Арнайы бір күндік конгрестің жаңа бағдарламасы
Ұзақ та қуанышты өмір кешу үшін жүрегімізді қалай жақсы күйде ұстауымызға болатынына байланысты мәліметтер бүгінгі таңда өте көп. Ал бейнелі жүрегімізді жақсы күйде ұстау одан да маңызды. Міне, сондықтан да, 2003 жылдың қыркүйек айынан басталатын “Ехобаға шын жүректен қызмет ету” деп аталатын арнайы бір күндік конгрестің бағдарламасы өте орынды болып табылады (1 Шеж. 28:9). Бұл бағдарламада қандай пайдалы ойлар болады?
Аудандық бақылаушы “Өзгелерге Ехобаға жан-тәнімен қызмет етуге көмектесу” деген тақырыпты талқылайды. Алынатын сұхбаттарда қызығушылық оятып, Ехобаға қызмет етуді қалайтындармен Киелі кітапты зерттеу сабағын жүргізудің нәтижесінде алатын қуаныш жайлы әңгімеленеді. Сондай-ақ қатысушылардың барлығы да арнайы шақырылған баяндамашының “Мазасыз дүниеде жүрегімізді қорғау” деп аталатын баяндамасынан өздеріне жұбаныш пен жігер алары сөзсіз. Таңертеңгі бөлім шомылдыру рәсіміне арналған баяндамамен аяқталады.
Түстен кейінгі “Қол ұшын беру” деп аталатын бөлімде өзгелерге қалай көмектесе алатынымыз қарастырылады. Ата-аналар қалай балаларының жүректерін жаман әсерлерден қорғап, Ехобаға жақындауларына көмектесе алады? “Балаларыңа Ехобамен бірге болудан қуаныш табуларына көмектесіңдер” деген бөлімде өмірде қолданарлық кеңестер беріліп, мұны қалай істеуге болатыны көрсетіледі.
Ехобаның бейнелі жүрегіміздің саулығын мықты етіп сақтау үшін қолданып отырған шараларының пайдасын көріп жүрміз бе? Шақырылған баяндамашының “Ехобаға қызметің шын жүректен шыға берсін” деген соңғы баяндамасы рухани күйімізді сақтаудың төрт саласына назар аударады. Дұғаның маңыздылығына, Құдай Сөзін зерттеуге, құлшыныспен уағыздау мен өзге мәсіхшілермен араласуға қанша уақыт бөліп, қанша күш жұмсаймыз? Осы салалардың қайсысын жақсартуымызға болады?
Ехоба: “Жүрегіңді тәрбиеге бұрып, құлағыңды білімге тос”,— деп шақыруда (Нақ. с. 23:12). Киелі кітаптың тәлімін беретін осы бір күндік бағдарламаға қатысуды қазірден жоспарла. Осылай еткенің Ехобаға шын жүректен және жан-тәніңмен қызмет ете беруде сені нығайтады.