“Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабын қолданып Киелі кітап зерттеу сабақтарын жүргіземіз
1. “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабының мақсаты қандай?
1 “Бізді Құдай рухы жетелейді” деген облыстық конгресте “Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар” деп аталатын жаңа кітапты алғанымызға қандай қуанышты болдық! Конгресте айтылғандай, бұл басылым Киелі кітаптың негізгі ілімдерін үйрету үшін емес, Ехобаның жүріс-тұрысқа қатысты нормаларын білуіміз әрі оларды ұнатуымыз үшін шығарылған. Осы кітапты уағыздау қызметінде ұсынбаймыз.
2. Бұл басылым кімдермен зерттеу үшін шығарылған?
2 Зерттеушімен “Киелі кітап үйретеді” кітабын бітірген соң, әрі қарай зерттеу сабағын осы басылымды қолданып жүргіземіз. Адамдардың рухани өсуі бірдей болмайтынын естен шығарма. Сабақты өткізу уақыты мен қарқынын зерттеушінің қажеттілігіне қарай бейімде. Зерттеуші қарастырылып жатқан мәліметті жақсы түсінгеніне көз жеткізіп отыр. Бірнеше кітапты зерттеген, бірақ қауым кездесулеріне келмейтін және өмірін Киелі кітап шындығына сай келтіргісі келмейтін адаммен көп жағдайда бұл кітап бойынша зерттеу сабағын бастаудың қажеті жоқ.
3. Қазір “Құдайға ғибадат етіңдер” басылымымен зерттеу жүргізіп жатсақ, не істеуіміз керек?
3 Қазір “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабымен зерттеу жүргізіп, соңғы тарауларына келіп қалған болсаң, оны аяқтай салғаның жөн. Зерттеушіні “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабын өз бетінше оқып шығуға талпындыруыңа болады. Ал басқа жағдайдың бәрінде жаңа кітапқа ауысып, басынан бастап зерттеген дұрыс. “Киелі кітап үйретеді” басылымын зерттеген кездегідей, қосымшаны қарастыру-қарастырмауды өзің шешесің.
4. Зерттеуші “Киелі кітап үйретеді” және “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабын бітірмей жатып, шомылдыру рәсімінен өткен жағдайда не істеуіміз керек?
4 Зерттеуші екі кітапты бітірмей жатып шомылдыру рәсімінен өтсе, “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабын аяғына дейін зерттеу керек. Зерттеуші шомылдыру рәсімінен өткен болса да, сен уақытты, қайта баруды және зерттеу сабағын есебіңе жаза аласың. Өзіңмен бірге зерттеу сабағына барып, үлесін қосатын жариялаушы да уақытты жаза алады.
5. Біраз уақыттан бері уағыздамай жүрген жариялаушыға көмектесу үшін, “Құдайдың сүйіспеншілігі” басылымын қалай қолдануға болады?
5 Қауымның Қызмет комитетінің мүшесі сені уағыздамай жүрген жариялаушымен зерттеу сабағын өткізуге тағайындап, “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабының белгілі бір тарауларын қарастыруды сұрауы мүмкін. Мұндайда сабақтарды ұзақ уақытқа созудың қажеті жоқ. “Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмауға” көмектесетін осы кітап біз үшін нағыз сый болып табылады (Яһд. 21 ЖД).