Киелі кітапты зерттеп жүрген адам екінші кітапты аяқтамай жатып шомылдыру рәсімінен өткен болса да, қайта оралып бару мен уақытты жазып, зерттеу сабағы жөнінде есеп беру керек”.
Тағы кімдердің “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабы бойынша Киелі кітап зерттеу сабағын өтуіне болады? Сол мақалада әрі қарай былай айтылған: [“Құдай талап етеді” брошюрасы және] “Білім” кітабымен сабақ өтіп, бірақ Құдайға өзін бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтуге еш талпыныс жасамаған адамдарды білетін болсаңдар, өз тараптарыңнан ықылас білдіріп, Киелі кітапты зерттеу сабағын қайта өтуді ұсынуларыңа болады”. Басқалардың бізбен бірге жалғыз шынайы Құдайға қызмет етуіне көмектесу үшін “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын дұрыс қолданайық.