Хабарландырулар
◼ Тамыз айында ұсынылатын әдебиеттер: төмендегі 32-беттік брошюралардың кез келгенін ұсынуға болады: “Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?”, “Жерде мәңгі шаттық өмір кеш!”, “Жұмақ орнататын үкімет”, “Өлген соң адаммен не болады?” Орынды болған жерде “Жалпыға арналған кітап” брошюрасын ұсынуға болады. Қыркүйек: “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” кітабы. Қазан: “Күзет мұнарасы” журналын ұсыну. Қызығушылық білдіргендерге “Құдай талап етеді” брошюрасын ұсынып, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар. Қараша: “Білім” кітабы немесе “Құдай талап етеді” брошюрасын ұсыну. Үй иелерінде бұл әдебиеттер болса, “Құдайға ғибадат етіңдер” (ор.) кітабын немесе кез келген бұрынғы әдебиеттерді ұсыныңдар.
◼ 2003 жылдың 1 қыркүйек айындағы санынан бастап қазақ тіліндегі “Күзет мұнарасындағы” Киелі кітапты зерттеуге арналған мақалалар ағылшын тіліндегі мақалалармен қатар шығатын болады.
◼ Төрағалық етуші бақылаушы немесе сол тағайындаған өзге бауырлас 1 қыркүйекте немесе одан кейін, мүмкіндігінше ертерек, қауымның қаржыға байланысты істерін тексеру керек. Оның нәтижесі жөнінде қауымда қаржы жөнінде есеп берілгеннен кейін хабарландыру жасалу керек.
◼ 2003 жылдың 31 тамызында немесе мүмкіндігінше осы күнге жақын уақытта қолда бар әдебиеттер мен журналдар түгенделуі қажет. Бұл әдебиетке жауапты жетекші бауырласымыздың ай сайынғы есепке алу жұмысындай, тек жалпы нәтижесі “Әдебиеттерді түгендеу” бланкісіне (S-18) енгізіледі. Қолда бар әдебиеттердің жалпы саны туралы әр қауымның әдебиетке жауапты қызметшісінен білуге болады. Түгендеу ісі жетекшілік етуші қауым хатшысының басшылығымен жүргізілу керек. Осы хатшы мен сол қауымның төрағалық етуші бақылаушысы бланкіге қол қояды. Әр жетекшілік етуші қауым “Әдебиеттерді түгендеу” (S-18) бланкісінің үш данасын алады. Бланкінің түпнұсқасын филиалға 6 қыркүйектен кешіктірмей жіберулеріңді өтінеміз. Бір көшірмесін өздеріңнің картотекаларыңа қалдырыңдар. Тағы бір көшірмесін өздеріңе жұмыс істеуге қалдыруларыңа болады.
◼ Қазақстанда өткен Еске алу кешіне байланысты есеп. 2003 жылы Еске алу кешіне қатысқандар саны 30 961. Рәміздерден дәм татқандар 3. Қауымдар саны 132.
◼ “Құдай өз халқын жарылқады” Қазақстанда 2003 жылдың сәуір айында қол жеткізген керемет нәтижелер үшін өте қуаныштымыз (Аян 2:19). Бұл айда уағыздау ісіне қатысқан жариялаушылардың ең жоғарғы саны 13 457, бұл өткен қызмет жылындағы жариялаушылардың орташа санынан 6 пайызға көп. Сәуір айында 1 153 жалпы ізашарлармен бірге 1 458 қосалқы ізашар қызмет етті. Бұдан Құдайдың халқы шынында да Ехобаның “шайқас күніне” дайын екені көрінді (Заб. 109:3, ПА). Сондай-ақ Киелі кітапты зерттеу сабағының жаңа ең жоғарғы саны 12 771 болып, өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда 10 пайызға жоғары болды. Бұл әрі қарай да өсімнің болатынына керемет мүмкіндіктер бар екенін көрсетеді. Ехоба өз халқының құлшыныспен атқарған қызметін молынан жарылқады (2 Шеж. 31:10).
◼ 2003 жылдың 17 мамырында, сенбі күні, Солнечное ауылындағы ресейлік филиалдың жаңа ғимараттарын бағыштау мерекесі болып өткенін хабарлап отырғанымызға қуаныштымыз. Мереке бағдарламасына Ехобаға көп жылдан бері адал қызмет еткендер және осы маңызды арнайы оқиғаға шақырылған 978 бауырлас қатысты. Басқарушы кеңестің мүшесі Дейвид Сплейн бауырлас “Мен осы үйді ұлылыққа кенелтем” деп аталатын бағышталуға арналған баяндама айтты. 18 мамыр, жексенбі күні Санкт-Петербургтегі С. М. Киров атындағы спорт алаңында арнайы кездесу өтті. Бағдарламаны, сондай-ақ бауырласымыз Сплейннің “Саулдың қару-жарағын асынудың қажеті бар ма?” деп аталатын баяндамасын тыңдауға 9 817 адам жиналды.
◼ 2003 жылдың 1 маусымында, жексенбі күні, Санкт-Петербургте Қызметті жетілдіру мектебінің 18-сыныбын бітірушілерді шығарып салу болып өткендігі жөнінде хабарлап отырғанымызға қуаныштымыз. Оған 299 бауырласымыз қатысты. 24 студент мектептен тәлім алып, қазір алған білімдерін қолдануға дайын. 6 бауырласымыз арнайы ізашар ретінде тағайындалып, қалғандары өз қауымдарына оралды. Мектепті бітірушілерге қызметтерінде Ехобаның баталарын тілейміз (Нақыл сөздер 10:22).